Аль-Мутаффифин сүресі pdf — Жүктеу (Қазақша)
Аль-Мутаффифин сүресі pdf Қазақша — Жүктеу Аль-Мутаффифин сүресі Аударма. Аль-Мутаффифин сүресі (Meccan) 36 Аят.
Related
More Сүресі PDF
Аль-Мутаффифин сүресі

ﯖﯗﯘ
83:1
Өлшеу-тартуда кемітушілерге қасірет бар
ﯙﯚﯛﯜﯝﯞﯟ
83:2
Солар, қашан адамдардан өлшетіп алса, толық өлшеп алатындар
ﯠﯡﯢﯣﯤﯥ
83:3
ал, егер өздері өлшеп немесе тартып беретін болса, кемітеді
ﯦﯧﯨﯩﯪﯫ
83:4
Олар өздерінің қайта тірілетіндіктерін ойламай ма
ﭑﭒﭓ
83:5
ұлы Күн үшін
ﭔﭕﭖﭗﭘﭙ
83:6
Ол күні адамдар әлемдердің Раббысының алдында тұрады
ﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠ
83:7
Жоқ! Әлбетте, бұзықтардың кітабы сөзсіз сижжинде болады
ﭡﭢﭣﭤﭥ
83:8
Сижжиннің не екенін саған не білдірді
ﭦﭧﭨ
83:9
Жазылған кітап
ﭩﭪﭫﭬ
83:10
Өтірікке шығарушыларға ол Күні қасірет бар
ﭭﭮﭯﭰﭱ
83:11
солар Қайтарым күнін өтірікке шығаратындар
ﭲﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹ
83:12
Ал, оны әрбір шектен шығушы күнәһар ғана өтірікке шығарады
ﭺﭻﭼﭽﭾﭿﮀﮁ
83:13
Оған аяттарымыз оқылғанда, ол: “Әуелгілердің ертегісі”, деді
ﮂﮃﮄﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌ
83:14
Жоқ, керісінше, олардың жүректерін істеп тапқандары күнәлары бүркеп алды іс-амалдарының кірі басты
ﮍﮎﮏﮐﮑﮒﮓ
83:15
Жоқ! Анығында, олар ол Күні өздерінің Раббысынан тосылатындар
ﮔﮕﮖﮗﮘ
83:16
Кейін олар, сөзсіз Жахимға кіреді
ﮙﮚﮛﮜﮝﮞﮟﮠ
83:17
Содан соң Оларға : “Міне, сендердің өтірікке шығарғандарың осы!” деліндеді
ﮡﮢﮣﮤﮥﮦﮧ
83:18
Жоқ! Шын мәнінде ізгілердің кітабы сөзсіз Иллиунда болады
ﮨﮩﮪﮫﮬ
83:19
Иллиунның не екенін саған не білдірді
ﮭﮮﮯ
83:20
Жазылған кітап
ﮰﮱﯓ
83:21
Оны, жақындатылғандар көреді
ﯔﯕﯖﯗﯘ
83:22
Анығында, ізгілер, сөзсіз игілікте
ﯙﯚﯛﯜ
83:23
перделермен сәнделген жұмсақ сәкілерден қарайды
ﯝﯞﯟﯠﯡﯢ
83:24
Олардың жүзінен игіліктің сәулесін көресің
ﯣﯤﯥﯦﯧ
83:25
Олар мөрленген шәрбәттан сусындайды
ﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮﯯ
83:26
Оның сарқыны жұпар. Талпынушылар, міне осыған ұмтылсын
ﯰﯱﯲﯳ
83:27
Әрі оған Тәсним сусыны қосылған
ﯴﯵﯶﯷﯸ
83:28
Ол жақындатылғандар ішетін бір бастау
ﯹﯺﯻﯼﯽﯾﯿﰀﰁ
83:29
Ақиқатында, қылмыскерлер иманға келгендерге күлетін
ﰂﰃﰄﰅﰆ
83:30
және олар жандарынан өткенде, бір-біріне көз қысып ымдасатын
ﰇﰈﰉﰊﰋﰌﰍ
83:31
Әрі үйлеріне қайтқан кезде мәз болып, масайрап қайтатын
ﰎﰏﰐﰑﰒﰓﰔ
83:32
Әрі қашан оларды Мұсылмандарды көрген кезде: «Сөзсіз, бұлар шынында да адасқандар», дейтін
ﰕﰖﰗﰘﰙ
83:33
Алайда өздері олардың үстінен күзетуші етіліп жіберілмеген еді
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗ
83:34
Ал, енді бұл Қиямет күні иманға келгендер кәпірлердің үстінен күледі
ﭘﭙﭚﭛ
83:35
сәнді перделі сәкілерден қарап
ﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢ
83:36
Кәпірлерге істегендерінің қайтарым жазасы берілді ме
Құран Кәрім
Wednesday, September 9, 2026
Don't forget us in your sincere prayers







