PDF —
46 Аят Meccan PDF
Built right in your browser — download starts automatically

Ан-Назиат сүресі pdf — Жүктеу (Қазақша)

Ан-Назиат сүресі pdf Қазақша — Жүктеу Ан-Назиат сүресі Аударма. Ан-Назиат сүресі (Meccan) 46 Аят.

← Ан-НабаАн-Назиат сүресі Абаса →


46 Аят · Meccan · Қазақша
bismillah
ﮢﮣﮤ
79:1 Қатты тартып, суырып алушылармен
ﮥﮦﮧ
79:2 жеңіл етіп шығарып алушылармен
ﮨﮩﮪ
79:3 және жылдам жүзушілермен
ﮫﮬﮭ
79:4 солай, екпінді озушылармен
ﮮﮯﮰ
79:5 бұйрықты орындаушылармен ант етемін
ﮱﯓﯔﯕ
79:6 Ол күні сілкінуші сілкінеді
ﯖﯗﯘ
79:7 оған артынан келесісі жалғасады
ﯙﯚﯛﯜ
79:8 Ол күні жүректер тітірейді
ﯝﯞﯟ
79:9 көздер қорлана бағынып, төмен қарайды
ﯠﯡﯢﯣﯤﯥ
79:10 Олар сенбеушілер : «Біз артқа қайтарыламыз ба
ﯦﯧﯨﯩﯪ
79:11 Егер біз үгітілген сүйекке айналсақ та ма?» дейді
ﯫﯬﯭﯮﯯﯰ
79:12 Олар: «Ендеше, ол тиімсіз бір қайту екен», дейді
ﯱﯲﯳﯴﯵ
79:13 Ақиқатында, ол бар болғаны бір ғана қатты дауыс
ﯶﯷﯸﯹ
79:14 Сонда олар жер бетінде тіріліп тұрады
ﯺﯻﯼﯽﯾ
79:15 Саған Мұсаның хабары келді ме
ﯿﰀﰁﰂﰃﰄﰅ
79:16 Кезінде қасиетті Тууа алқабында оған Раббысы үндеді
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖ
79:17 «Фиръаунға бар, өйткені ол шектен шықты
ﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝ
79:18 Әрі оған айт: «Сен тазаруды қалайсың ба
ﭞﭟﭠﭡﭢ
79:19 Саған Раббыңа апаратын жолды көрсетейін. Сонда сен Оның жазасынан қорқатын боласың», деп
ﭣﭤﭥﭦ
79:20 Сөйтіп оған үлкен бір белгі-мұғжизаны көрсетті
ﭧﭨﭩ
79:21 бірақ Фиръаун оны өтірікке шығарды және қарсы шықты
ﭪﭫﭬﭭ
79:22 Содан кейін ол теріс айналып, әрекетке кірісті
ﭮﭯﭰ
79:23 Әрі халқын жинап, жар салды
ﭱﭲﭳﭴﭵ
79:24 «Мен сендердің ең жоғарғы иелеріңмін», деп
ﭶﭷﭸﭹﭺﭻ
79:25 Сондықтан Аллаһ, оны соңғы, мәңгілік өмір ақирет және осы өмір азабымен жазалады
ﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂ
79:26 Күмәнсіз, мұнда қорқатындар үшін бір ғибрат бар
ﮃﮄﮅﮆﮇﮈﮉﮊ
79:27 Жаратуда сендерді жарату қиын ба, әлде аспанды ма? Ол оны құрды
ﮋﮌﮍﮎ
79:28 оның төбесін көтеріп, оны теңестірді
ﮏﮐﮑﮒﮓ
79:29 және оның түнін қараңғы етіп, күндіз жарығын шығарды
ﮔﮕﮖﮗﮘ
79:30 Әрі одан кейін жерді жайды
ﮙﮚﮛﮜﮝ
79:31 Одан жерден оның суы мен жайылымдарын шығарды
ﮞﮟﮠ
79:32 және тауларды бекітіп орнықтырды
ﮡﮢﮣﮤ
79:33 сендердің пайдалануларың әрі малдарың үшін
ﮥﮦﮧﮨﮩ
79:34 Ал, өте үлкен бір қасірет келген кезде
ﮪﮫﮬﮭﮮﮯ
79:35 сол күні адам не нәрсеге талпынғанын есіне алады
ﮰﮱﯓﯔﯕ
79:36 және көрушілерге Жахим анық көрсетіледі
ﯖﯗﯘﯙ
79:37 Сонда кім шектен шыққан болса
ﯚﯛﯜﯝ
79:38 әрі бұл өмірді артық көрген болса
ﯞﯟﯠﯡﯢ
79:39 онда күмәнсіз, оның баратын орны Жахим (Тозақ)
ﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬ
79:40 Ал, кім Раббысының алдына тұрудан қорқып, өзін құмарлықтан қайтарса
ﯭﯮﯯﯰﯱ
79:41 онда күмәнсіз, оның баратын орны жәннат
ﯲﯳﯴﯵﯶﯷ
79:42 Ей, Мұхаммед! Олар сенен Сағат Қиямет туралы: «Ол қашан болады?», деп сұрайды
ﯸﯹﯺﯻﯼ
79:43 Ол туралы сен не айта аласың
ﯽﯾﯿﰀ
79:44 Оның ол жайлы толық мағлұматтың шегі Раббыңда
ﰁﰂﰃﰄﰅﰆ
79:45 сен тек одан Есеп күнінен қорыққандарды ғана ескерте аласың
ﰇﰈﰉﰊﰋﰌﰍﰎﰏﰐ
79:46 Олар оны қияметті көрген күні, дүниеде бір кеш немесе бір сәске уақыты тұрғандай болады

Құран Кәрім


Wednesday, September 9, 2026

Don't forget us in your sincere prayers