Сүресі Сад
PDF —
Built right in your browser — download starts automatically
Сүресі Сад pdf — Жүктеу (Қазақша)
Сүресі Сад pdf Қазақша — Жүктеу Сүресі Сад Аударма. Сад (Meccan) 88 Аят.
Related
- Сад АудармаҚазақша
- Сад mp3Тыңда
- Quran Index Қазақша114
More Сүресі PDF
Сүресі Сад

ﭑﭒﭓﭔﭕﭖ
Сад. Еске салуды қамтыған Құранмен ант етемін
ﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝ
Ал, сондай күпірлік етушілер бас тартушылар тәкаппарлық пен қарсылықта
ﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦﭧﭨ
Біз олардан бұрын қаншама ұрпақтарды жойдық. Сонда олар жалбарынды, бірақ құтылуға кеш болған еді
ﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳﭴ
Әрі олар ескертушінің өз араларынан келгеніне таң қалды және кәпірлер: «Бұл сиқыршы, өтірікші
ﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼﭽﭾ
Ол құдайларды бір ғана құдай етті ме? Шынында, бұл таң қаларлық нәрсе екен!» деді
ﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌ
Олардың араларындағы беделділері шығып бара жатып: «Жүре беріңдер және құдайларыңа сабыр етіңдер. Негізінде, бұл арнайы істелген нәрсе
ﮍﮎﮏﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖﮗ
Біз соңғы дінде мұндай туралы естімедік. Бұл ойдан шығарылған өтіріктен басқа нәрсе емес
ﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢﮣﮤﮥﮦﮧﮨﮩ
Ескерту біздердің ішімізден осыған түсірілді ме?» деді. Жоқ, олай емес! Олар Менің Ескертуімнен Құраннан күмәндануда. Иә, солай! Олар әлі азапты татпады
ﮪﮫﮬﮭﮮﮯﮰﮱ
Ей, Мұхаммед!! әлде оларда әл-’Азиз бәрінен Үстем , әл-Уаһһаб сый Беруші Раббыңның мейірімінің қазыналары бар ма
ﯓﯔﯕﯖﯗﯘﯙﯚﯛﯜﯝﯞ
Әлде аспандардың және жердің әрі ол екеуінің арасындағылардың билігі соларда ма? Олай болса қолынан келсе олар жолын тауып аспанға көтерілсін
ﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥ
Қай әскері болмасын, алдыңғы топтар сияқты жеңіліске ұшырайды
ﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮ
Бұлардан бұрын Нұхтың елі, Ад елі және қазықтардың үлкен әскердің иесі Фиръаун да елшілерді өтірікке шығарды
ﯯﯰﯱﯲﯳﯴﯵﯶﯷ
Әрі сәмұдтықтар да, Лұттың елі және Әйке тұрғындары да. Міне, осылар ұқсас топтар
ﯸﯹﯺﯻﯼﯽﯾﯿ
Елшілерді өтірікшіге шығарғандары үшін олардың әрқайсысына Менің жазам тиісті болды
ﰀﰁﰂﰃﰄﰅﰆﰇﰈﰉﰊ
Олар одан кейін қайта оралу болмайтын, бір ғана сайхадан басқаны күтпейді
ﰋﰌﰍﰎﰏﰐﰑﰒﰓ
Әрі олар: «Ей, Раббымыз! Бізге тиісті үлесімізді азабымызды Есеп күнінен бұрын бізге тездет», дейді келеке етіп
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝ
Ей, Мұхаммед Олардың айтқандарына сабыр етіп, қуатты құлымыз Дәуітті еске ал. Ол әрдайым Оған қайтушы еді
ﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥ
Ақиқатында, Біз тауларды кешке және таңертең онымен Дәуітпен бірге Раббыңды барлық кемшіліктен пәк деп ұлықтайтын етіп бағындырдық
ﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬ
Әрі топталған түрде құстарды да. Барлығы да Оған Аллаһқа бойсұнушы
ﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳ
Біз оның патшалығын қуаттап бекіттік әрі оған даналық пен тура шешімді сөз бердік
ﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼ
Ей, Мұхаммед! Саған дауласқандардың хабары келді ме? Сонда олар михрабқа құлшылық ететін орынға дуалдан асып келген еді
ﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖ
Олар Дәуіттің алдына кірген кезде, ол олардан қорқып қалды. Олар: «Қорықпа! Біз бір-бірімізге әділетсіздік еткен екі тартысушымыз. Біздің арамызға ақиқатпен үкім шығар да әділетсіздік етпе. Әрі бізге дұрыс жолды көрсет
ﮗﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢﮣﮤﮥﮦ
Бұл менің бауырым. Оның тоқсан тоғыз саулық қойы бар, ал менің бір ғана саулығым бар. Ол: «Оны менің қарамағыма бер»,- деп, сөзбен менен үстем түсті», деді
ﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕﯖﯗﯘﯙﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫ
Ол: «Ол сенің саулығыңды өз саулықтарына қосып алу үшін сұрап, саған әділетсіздік еткен екен. Негізінде, жақын араласушылардың көпшілігі бір-біріне әділетсіздік етеді. Тек иманға келген және ізгі амал жасағандар ғана ондай емес. Ал, олар аз», деді. Сонда, Дәуіт Біздің оны сынағанымызды анық түсінді де Раббысынан кешірім тіледі және иіліп сәждеге жығылды әрі Раббысына бойсұна жүгінді тәубе етті
ﯬﯭﯮﯯﯰﯱﯲﯳﯴﯵﯶ
Біз оған мұны кешірдік. Ақиқатында ол үшін Біздің алдымызда жақындатылу және қайтар орынның көркемі бар
ﯷﯸﯹﯺﯻﯼﯽﯾﯿﰀﰁﰂﰃﰄﰅﰆﰇﰈﰉﰊﰋﰌﰍﰎﰏﰐﰑﰒﰓﰔﰕﰖ
Ей, Дәуіт! Ақиқатында, Біз сені жер бетінде халифа еттік. Адамдардың арасында ақиқатпен шешім шығар да көңілқұмарлығына еруші болма. Онда ол еру сені Аллаһтың жолынан адастырады ауытқытып, шығарады . Ақиқатында, Есеп күнін ұмытқаны үшін Аллаһтың жолынан адасқандарға қатты азап бар
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢﭣ
Біз аспандар мен жерді және екеуінің арасындағыларды бостан-босқа жаратпадық. Бұл сондай күпірлік етушілердің Аллаһқа қарсы келушілердің жорамалы. Ендеше, сондай күпірлік етушілерге иманға келмегендерге Оттан үлкен қасірет бар
ﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱ
Біз иманға келген және ізгі амал істегендерді жер бетінде бұзу-бүлдірушілік істейтіндермен тең етеміз бе? Әлде тақуаларды Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушыларды күнәһарлармен бірдей етеміз бе
ﭲﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻ
Ей, Мұхаммед! Біз саған түсірген Кітап берекелі. Адамдар оның аяттарына зейін қойып зерделеулері үшін әрі ақыл иелері еске алуы үшін түсірдік
ﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄ
Біз Дәуітке Сүлейменді тарту еттік. Сүлеймен қандай жақсы құл! Ол әрқашан Оған қайтушы
ﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋ
Бірде оған кешке қарай, ойнақтаған тұяғымен жер тарпыған жүйрік сәйгүліктер көрсетілді
ﮌﮍﮎﮏﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖﮗ
Сонда ол: «Мен Раббымды еске алудан гөрі ол күн тосық артына жасырынғанша күн батқанша , жақсы нәрселерге құштар болып ұнатыппын
ﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞﮟ
Оларды маған қайтарыңдар!» деді. Сөйтіп ол аттардың! аяқтары мен мойындарын сипай бастады
ﮠﮡﮢﮣﮤﮥﮦﮧﮨﮩ
Әрі Біз Сүлейменге сынақ етіп, оның тағының үстіне бір денені тастадық. Содан кейін ол Раббысына беріле, бойсұна жүгінді тәубе етті
ﮪﮫﮬﮭﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕﯖﯗﯘﯙﯚﯛ
Ол: «Раббым! Мені кешір әрі маған өзімнен кейін ешкімде болмайтын билік бер. Ақиқатында, Сен Сый берушісің», деді
ﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤ
Біз оған, оның әмірімен қалаған жеріне жеңіл есетін желді бағындырдық
ﯥﯦﯧﯨﯩ
Әрі оған әрбірқұрылысшы және сүңгуші шайтандарды
ﯪﯫﯬﯭﯮ
және кісендермен байланған басқаларын да бағындырдық
ﯯﯰﯱﯲﯳﯴﯵﯶ
Міне, осы Біздің сыйымыз. Игілік ет не өзіңде ұста, ол үшін есепке тартылмайсың
ﯷﯸﯹﯺﯻﯼﯽ
Ақиқатында, оған Бізде жақындатылу және қайтар орынның көркемі бар
ﯾﯿﰀﰁﰂﰃﰄﰅﰆﰇﰈﰉ
Ей, Мұхаммед! Құлымыз Айюбты есіңе ал. Ол Раббысына жалбарына: «Маған шайтаннан бір қиыншылық пен бейнет тиді!» деп үн қатты
ﰊﰋﰌﰍﰎﰏﰐﰑ
Оған : «Аяғыңмен жерге теп. Бұл жуынатын және ішетін салқын су »,- дедік
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛ
Бізден бір мейірім әрі ақыл иелері үшін еске салу ретінде оған үй ішін және олармен бірге тағы соншасын сыйладық
ﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬ
Әрі оған : «Қолыңа бір тұтам сабан алып, сонымен әйеліңді ұр және берген антыңды бұзба», дедік. Ақиқатында оны сабырлы түрде таптық. Ол қандай жақсы құл! Ол әрдайым Оған қайтушы
ﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳﭴﭵ
Ей, Мұхаммед! Қолдар және көздер иелері болған құлдарымызИбраһимді, Исхақты және Йаъқубты есіңе ал
ﭶﭷﭸﭹﭺﭻ
Ақиқатында, Біз оларды мәңгілік мекенді ақиретті еске алумен тазарттық
ﭼﭽﭾﭿﮀﮁ
Олар Біздің алдымызда таңдаулы, ең жақсылардан
ﮂﮃﮄﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋ
Исмаъилды, Әлиясағты және Зулкифлді есіңе ал. Барлығы ең жақсылардан
ﮌﮍﮎﮏﮐﮑﮒﮓ
Ей, Мұхаммед! Бүл еске салу ескерту . Ақиқатында тақуаларға Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандарға қайтар мекеннің көркемі
ﮔﮕﮖﮗﮘﮙ
олар үшін қақпалары ашылып тұратын, ’Адн жәннатының бақтары бар
ﮚﮛﮜﮝﮞﮟﮠﮡ
Олар ол жерде сүйеніп отырып, коп жемістер мен сусындар алдырады
ﮢﮣﮤﮥﮦﮧ
Әрі олардың жанында көздерін сақтап өзгелерге салмайтын, өздерімен құрдас қыздар бар
ﮨﮩﮪﮫﮬﮭ
Бұл сендерге Есеп күні үшін уәде етілген нәрсе
ﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕﯖ
Ақиқатында, бұл ризық Біздікі. Ол ешқашан таусылмайды
ﯗﯘﯙﯚﯛﯜﯝ
Міне, солай. Ал анығында, бойсұнбағандарға, қайтар мекеннің ең жаманы
ﯞﯟﯠﯡﯢ
Жаһаннам (Тозақ) болады. Олар онда күйіп-жанады. Ол өте жаман мекен
ﯣﯤﯥﯦﯧ
Бұл қайнап тұрған су және ірің. Енді олар оны татсын
ﯨﯩﯪﯫﯬ
Әрі жазаның осы секілді басқа да түрлері бар
ﯭﯮﯯﯰﯱﯲﯳﯴﯵﯶﯷﯸ
Тозақ періштелері : «Мына топ сендермен бірге кіреді», дейді. Тозақтықтар : «Оларға кеңшілік болмасын! Шын мәнінде олар Отта жанады», дейді
ﯹﯺﯻﯼﯽﯾﯿﰀﰁﰂﰃﰄﰅﰆ
Тозаққа кейін кіргендер : «Жоқ! Өздеріңе кеңшілік болмасын! Сендер оны тозақты бізге жақындаттыңдар. Ол өте жаман орын!» дейді
ﰇﰈﰉﰊﰋﰌﰍﰎﰏﰐﰑﰒ
Олар: «Раббымыз! Бізге оны жақындатқанғаОттағы азабын екі есе арттыр», дейді
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛ
Әрі: «Бізге не болды? Біз өзіміз нашар кісілер деп есептегендерімізді бұл жерде неге көрмей тұрмыз
ﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢ
Біз оларды келеке етпедік пе? Әлде көзіміз олардан ауытқып, көрмей тұр ма?» дейді
ﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩ
Ақиқатында, осы Отты тозақты мекен еткендердің тартысуы шындық
ﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳﭴﭵﭶ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Мен тек ескертушімін. Әрі Жалғыз, бәрін сөзсіз Бағындырушы Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ
ﭷﭸﭹﭺﭻﭼﭽﭾ
Ол аспандардың және жердің әрі ол екеуінің арасындағылардың Раббысы, бәрінен Үстем, көп Кешіруші», деп
ﭿﮀﮁﮂﮃ
Ей, Мұхаммед! Айт: «бұл Құран ұлы хабар
ﮄﮅﮆﮇ
Сендер одан бет бұрудасыңдар
ﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑ
Менде жоғарғы топтың әрі олардың тартысқандары туралы ешқандай білім болмады
ﮒﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚ
Маған тек өзімнің анық ескертуші екендігім ғана уахи етілуде», деп
ﮛﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢﮣﮤ
Міне, кезінде Раббың періштелерге: «Мен лайдан адам жаратамын
ﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮ
Оны рет-ретімен теңестіріп Өзімдегі иелігіміздегі рухты оның ішіне үрлеген кезде, оған сәжде етіп жығылыңдар», деді
ﮯﮰﮱﯓﯔ
Сонда періштелердің барлығы, түгелімен сәжде жасады
ﯕﯖﯗﯘﯙﯚﯛ
Ал, Ібіліс өзін жоғары санап, менменсіп, сәжде етуден бас тартты. Сөйтіп, кәпірлерден болды
ﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫ
л Аллаһ :«Ей, Ібіліс! Екі қолыммен жаратқаныма сәждеетуіңнен сені не тосты? Сен өзіңді жоғары санадың ба, әлде биік мәртебелілерден болдың ба?» деді
ﯬﯭﯮﯯﯰﯱﯲﯳﯴﯵﯶ
Ібіліс : «Мен одан абзалмын. Сен мені оттан жараттың, ал оны лайдан жараттың», -деді
ﯷﯸﯹﯺﯻﯼ
Ол Аллаһ : «Ол жақтан шық, сөзсіз сен қуылғансың
ﯽﯾﯿﰀﰁﰂﰃ
Әрі Менің лағнетім саған Қайтарым қиямет күніне дейін болады», деді
ﰄﰅﰆﰇﰈﰉﰊ
Ібіліс : «Раббым! Маған олар қайта тірілтілетін күнге дейін уақыт бер», деді
ﰋﰌﰍﰎﰏ
Ол Аллаһ : «Негізінде сен уақыт берілгендерденсің
ﰐﰑﰒﰓﰔ
белгілі мерзімдегі күнге дейін»,- деді
ﰕﰖﰗﰘﰙ
Ібіліс : «Сенің үстемдігіңмен ант етемін, мен олардың барлығын адастырамын
ﰚﰛﰜﰝﰞ
тек олардың ішіндегі тазартылған құлдарыңды ғана азғыра алмаймын », -деді
ﭑﭒﭓﭔﭕ
Ол Аллаһ айтты: «Бұл ақиқат! Мен ақиқатты ғана айтамын
ﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝ
Міндетті түрде Жаһаннамды (Тозақта) сенімен әрі олардың ішінен саған ергендердің барлығымен толтырамын», деп
ﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦﭧﭨ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Мен сендерден бұл үшін ақы сұрамаймын әрі мен бұған өз ойымнан жалған қосушылардан өзгертушілерден емеспін
ﭩﭪﭫﭬﭭﭮ
Бұл Құран әлемдер үшін еске салу, ескерту ғана
ﭯﭰﭱﭲﭳ
Сендер әлбетте оның хабарын бір уақыттан кейін білесіңдер», деп
Құран Кәрім
Tuesday, August 18, 2026
Don't forget us in your sincere prayers







