Ан-Наба сүресі pdf — Жүктеу (Қазақша)
Ан-Наба сүресі pdf Қазақша — Жүктеу Ан-Наба сүресі Аударма. Ан-Наба сүресі (Meccan) 40 Аят.
Related
- Ан-Наба сүресі АудармаҚазақша
- Ан-Наба сүресі mp3Тыңда
- Quran Index Қазақша114
More Сүресі PDF
Ан-Наба сүресі

ﭑﭒﭓ
78:1
Олар бір-бірінен не туралы сұрасып жатыр
ﭔﭕﭖﭗ
78:2
Ұлы хабар туралы
ﭘﭙﭚﭛﭜ
78:3
өздері ол жөнінде қарама-қайшылықта
ﭝﭞﭟ
78:4
Жоқ, олай емес! Олар жақында біледі
ﭠﭡﭢﭣ
78:5
Кейін, тіпті олай емес! Олар әлі-ақ біледі
ﭤﭥﭦﭧﭨ
78:6
Біз жерді төсеніш етпедік пе
ﭩﭪﭫ
78:7
ал тауларды қазық
ﭬﭭﭮ
78:8
Әрі Біз сендерді жұптар етіп жараттық
ﭯﭰﭱﭲ
78:9
Ал ұйқыларыңды тынығу еттік
ﭳﭴﭵﭶ
78:10
әрі түнді жамылғы етіп жасадық
ﭷﭸﭹﭺ
78:11
және күндізді тіршілік уақыты етіп жасадық
ﭻﭼﭽﭾﭿ
78:12
Әрі үстеріңнен жеті берікті құрдық
ﮀﮁﮂﮃ
78:13
және лаулаған шырақ жасадық
ﮄﮅﮆﮇﮈﮉ
78:14
Әрі сығылушылардан бұлттардан мол су түсірдік
ﮊﮋﮌﮍﮎ
78:15
онымен дән және өсімдікті шығару үшін
ﮏﮐﮑ
78:16
және ну бақтарды да
ﮒﮓﮔﮕﮖﮗ
78:17
Ақиқатында, Айыру күні белгіленген бір мерзім
ﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞ
78:18
Ол күні сүр үрленеді де сендер топ-топ болып келесіңдер
ﮟﮠﮡﮢﮣ
78:19
Әрі аспан ашылып, қақпаларға айналады
ﮤﮥﮦﮧﮨ
78:20
ал таулар жүргізіліп, сағымға айналады
ﮩﮪﮫﮬﮭ
78:21
Ақиқатында, Жаһаннам аңдып, күтіп тұрушы
ﮮﮯﮰ
78:22
шектен шығушылар үшін қайтар орын
ﮱﯓﯔﯕ
78:23
Олар онда ғасырлар бойы қалады
ﯖﯗﯘﯙﯚﯛﯜ
78:24
Ол жерде олар салқындықты да, су сын да татпайды
ﯝﯞﯟﯠ
78:25
тек қайнап тұрған су мен іріңнен басқа
ﯡﯢﯣ
78:26
істеріне лайықты қайтарым ретінде
ﯤﯥﯦﯧﯨﯩ
78:27
Анығында, олар, есепке тартылуды «үміт» етпеген қорықпаған еді
ﯪﯫﯬﯭ
78:28
әрі аяттарымызды мүлде өтірікке шығарған еді
ﯮﯯﯰﯱﯲ
78:29
Ал, Біз барлық нәрсені жазып, есептеп қойдық
ﯳﯴﯵﯶﯷﯸ
78:30
Енді, татыңдар. Сендерге азаптан басқа ешнәрсені арттырмаймыз
ﭑﭒﭓﭔ
78:31
Күмәнсіз, тақуалар Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар үшін игілік мекені
ﭕﭖﭗ
78:32
бақтар мен жүзімдіктер
ﭘﭙﭚ
78:33
әрі құрбылас, толық омыраулы қыздар
ﭛﭜﭝ
78:34
және толы кеселер
ﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤ
78:35
Олар онда Жәннатта бос сөзді де, өтірікті де естімейді
ﭥﭦﭧﭨﭩﭪ
78:36
Бұл Раббыңнан қайтарым ретінде берілген толық сый
ﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳﭴﭵﭶ
78:37
аспандардың және жердің әрі олардың арасындағыларының Раббысы ар-Рахманнан. Одан рұқсатсыз тіл қатуға ие болмайды
ﭷﭸﭹﭺﭻﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆ
78:38
Ол күні Рух Жәбірейіл және періштелер тізіліп тұрады. Ар-Рахманның рұхсат еткенінен басқа ешкім сөйлемейді. Әрі рұқсат берілгенде дұрысты ғана сөйлейді
ﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑ
78:39
Сол күн ақиқат. Кім қаласа, Раббысына қайтатын жолды ұстанады
ﮒﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞﮟﮠﮡ
78:40
Ақиқатында, Біз сендерді жақын бір азаптан сақтандырып, ескерттік. Ол күні адам екі қолы алдын-ала дайындағанына қарайды. Сонда кәпір: «Әттең! Топырақ болып кетсем еді», дейді
Құран Кәрім
Wednesday, September 9, 2026
Don't forget us in your sincere prayers







