Wa laqad sadaqakumul laahu wa`dahooo iz tahussoo nahum bi iznihee hattaaa izaa fashiltim wa tanaaza`tum fil amri wa `asaitum mim ba`di maaa araakum maa tuhibboon; minkum mai yureedud dunyaa wa minkum mai yureedul Aakhirah; summa sarafakum `anhum sarafakum `anhum liyabtaliyakum wa laqad `afaa `ankum; wallaahu zoo fadlin `alal mu`mineen
📖 Аударма (Қазақ тілінде)
📖 Қазақ тілінде
Ақиқатында, Аллаһтың рұқсатымен сендер оларды қырып жатқан кездеріңде, Аллаһ сендерге берген уәдесін шындыққа шығарды. Ал, Аллаһ өздеріңе ұнататын нәрселеріңді көрсеткеннен кейін осалдық таныттыңдар және берілген бұйрық жөнінде тартысып, бағынбай кеттіңдер. Сендердің іштеріңде осы өмірді қалайтындар бар әрі сендердің іштеріңде соңғы мәңгілік өмірді ақиретті қалайтындар бар. Содан кейін Ол сендерді сынау үшін олардан кері бұрды. Әрі Ол сендерді кешірді. Аллаһ имандыларға мүміндерге кеңшілік Иесі
🌐 Additional reference in Русский
🌐 Русский
Поистине, Аллах сдержал пред вами обещание Свое, Когда с Его соизволенья Своих врагов почти сразили вы; Потом же робость охватила вас, И стали вы приказу прекословить, И отказались выполнить его После того, как волею Его Вашим глазам предстало то, чего вы так желали. Одни из вас желали благ в сей жизни, Другие ж уповали на вторую. Тогда Он от врага (с постов) отвел вас, Чтоб испытать (на преданность пророку); И все ж простил Он вас за это, - Ведь милостив Аллах к таким, кто верует (в Него).
Аллаһ Тағала мүміндерге Ухуд шайқасында берген уәдесін шынымен орындады. Бастапқы кезеңде сендер Аллаһтың рұқсатымен жауларыңды қатты соққыға жығып, жеңіске жетіп, қалағандарыңа қол жеткіздіңдер. Бірақ кейін әлсіздік танытып, бұйрыққа қатысты келіспеушілікке түсіп, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұйрығына қарсы келдіңдер. Осыдан кейін Аллаһ сендерді сынау үшін жеңіліске ұшыратып, жауларыңнан беттеріңді қайтарды. Араларыңда дүниелік пайданы, яғни олжаны көздегендер де, ақыреттің сауабын қалағандар да болды. Алайда Аллаһ сендерді толық жойып жібермей, кешірім жасады. Шынында, Аллаһ мүміндерге үлкен игілік иесі.
Аяттан алынатын пайдалар:
Аллаһтың уәдесі әрқашан шындық, ол міндетті түрде орындалады.
Жеңіс Аллаһтың рұқсатымен және Оның бұйрықтарын орындау арқылы келеді.
Бұйрыққа қарсы келу мен ішкі келіспеушілік жеңіліске әкеледі.
Мүміндердің ниеттері әртүрлі болуы мүмкін: кейбіреуі дүниеге, кейбіреуі ақыретке ұмтылады.
Қиындықтар мен жеңілістер — Аллаһтың сынағы, ол арқылы шынайы мүміндер анықталады.
Аллаһ кешірімді және мүміндерге деген игілігі мол, тәубе еткендерді кешіреді.
Бұл аят мүміндерді Аллаһтың бұйрықтарына берік болуға, бірлікте болуға және дүниеге артық берілмеуге шақырады.
Ақиқатында, Аллаһтың рұқсатымен сендер оларды қырып жатқан кездеріңде, Аллаһ сендерге берген уәдесін шындыққа шығарды. Ал, Аллаһ өздеріңе ұнататын нәрселеріңді көрсеткеннен кейін осалдық таныттыңдар және берілген бұйрық жөнінде тартысып, бағынбай кеттіңдер. Сендердің іштеріңде осы өмірді қалайтындар бар әрі сендердің іштеріңде соңғы мәңгілік өмірді ақиретті қалайтындар бар. Содан кейін Ол сендерді сынау үшін олардан кері бұрды. Әрі Ол сендерді кешірді. Аллаһ имандыларға мүміндерге кеңшілік Иесі
Аллаһқа серік етіп, Ол ешбір дәлел түсірмеген нәрсені таңғандықтары үшін күпірлік еткендердің Аллаһқа серік қосушылардың! жүректеріне үрей саламыз. Әрі олардың баспанасы От тозақ . Әділетсіздердің тұрағы неткен жаман
Ақиқатында, Аллаһтың рұқсатымен сендер оларды қырып жатқан кездеріңде, Аллаһ сендерге берген уәдесін шындыққа шығарды. Ал, Аллаһ өздеріңе ұнататын нәрселеріңді көрсеткеннен кейін осалдық таныттыңдар және берілген бұйрық жөнінде тартысып, бағынбай кеттіңдер. Сендердің іштеріңде осы өмірді қалайтындар бар әрі сендердің іштеріңде соңғы мәңгілік өмірді ақиретті қалайтындар бар. Содан кейін Ол сендерді сынау үшін олардан кері бұрды. Әрі Ол сендерді кешірді. Аллаһ имандыларға мүміндерге кеңшілік Иесі
Сол кезде Елші арттарыңнан сендерді шақырса да ешкімге қайырылмай, жоғарыға қаша жөнелдіңдер. Сонда Ол Аллаһ жіберіп алғандарыңа және бастарыңа түскенге күйінбеулерің үшін қайғы үстіне қайғыны қайтарым ретінде берді. Аллаһ не істеп жатқандарыңнан Хабардар
Кейін, қайғыдан соң, Ол сендерге бір бөлігіңді баурап алған тыныштықты қалғу жеңіл ұйқы түрінде түсірді. Ал, басқа бір топ Аллаһ туралы, надандық дәуіріндегідей шындыққа сай келмейтін ой ойлап: «Осы істен бізге бір нәрсе бар ма?» деп өздері жайлы уайымда болды. Ей, Мұхаммед! Айт: «Ақиқатында барлық іс Аллаһтың еркінде», деп. Олар саған әшкере етпейтіндерін іштерінде жасырады да: «Осы істен бізге бір нәрсе болғанда, осы жерде өлтірілмес едік», дейді. Айт: «Сендер үйлерінде болсаңдар да өлтірілуі тағдырында жазылғандар, өздері жер құшатын орынға барар еді. Бұл Аллаһтың сендердің көкіректеріңдегіні сынауы үшін әрі жүректеріңдегіні тазартуы үшін. Аллаһ көкіректердегіні жүректердегіні жақсы Білуші
SurahQuran.com was founded as a humble effort to serve the Noble Book and the pure Sunnah, to invite people to Allah, and to make the religious sciences accessible according to the methodology of the Quran and Sunnah. We praise and thank Allah for His grace, and we ask Him to accept our work and make it sincere for His noble Face.