PDF —
50 Аят Meccan PDF
Built right in your browser — download starts automatically

Аль-Мурсалят сүресі pdf — Жүктеу (Қазақша)

Аль-Мурсалят сүресі pdf Қазақша — Жүктеу Аль-Мурсалят сүресі Аударма. Аль-Мурсалят сүресі (Meccan) 50 Аят.

← Аль-ИнсанАль-Мурсалят сүресі Ан-Наба →


50 Аят · Meccan · Қазақша
bismillah
ﮑﮒﮓ
77:1 Ант етемін, жалғасты түрде жіберілгендермен
ﮔﮕﮖ
77:2 әрі қатты есушілермен
ﮗﮘﮙ
77:3 және жайып таратушылармен
ﮚﮛﮜ
77:4 және ажыратып айырушылармен
ﮝﮞﮟ
77:5 және еске салынатынды уахиды жеткізушілермен ант етемін
ﮠﮡﮢﮣ
77:6 уәж-кешіру ретінде, не ескерту ретінде
ﮤﮥﮦﮧ
77:7 Шын мәнінде, сендерге уәде етіліп жатқан нәрселер, әлбетте орындалады
ﮨﮩﮪﮫ
77:8 жұлдыздар сөндірілген кезде
ﮬﮭﮮﮯ
77:9 әрі аспан айрылған кезде
ﮰﮱﯓﯔ
77:10 және таулар үгітіліп ұшырылған кезде
ﯕﯖﯗﯘ
77:11 және елшілерге уақыт белгіленген кезде
ﯙﯚﯛﯜ
77:12 Мұрсат қай күнге дейін берілген еді
ﯝﯞﯟ
77:13 Айыру күніне дейін
ﯠﯡﯢﯣﯤﯥ
77:14 Ей, Мұхаммед! Айыру күнінің не екенін саған не білдірді
ﯦﯧﯨﯩ
77:15 Сол күні Аллаһтың уәдесін өтірік санаушыларға қасірет бар
ﯪﯫﯬﯭ
77:16 Біз әуелгілерді жойып жібермедік пе
ﯮﯯﯰﯱ
77:17 Сосын одан кейінгілерді де олардың артынан жібереміз
ﯲﯳﯴﯵ
77:18 Біз қылмыскерлерді осылай етеміз
ﯶﯷﯸﯹ
77:19 Сол күні ақиретті өтірік санаушыларға қасірет бар
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖ
77:20 Біз сендерді болмашы бір сұйықтан жаратпадық па
ﭗﭘﭙﭚﭛ
77:21 әрі оны бір берік жайға жатырға орналастырмадық па
ﭜﭝﭞﭟ
77:22 белгілі бір мерзімге дейін
ﭠﭡﭢﭣ
77:23 Біз алдын ала өлшеп белгіледік, қандай жақсы өлшеп, белгілеушіміз
ﭤﭥﭦﭧ
77:24 Сол күні Аллаһтың құдіретін өтірік санаушыларға қасірет бар
ﭨﭩﭪﭫﭬ
77:25 Біз жерді жинаушы етпедік пе
ﭭﭮﭯ
77:26 тірілерді және өлілерді
ﭰﭱﭲﭳﭴﭵﭶﭷ
77:27 Әрі онда мызғымас биік болғандарды тауларды орнатып, сендерді тұщы сумен қамтамасыз еттік
ﭸﭹﭺﭻ
77:28 Сол күні Аллаһтың белгілерін өтірік санаушыларға қасірет бар
ﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂ
77:29 Оларға : «Өздерің өтірік деп санағандарыңа барыңдар
ﮃﮄﮅﮆﮇﮈﮉ
77:30 Үш тармақты көлеңкеге барыңдар
ﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐ
77:31 Оның саясы да жоқ әрі ол жалыннан да қорғамайды
ﮑﮒﮓﮔﮕ
77:32 Ол тозақ зәулім ғимараттардай ұшқындарды атып тұрады
ﮖﮗﮘﮙ
77:33 Бейне бір сары түйелерге ұқсаған», делінеді
ﮚﮛﮜﮝ
77:34 Сол күні Сот күнін өтірік санаушыларға қасірет бар
ﮞﮟﮠﮡﮢ
77:35 Бұл олар сөйлемейтін күн
ﮣﮤﮥﮦﮧ
77:36 әрі оларға ақталуға рұқсат берілмейді
ﮨﮩﮪﮫ
77:37 Сол күні Есеп күнін өтірік санаушыларға қасірет бар
ﮬﮭﮮﮯﮰﮱﯓ
77:38 Бұл Ажырату күні. Біз сендерді де, алдыңғыларды да жинаймыз
ﯔﯕﯖﯗﯘﯙ
77:39 Егер сендерде бірер айла-шарғы болса, Маған жасап көріңдер
ﯚﯛﯜﯝ
77:40 Сол күні Аллаһтың жазасын өтірік санаушыларға қасірет бар
ﯞﯟﯠﯡﯢﯣ
77:41 Ал, тақуалар Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандар саялар мен бұлақтарда
ﯤﯥﯦﯧ
77:42 көңілдері қалаған жемістер арасында болады
ﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮ
77:43 Оларға : «Жасаған амалдарын, үшін рахаттанып жеңдер, ішіңдер!» делінеді
ﯯﯰﯱﯲﯳ
77:44 Анығында Біз ықыласпен жақсылық істеушілердің қайтарым сыйын осылай береміз
ﯴﯵﯶﯷ
77:45 Сол күні Қайтарымды өтірік санаушыларға қасірет бар
ﯸﯹﯺﯻﯼﯽ
77:46 Күнәһарларға : «Жеңдер әрі аздап пайдалана тұрындар. Себебі сендер қылмыскерсіңдер» делінеді
ﯾﯿﰀﰁ
77:47 Сол күні Қайта тірілуді өтірік санаушыларға қасірет бар
ﰂﰃﰄﰅﰆﰇﰈ
77:48 Қашан оларға: «Рукуғ жасаңдар», делінгенде, олар рүкүғ жасамайды
ﰉﰊﰋﰌ
77:49 Сол күні діни парыздарды өтірік санаушыларға қасірет бар
ﰍﰎﰏﰐﰑ
77:50 Енді олар бұдан кейін қай сөзге сенеді

Құран Кәрім


Wednesday, September 9, 2026

Don't forget us in your sincere prayers