Шын мәнінде осы дүниелік өмір Біз аспаннан түсірген бір су секілді. Онымен адамдар мен малдар жейтін, жерден шығатын өсімдіктер араласа өсіп , жер жүзі түрленіп құлпырған кезде әрі оның тұрғындары оған өнімге қолдары жетті деп ойлаған кезде, Біздің әміріміз түнде не күндіз келіп, оны кеше мүлдем көркеймеген тәрізді, орылғандай еттік. Біз, ойланатын адамдарға аяттарды осылай анық етіп түсіндіреміз
🌐 Additional reference in Русский
🌐 Русский
Ведь жизнь ближняя подобна той воде, Что Мы низводим с неба: Смешавшись (с почвою), Она взрастит растения земные Для пропитания людей и всякого зверья. Когда ж земля зальется блеском И облачится в дивные наряды И обитатели ее сочтут, Что лишь они распоряжаться могут ею, Какой-то ночью или днем Придет к ней Наше повеленье, И Мы пожатой сделаем ее, Как будто бы еще вчера Она не процветала вовсе. Так Мы знамения толкуем тем, В ком (есть желанье) поразмыслить.
تَغْنَ — мекендеді, өмір сүрді (бұл жерде "бұрын болмағандай" деген мағынада).
نُفَصِّلُ — түсіндіреміз, ашып береміз.
Аяттың тәпсірі:
Шындығында, дүние өмірінің мысалы — аспаннан түсірген жаңбырға ұқсайды. Сол жаңбырдың әсерінен жер бетіндегі өсімдіктер өсіп, бір-бірімен араласып кетеді. Олардың бір бөлігі адамдар жейтін дәнді дақылдар мен жемістер, енді бір бөлігі мал жайылатын шөптер. Жер беті өзінің барлық сәні мен көркін алып, әсемдене бастайды. Жер иелері оны жинап алуға толық қабілеттімін деп ойлайды. Дәл осы сәтте біздің әміріміз — құдыретті шешіміміз түнде немесе күндіз келіп, оны орылған егін тәрізді етіп қояды. Түнеуге дейін мүлде болмағандай. Міне, дүние өмірі де осылай: адамдар мақтанып, тәкаппарланған байлық пен сән-салтанат бір сәтте жоқ болады. Осылайша, ойланып, ғибрат алатын адамдар үшін аяттарымызды ашып түсіндіреміз.
Аяттан алынатын пайдалы ғибраттар:
Дүние өмірінің барлық сән-салтанаты мен байлығы уақытша екенін ұғыну — адамды ақылға шақырады.
Адам баласы өзіне берілген нығметтерге масаттанып, олар мәңгі қалады деп ойламауы керек.
Алланың әмірі кенеттен келеді, сондықтан әрдайым дайын болу — имандылықтың белгісі.
Дүниенің өтпелі екенін түсінген адам ақыретке қамданып, жақсылық жасауға ұмтылады.
Бұл аят ойланатын, ғибрат алатын жандарға арналған, сондықтан Құранды оқып, ой жүгірту — үлкен сауап.
Шын мәнінде осы дүниелік өмір Біз аспаннан түсірген бір су секілді. Онымен адамдар мен малдар жейтін, жерден шығатын өсімдіктер араласа өсіп , жер жүзі түрленіп құлпырған кезде әрі оның тұрғындары оған өнімге қолдары жетті деп ойлаған кезде, Біздің әміріміз түнде не күндіз келіп, оны кеше мүлдем көркеймеген тәрізді, орылғандай еттік. Біз, ойланатын адамдарға аяттарды осылай анық етіп түсіндіреміз
Ол Аллаһ сондай, сендерді құрылықтажәне теңізде жүргізеді. Сендер кемеде болғандарыңда әрі ол кеме бір жайлы желдің көмегімен оларды алып жүзгенде олар бұған қуанады. Оған бір дауылды жел соғып әрі әр тараптан толқындар келіп, олар өздерін қоршауда қалып, құрыдық деп ойлаған сәтте дінін құлшылықтарын тек Оған cepiк қосу, риядан тазартқан күйде: «Егер осыдан бізді құтқарсаң, шүкір етушілерден берген игіліктеріңе алғыс білдірушілерден боламыз», деп Аллаһқа дұға етеді Одан тілеп, жалбарынады
Ал, Ол Аллаһ оларды құтқарған кезде, олар жер бетінде олай етуге құқығы болмаса да әділетсіздік істейді. Ей, адамдар! Шын мәнінде, сендердің әділетсіздіктерің өздеріңе қайтады. Ол істеген әділетсіздіктерің осы өмірдің пайда, рахаты үшін ғана. Содан кейін, қайтуларың Бізге. Сонда сендерге не істегендеріңнің хабарын береміз
Шын мәнінде осы дүниелік өмір Біз аспаннан түсірген бір су секілді. Онымен адамдар мен малдар жейтін, жерден шығатын өсімдіктер араласа өсіп , жер жүзі түрленіп құлпырған кезде әрі оның тұрғындары оған өнімге қолдары жетті деп ойлаған кезде, Біздің әміріміз түнде не күндіз келіп, оны кеше мүлдем көркеймеген тәрізді, орылғандай еттік. Біз, ойланатын адамдарға аяттарды осылай анық етіп түсіндіреміз
Жақсылықты ықыласпен істегендерге ең жақсысы Жәннат дайындалған және оған артығы қосылады. Олардың беттерінде шаң да, қорлық та болмайды. Міне, солар Жәннаттықтар. Олар ол жерде мәңгі қалушылар
SurahQuran.com was founded as a humble effort to serve the Noble Book and the pure Sunnah, to invite people to Allah, and to make the religious sciences accessible according to the methodology of the Quran and Sunnah. We praise and thank Allah for His grace, and we ask Him to accept our work and make it sincere for His noble Face.