PDF —
40 Аят Meccan PDF
Built right in your browser — download starts automatically

Аль-Кияма сүресі pdf — Жүктеу (Қазақша)

Аль-Кияма сүресі pdf Қазақша — Жүктеу Аль-Кияма сүресі Аударма. Аль-Кияма сүресі (Meccan) 40 Аят.



40 Аят · Meccan · Қазақша
bismillah
ﮊﮋﮌﮍﮎ
75:1 Жоқ! Қайта тірілу күнімен ант етемін
ﮏﮐﮑﮒﮓ
75:2 Әрі жазғырушы жанмен ант етемін
ﮔﮕﮖﮗﮘﮙ
75:3 Адам баласы, Біз сүйектерін жинай алмайды деп есептей ме
ﮚﮛﮜﮝﮞﮟﮠ
75:4 Күмәнсіз, оның саусақтарының ұштарын да қалпына келтіруге күшіміз жетеді
ﮡﮢﮣﮤﮥﮦ
75:5 Алайда, адам алдағы уақытта да бұзық іс істеуді қалайды
ﮧﮨﮩﮪﮫ
75:6 Ол: «Қайта тірілу күні қашан?» деп сұрайды
ﮬﮭﮮﮯ
75:7 Қашан көз қатты үрейленіп көруден қалғанда
ﮰﮱﯓ
75:8 және ай тұтылған сәулесі өшкен
ﯔﯕﯖﯗ
75:9 әрі күн мен ай біріктірілген кезде
ﯘﯙﯚﯛﯜﯝ
75:10 сол күні адам: «Қашатын жер қайда?»- дейді
ﯞﯟﯠﯡ
75:11 Жоқ! Паналайтын ешқандай орын жоқ
ﯢﯣﯤﯥﯦ
75:12 Ол күні тұрақтар орын сенің Раббыңда
ﯧﯨﯩﯪﯫﯬﯭ
75:13 Сол күні адам баласына ілгері жібергендері және кейінге қалдырғандары туралы хабар етіледі
ﯮﯯﯰﯱﯲﯳ
75:14 Күмәнсіз, адам өз-өзіне қарсы куәлік береді
ﯴﯵﯶﯷ
75:15 тіпті ол, өз уәж-сылтауларын ортаға салса да
ﯸﯹﯺﯻﯼﯽﯾ
75:16 Ей, Мұхаммед! Оған уахиды жаттауға асығып, тіліңді қимылдатпа
ﯿﰀﰁﰂﰃ
75:17 Анығында, оны жинау және оқып беру Біздің міндетімізде
ﰄﰅﰆﰇﰈ
75:18 Ал, Біз оны оқығанда, оның оқылуына ілес
ﰉﰊﰋﰌﰍ
75:19 содан кейін оны түсіндіру Біздің міндетімізде
ﭑﭒﭓﭔﭕ
75:20 Жоқ! Негізінде, сендер осы өмірді ұнатасыңдар
ﭖﭗﭘ
75:21 ал, соңғы, мәңгілік өмірді ақиретті тастап, қалдырып қоясыңдар
ﭙﭚﭛﭜ
75:22 Ол күні кейбір жүздер жайнап
ﭝﭞﭟﭠ
75:23 Раббысына қарайды
ﭡﭢﭣﭤ
75:24 Әрі ол күні кейбір жүздер түнеріп
ﭥﭦﭧﭨﭩﭪ
75:25 Омыртқа үзілетіндей іс азап болатынына көздері жетеді
ﭫﭬﭭﭮﭯ
75:26 Жоқ, олай емес! Қашан ол жан алқымға жеткен кезде
ﭰﭱﭲﭳﭴ
75:27 әрі «Кім шара көреді», делінгенде
ﭵﭶﭷﭸ
75:28 және ол, шын мәнінде, бұл айрылу екенін сезгенде
ﭹﭺﭻﭼ
75:29 балтыр балтырға қосылған кезде
ﭽﭾﭿﮀﮁ
75:30 сол күні сенің Раббыңа айдалады
ﮂﮃﮄﮅﮆ
75:31 Өйткені ол шын деп білмеді сенбеді және намаз оқымады
ﮇﮈﮉﮊ
75:32 Керісінше, оны өтірік санап, теріс бұрылды
ﮋﮌﮍﮎﮏﮐ
75:33 кейін ол кердеңдей басып, өзінің үй-ішіне кетті
ﮑﮒﮓﮔ
75:34 Сорың құрсын, сенің, сорың құрғыр
ﮕﮖﮗﮘﮙ
75:35 Сосын тағы сорың құрсын, соры қайнағыр
ﮚﮛﮜﮝﮞﮟ
75:36 Адам баласы өз бетімен қараусыз, бос қалдырыламын деп ойлай ма
ﮠﮡﮢﮣﮤﮥﮦ
75:37 Ол төгілген мәниден ұрық сұйығынан бір тамшы емес пе еді
ﮧﮨﮩﮪﮫﮬ
75:38 Кейін, ол ұйыған қан болды. Сөйтіп ол оны жаратып тұла бойын үйлестіріп теңестірді
ﮭﮮﮯﮰﮱﯓ
75:39 Әрі одан екі жыныс: ер және әйел жасады
ﯔﯕﯖﯗﯘﯙﯚﯛ
75:40 Сонда, Оның өліктерді тірілтуге күші жетпей ме

Құран Кәрім


Wednesday, September 9, 2026

Don't forget us in your sincere prayers