PDF —
31 Аят Medinan PDF
Built right in your browser — download starts automatically

Аль-Инсан сүресі pdf — Жүктеу (Қазақша)

Аль-Инсан сүресі pdf Қазақша — Жүктеу Аль-Инсан сүресі Аударма. Аль-Инсан сүресі (Medinan) 31 Аят.

← Аль-КиямаАль-Инсан сүресі Аль-Мурсалят →


31 Аят · Medinan · Қазақша
bismillah
ﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧ
76:1 Адамға ол еске алынбаған кезінен жаратылғанға дейін біраз уақыт өтпеді ме
ﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱﯲ
76:2 Ақиқатында, Біз адам баласын араласқан бір тамшыдан жараттық. Біз оны сынаймыз. Сөйтіп, оны еститін, көретін еттік
ﯳﯴﯵﯶﯷﯸﯹﯺ
76:3 Күмәнсіз, Біз оны тура жолға түсірдік. Ол не шүкір етер Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдірер , немесе күпірлік етер ол игіліктерді мойындамай теріске шығарар
ﯻﯼﯽﯾﯿﰀﰁ
76:4 Ақиқатында, Біз, кәпірлер үшін шынжырлар, бұғаулар және Саъирді әзірледік
ﰂﰃﰄﰅﰆﰇﰈﰉﰊ
76:5 Әлбетте ізгілер кафур араластырған кеседен сусын ішеді
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘ
76:6 Аллаһтың құлдары ішетін бір бұлақтан, олар оны қалағанынша ағызады
ﭙﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠ
76:7 Олар нәзірді Аллаһ жолына атағанын орындайды және жамандығы кең жайылатын Күннен қорқады
ﭡﭢﭣﭤﭥﭦﭧﭨ
76:8 Өздері тамақты қалап тұрғанына қарамастан, оны кедейге, жетімге және тұтқынға жегізеді
ﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳ
76:9 Олар!: «Шын мәнінде біз сендерді Аллаһтың дидары үшін тамақтандырамыз. Сендерден сый да, алғыс та қаламаймыз
ﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻ
76:10 Ақиқатында, біз Раббымыздан болатын түнерген, ауыр бір Күннен қорқамыз», дейді
ﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄ
76:11 Аллаһ оларды сол Күннің жамандығынан сақтап, оларға жарқындық пен қуаныш нәсіп етеді
ﮅﮆﮇﮈﮉﮊ
76:12 және сабыр еткендері үшін оларға Жәннаттағы бақ пен жібекті қайтарым сый етіп береді
ﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖ
76:13 Олар онда перделермен сәнделгенжұмсақ сәкілерде сүйеніп отырады. Олар онда күнді де, аязды да көрмейді
ﮗﮘﮙﮚﮛﮜﮝ
76:14 Әрі оларға оның көлеңкелері жақын, ал жемістері төмен иіліп тұрады
ﮞﮟﮠﮡﮢﮣﮤﮥﮦ
76:15 Және оларды күміс ыдыстармен, шыны көзелермен айналып жүреді
ﮧﮨﮩﮪﮫﮬ
76:16 Ал шынысы күмістен. бұл ыдыстар сайма-сай өлшеніп қойылған
ﮭﮮﮯﮰﮱﯓﯔ
76:17 Әрі оларға зәнжәбил сусыны араластырылған кеседен ішкізіледі
ﯕﯖﯗﯘﯙ
76:18 «Сәлсәбил» деп аталатын бұлақтан
ﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤ
76:19 Әрі оларды мәңгі жас өрендер айналып қызмет етіп жүреді. Оларды көргеніңде, шашылған інжу деп ойлайсың
ﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬ
76:20 Әрі көрген кезде, онда жәннатта игілік әрі ұлы патшалықты көресің
ﯭﯮﯯﯰﯱﯲﯳﯴﯵﯶﯷﯸﯹﯺﯻ
76:21 Олардың жәннаттықтардың үстерінде жұқа және қалың жасыл жібек киімдер болады, олар күміс білезіктермен безендіріледі, әрі Оларға Раббысы тап-таза сусын ішкізеді
ﯼﯽﯾﯿﰀﰁﰂﰃﰄ
76:22 Оларға : «Ақиқатында, бұл сендерге қайтарым ретінде берілген сый, сендердің әрекет-талпыныстарың алғысқа бөленді», делінеді
ﰅﰆﰇﰈﰉﰊﰋ
76:23 Ей, Мұхаммед! Ақиқатында, Біз саған Құранды бөліп-бөліп біртіндеп түсірдік
ﰌﰍﰎﰏﰐﰑﰒﰓﰔﰕ
76:24 Раббыңның үкіміне сабыр ет. Олардың ішіндегі күнәһарға да, кәпірге де бағынба
ﰖﰗﰘﰙﰚﰛ
76:25 Әрі таңертең және кешке Раббыңның есімін есіңе ал
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘ
76:26 Ал, түннің бөлігінде Оған сәжде жаса әрі ұзын түнде Оны дәріпте
ﭙﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡ
76:27 Ақиқатында, бұлар имансыздар тез өтетінді осы дүниені жақсы көріп, ауыр Күнді қияметті арттарына қалдырады
ﭢﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬ
76:28 Біз оларды жаратып, тұла бойын бекіттік. Егер қаласақ, оларды өздеріне ұқсағандармен алмастыра аламыз
ﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳﭴﭵﭶﭷ
76:29 Анығында, бұл еске салу насихат . Енді кім қаласа, Раббысына апаратын жол ұстанады
ﭸﭹﭺﭻﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄ
76:30 Алайда, Аллаһ қаламайынша, сендер бұны қалай алмайсыңдар. Ақиқатында, Аллаһ Білуші, аса Дана
ﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐ
76:31 Ол қалағанын мейіріміне кіргізеді. Ал, әділетсіздер үшін Ол күйзелтуші азап әзірледі

Құран Кәрім


Wednesday, September 9, 2026

Don't forget us in your sincere prayers