Ей, иманға келгендер! «Аллаһтыңжолына шығындар» делінгенде, сендер неге жерге жабысып қалдыңдар? Сендер соңғы мәңгілік өмірден ақиреттен гөрі осы өткінші жақын өмірді қанағат тұтасыңдар ма? Негізінде, осы жақын өмірдегі пайдалар мен рахаттар, соңғы, мәңгілік өмірдегімен ақиреттегімен салыстырғанда болмашы ғана
🌐 Additional reference in Русский
🌐 Русский
О вы, кто верует! Что ж вы, когда вам говорят: "За дело Господа в поход идите!", К земле с тяжелым (сердцем) льнете? Ужель утехам ближней жизни Вы отдаете предпочтенье Перед блаженной вечностью второго бытия! Утехи ближней жизни так ничтожны В сравнении с усладою второго бытия.
Уа, иман келтіргендер! Сендерге не болды? Алла жолында соғысқа шығыңдар деп айтылғанда, жерге жабысып, орныңда қалдыңдар? Осы дүние өмірінің өтпелі рахатына ақыреттегі мәңгілік нығметтен артық көрдіңдер ме? Шынында, дүние өмірінің игілігі ақыретпен салыстырғанда өте аз ғана.
Бұл аят Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Таифтен оралғаннан кейін Румға қарсы Табук жорығына шығуды бұйырған кезде түсті. Сол кезде адамдарға жорыққа шығу ауыр тиіп, олар босаңсып, үйлерінде қалуға бейімделді. Сонда Алла Тағала оларға бұл аятты түсіріп, жиһадқа шақырылғанда неге ауырсынатындарын сұрады. Ол олардың дүние өмірінің өтпелі ләззаттарына разы болып, ақыреттегі мәңгілік нығметті ұмытып кеткендерін ескертті. Шынында, дүние өмірінің барлық рахаты ақыреттегі нығметтермен салыстырғанда өте мардымсыз, тез өтетін нәрсе ғана. Ақыл иесіне өтпелі мен мәңгіліктің, аз бен көптің арасында таңдау жасау қиын емес.
Аяттан алынатын пайдалар:
Иманды адам Алланың әмірлеріне тез жауап беруі керек, әсіресе жиһад сияқты ауыр міндеттерге босаңсуға болмайды.
Дүние өмірінің рахаттары уақытша және өтпелі, ал ақыреттегі нығметтер мәңгілік және әлдеқайда артық.
Ақылды адам өтпелі дүниені мәңгілік ақыретке айырбастамайды.
Алла жолындағы күреске шақырылғанда, жалқаулық пен босаңсу иман әлсіздігінің белгісі.
Бұл аят мұсылмандарды ынталандырып, оларды Алла жолындағы істерге белсенді қатысуға шақырады.
Дүние мен ақыретті салыстыру арқылы адам өзінің басымдықтарын дұрыс белгілеуі керек екенін үйретеді.
Ислам діні адамды тек дүние үшін емес, ақырет үшін де еңбек етуге бағыттайды.
Ей, иманға келгендер! «Аллаһтыңжолына шығындар» делінгенде, сендер неге жерге жабысып қалдыңдар? Сендер соңғы мәңгілік өмірден ақиреттен гөрі осы өткінші жақын өмірді қанағат тұтасыңдар ма? Негізінде, осы жақын өмірдегі пайдалар мен рахаттар, соңғы, мәңгілік өмірдегімен ақиреттегімен салыстырғанда болмашы ғана
Ақиқатында, айлардың саны Аллаһта он екі. Аллаһтың кітабында, Ол аспандар мен жерді жаратқан күні белгілеген . Олардың төртеуі тыйым салынған айлар . Міне, осы тұп-тура дін. Осы айларда өздеріңе әділетсіздік істемеңдер. Мүшріктер сендермен жаппай соғысатыны секілді, сендер де олармен бәрің соғысыңдар. Әрі Аллаһтың тақуалармен Өзіне бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушылармен бірге екенін біліңдер
Шын мәнінде, айларды кейінгежылжыту күпірлік етуді Аллаһқа қарсыкелуді арттыра түседі. Күпірлік етушілер имансыздар осы арқылы адастырылады. Аллаһ тыйым салған айлардың санын сәйкестендіру үшін, олар оны кез келген айды бір жылы халал рұқсат етілген етіп, бір жылы харам тыйым салынған етеді. Сөйтіп Аллаһтың харам еткенін халал етеді. Оларға істерінің жамандығы әдемі етіпкөрсетілді. Ал, Аллаһ кәпірлерді тура жолмен жүргізбейді
Ей, иманға келгендер! «Аллаһтыңжолына шығындар» делінгенде, сендер неге жерге жабысып қалдыңдар? Сендер соңғы мәңгілік өмірден ақиреттен гөрі осы өткінші жақын өмірді қанағат тұтасыңдар ма? Негізінде, осы жақын өмірдегі пайдалар мен рахаттар, соңғы, мәңгілік өмірдегімен ақиреттегімен салыстырғанда болмашы ғана
Егер сендер шықпасаңдар, Ол сендерді күйзелтуші азаппен азаптайды және сендерді басқа елмен алмастырады әрі сендер Оған ешқандай зиян жеткізе алмайсыңдар. Аллаһ барлық нәрсені Жасай алушы
Егер сендер оған Елшіге көмектеспесеңдер, онда біліңдер, күпірлік етушілер Аллаһтың бірлігін мойындамайтындар оны екеудің екіншісі етіпМеккеден шығарған кезде, оған Аллаһ көмектескен еді. Екеуі үңгірде болған кезде, ол жолдасына Әбу Бәкірге : «Қайғырма, ақиқатында, Аллаһ бізбен бірге»,- деп айтты. Сонда оның үстінен Аллаһ сакинасын тыныштық түсірді және оны сендер көрмеген әскермен періштелермен қолдады. Әрі күпірлік етушілердің Аллаһқа қарсы келгендердің сөзін ең төменгі етті. Ал, Аллаһтың сөзі, ол — бәрінен де жоғары. Аллаһ бәрінен Үстем, аса Дана
SurahQuran.com was founded as a humble effort to serve the Noble Book and the pure Sunnah, to invite people to Allah, and to make the religious sciences accessible according to the methodology of the Quran and Sunnah. We praise and thank Allah for His grace, and we ask Him to accept our work and make it sincere for His noble Face.