Аль-Джасия сүресі арабша және қазақша
Аль-Джасия сүресін толық қазақша аударма, транслитерация және аудио оқылыммен оқыңыз. Аят-аят аударма. (37 Аят — مكية). Аль-Джасия Тыңда, Аль-Джасия Аударма, Аль-Джасия mp3, Аль-Джасия pdf.Аль-Джасия сүресін оқы және тыңда
🎧 Аят
M
Mishary Rashid Alafasy
✓
Mishary Rashid Alafasy
✓
M
Mahmoud Khalil Al-Husary
✓
Mahmoud Khalil Al-Husary
✓
A
Abdurrahman As-Sudais
✓
Abdurrahman As-Sudais
✓
M
Mohamed Siddiq Al-Minshawi
✓
Mohamed Siddiq Al-Minshawi
✓
A
Abdul Basit Abdul Samad
✓
Abdul Basit Abdul Samad
✓
A
Ali Al-Hudhaify
✓
Ali Al-Hudhaify
✓
A
Ahmed ibn Ali al-Ajamy
✓
Ahmed ibn Ali al-Ajamy
✓
A
Abu Bakr Ash-Shaatree
✓
Abu Bakr Ash-Shaatree
✓
M
Muhammad Ayyoub
✓
Muhammad Ayyoub
✓
A
Abdullah Basfar
✓
Abdullah Basfar
✓
A
Abdullah Al-Juhani
✓
Abdullah Al-Juhani
✓
M
Maher Al Muaiqly
✓
Maher Al Muaiqly
✓
—
x1
تَنزِيلُ الْكِتَابِ مِنَ اللَّهِ الْعَزِيزِ الْحَكِيمِ ٢
📖 Аударма
Аят 2
Бұл Кітап бәрінен Үстем , аса Дана Аллаһтан түсірілген
إِنَّ فِي السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ لَآيَاتٍ لِّلْمُؤْمِنِينَ ٣
📖 Аударма
Аят 3
Ақиқатында, аспандарда және жерде имандылар үшін белгі-ғибраттар бар
وَفِي خَلْقِكُمْ وَمَا يَبُثُّ مِن دَابَّةٍ آيَاتٌ لِّقَوْمٍ يُوقِنُونَ ٤
📖 Аударма
Аят 4
Әрі сендерді жаратуда және Оның барлық жаны барды жаратып, оларды таратуында анық сенетін адамдар үшін белгі-дәлелдер бар
وَاخْتِلَافِ اللَّيْلِ وَالنَّهَارِ وَمَا أَنزَلَ اللَّهُ مِنَ السَّمَاءِ مِن رِّزْقٍ فَأَحْيَا بِهِ الْأَرْضَ بَعْدَ مَوْتِهَا وَتَصْرِيفِ الرِّيَاحِ آيَاتٌ لِّقَوْمٍ يَعْقِلُونَ ٥
📖 Аударма
Аят 5
Сондай-ақ, түн мен күндіздің алмасуында, Аллаһтың аспаннан ризық жаңбыр түсіруінде, онымен жаңбырмен жерді тіршіліксіз қалғанынан өлгенінен кейін жандандыруында және желдерді бағыттауында ақылын істетіп, үғынатын адамдар үшін белгі-ғибраттар бар
تِلْكَ آيَاتُ اللَّهِ نَتْلُوهَا عَلَيْكَ بِالْحَقِّ ۖ فَبِأَيِّ حَدِيثٍ بَعْدَ اللَّهِ وَآيَاتِهِ يُؤْمِنُونَ ٦
📖 Аударма
Аят 6
Ей, Мұхаммед! Бүл Құран Аллаһтың аят-белгілері, оны саған ақиқатпен оқимыз. Сонда Аллаһтан және Оның аят-белгілерінен кейін олар қай сөзге сенеді
يَسْمَعُ آيَاتِ اللَّهِ تُتْلَىٰ عَلَيْهِ ثُمَّ يُصِرُّ مُسْتَكْبِرًا كَأَن لَّمْ يَسْمَعْهَا ۖ فَبَشِّرْهُ بِعَذَابٍ أَلِيمٍ ٨
📖 Аударма
Аят 8
Ол өзіне оқылған Аллаһтың аяттарын естіп, содан кейін оны естімегендей, менменсіне қасарысады. Ей, Мұхаммед! Міне, соларды күйзелтуші азаппен «сүйіншіле»
وَإِذَا عَلِمَ مِنْ آيَاتِنَا شَيْئًا اتَّخَذَهَا هُزُوًا ۚ أُولَٰئِكَ لَهُمْ عَذَابٌ مُّهِينٌ ٩
📖 Аударма
Аят 9
Ал, қашан ол Біздің аят-белгілерімізден бірнәрсені білсе, оны келеке етеді. Міне, соларға қорлаушы азап бар
مِّن وَرَائِهِمْ جَهَنَّمُ ۖ وَلَا يُغْنِي عَنْهُم مَّا كَسَبُوا شَيْئًا وَلَا مَا اتَّخَذُوا مِن دُونِ اللَّهِ أَوْلِيَاءَ ۖ وَلَهُمْ عَذَابٌ عَظِيمٌ ١٠
📖 Аударма
Аят 10
Олардың артынан Жаһаннам бар. Оларға істеп тапқандары да, Аллаһтан өзге қамқоршы етіп алғандары да ешбір пайда бермейді. Әрі оларға үлкен азап болады
هَٰذَا هُدًى ۖ وَالَّذِينَ كَفَرُوا بِآيَاتِ رَبِّهِمْ لَهُمْ عَذَابٌ مِّن رِّجْزٍ أَلِيمٌ ١١
📖 Аударма
Аят 11
Бұл Құран — жолбасшы тура жолды ұстануға басшылық . Ал, өздерінің Раббысының аяттарына сондай күпірлік еткендерге теріске шығарғандарға күйзелтуші азаптан ауыр жаза болады
۞ اللَّهُ الَّذِي سَخَّرَ لَكُمُ الْبَحْرَ لِتَجْرِيَ الْفُلْكُ فِيهِ بِأَمْرِهِ وَلِتَبْتَغُوا مِن فَضْلِهِ وَلَعَلَّكُمْ تَشْكُرُونَ ١٢
📖 Аударма
Аят 12
Аллаһ сендерге теңізді, онда Оның әмірімен кемелердің жүзуі әрі сендер Оның кеңшілігін іздеулерің және шүкір етулерің Оның берген игіліктеріне алғыс білдірулерің үшін бағындырды
وَسَخَّرَ لَكُم مَّا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الْأَرْضِ جَمِيعًا مِّنْهُ ۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَاتٍ لِّقَوْمٍ يَتَفَكَّرُونَ ١٣
📖 Аударма
Аят 13
Әрі Ол сендерге аспандардағы және жердегі нәрселерді бағындырды. Мұның барлығы да Одан. Анығында, мұндаақылға салып ойланатын адамдар үшін белгілер бар
قُل لِّلَّذِينَ آمَنُوا يَغْفِرُوا لِلَّذِينَ لَا يَرْجُونَ أَيَّامَ اللَّهِ لِيَجْزِيَ قَوْمًا بِمَا كَانُوا يَكْسِبُونَ ١٤
📖 Аударма
Аят 14
Ей, Мұхаммед!! Иманға келгендерге айт: «Аллаһ адамдарға істегендеріне сай қайтарым жазасын беретін болғандықтан, олар Оның күндерін сыйын, сауабынРүміт етпейтіндерге имансыздарға кешіріммен қарасын», деп
مَنْ عَمِلَ صَالِحًا فَلِنَفْسِهِ ۖ وَمَنْ أَسَاءَ فَعَلَيْهَا ۖ ثُمَّ إِلَىٰ رَبِّكُمْ تُرْجَعُونَ ١٥
📖 Аударма
Аят 15
Кім ізгі амал жасаса, өзінің пайдасына. Ал кім жамандық істесе, өзінің зиянына. Кейін сендер, өздеріңнің Раббыңа қайтарыласыңдар
وَلَقَدْ آتَيْنَا بَنِي إِسْرَائِيلَ الْكِتَابَ وَالْحُكْمَ وَالنُّبُوَّةَ وَرَزَقْنَاهُم مِّنَ الطَّيِّبَاتِ وَفَضَّلْنَاهُمْ عَلَى الْعَالَمِينَ ١٦
📖 Аударма
Аят 16
Біз Исраил ұрпақтарына Кітап, патшалық үкім және пайғамбарлықты бердік, оларға таза жақсы нәрселерден ризық бердік әрі оларды әлемдерден артық еттік
وَآتَيْنَاهُم بَيِّنَاتٍ مِّنَ الْأَمْرِ ۖ فَمَا اخْتَلَفُوا إِلَّا مِن بَعْدِ مَا جَاءَهُمُ الْعِلْمُ بَغْيًا بَيْنَهُمْ ۚ إِنَّ رَبَّكَ يَقْضِي بَيْنَهُمْ يَوْمَ الْقِيَامَةِ فِيمَا كَانُوا فِيهِ يَخْتَلِفُونَ ١٧
📖 Аударма
Аят 17
Әрі Біз оларға іс дін жайлы анық белгі-дәлелдер бердік. Олар өздеріне білім келген соң ғана, бір-біріне деген ашу-ызадан күншілдіктен қайшылыққа түсті. Ақиқатында, Раббың Қайта тірілу күні олардың тартысқан нәрселеріне қатысты үкім етеді
ثُمَّ جَعَلْنَاكَ عَلَىٰ شَرِيعَةٍ مِّنَ الْأَمْرِ فَاتَّبِعْهَا وَلَا تَتَّبِعْ أَهْوَاءَ الَّذِينَ لَا يَعْلَمُونَ ١٨
📖 Аударма
Аят 18
Ей, Мұхаммед! Содан кейін сені істе дінде шариғат жолына салдық. Енді соған ер және білмейтіндердің көңіл құмарлықтарына ерме
إِنَّهُمْ لَن يُغْنُوا عَنكَ مِنَ اللَّهِ شَيْئًا ۚ وَإِنَّ الظَّالِمِينَ بَعْضُهُمْ أَوْلِيَاءُ بَعْضٍ ۖ وَاللَّهُ وَلِيُّ الْمُتَّقِينَ ١٩
📖 Аударма
Аят 19
Анығында, олар сені Аллаһтан қорғай алмайды. Негізінде, әділетсіздер бір-біріне жолдас. Ал, Аллаһ тақуалардың Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандардың Қамқоршысы
هَٰذَا بَصَائِرُ لِلنَّاسِ وَهُدًى وَرَحْمَةٌ لِّقَوْمٍ يُوقِنُونَ ٢٠
📖 Аударма
Аят 20
Бұл Құран адамдар адамзат үшін анық көрінетін белгі-дәлел және айқын сенетін адамдар үшін жолбасшы тура жолды ұстануға басшылық әрі мейірім
أَمْ حَسِبَ الَّذِينَ اجْتَرَحُوا السَّيِّئَاتِ أَن نَّجْعَلَهُمْ كَالَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ سَوَاءً مَّحْيَاهُمْ وَمَمَاتُهُمْ ۚ سَاءَ مَا يَحْكُمُونَ ٢١
📖 Аударма
Аят 21
Әлде жамандық істегендер Біз оларды иманға келген әрі ізгі амал жасағандар секілді етеді деп және осы өмірде және өлімнен кейін оларды бірдей етеді деп есептей ме? Олардың пайымдағаны неткен нашар
وَخَلَقَ اللَّهُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ بِالْحَقِّ وَلِتُجْزَىٰ كُلُّ نَفْسٍ بِمَا كَسَبَتْ وَهُمْ لَا يُظْلَمُونَ ٢٢
📖 Аударма
Аят 22
Аллаһ аспандар мен жерді ақиқатпен, әрі әрбір жан істеген амалына жараса қайтарым алуы үшін жаратты. және Оларға әділетсіздік етілмейді
أَفَرَأَيْتَ مَنِ اتَّخَذَ إِلَٰهَهُ هَوَاهُ وَأَضَلَّهُ اللَّهُ عَلَىٰ عِلْمٍ وَخَتَمَ عَلَىٰ سَمْعِهِ وَقَلْبِهِ وَجَعَلَ عَلَىٰ بَصَرِهِ غِشَاوَةً فَمَن يَهْدِيهِ مِن بَعْدِ اللَّهِ ۚ أَفَلَا تَذَكَّرُونَ ٢٣
📖 Аударма
Аят 23
Құмарлықтарын өзіне құдай етіп алғанды көрдің бе? Аллаһ оны, оған білім келгеннен кейін адастырды және есту мүшесі мен жүрегін мөрлеп қойды әрі көзін перделеді. Аллаһтан кейін оны кім тура жолға сала алады? Еске алмайсыңдар ма
وَقَالُوا مَا هِيَ إِلَّا حَيَاتُنَا الدُّنْيَا نَمُوتُ وَنَحْيَا وَمَا يُهْلِكُنَا إِلَّا الدَّهْرُ ۚ وَمَا لَهُم بِذَٰلِكَ مِنْ عِلْمٍ ۖ إِنْ هُمْ إِلَّا يَظُنُّونَ ٢٤
📖 Аударма
Аят 24
Әрі олар: «Бұл дүние тіршілігіміз ғана. Біз өлеміз және өмір сүреміз әрі бізді уақыттан басқа ешнәрсе өлтірмейді», деді. Ал оларда бұл жайында ешбір білім жоқ. Олар тек жорамалдайды
وَإِذَا تُتْلَىٰ عَلَيْهِمْ آيَاتُنَا بَيِّنَاتٍ مَّا كَانَ حُجَّتَهُمْ إِلَّا أَن قَالُوا ائْتُوا بِآبَائِنَا إِن كُنتُمْ صَادِقِينَ ٢٥
📖 Аударма
Аят 25
Ал, қашан оларға анық аяттарымыз оқылған кезде, олардың: «Егер шын сөзді болсаңдар, аталарымызды келтіріңдер», дегеннен басқа уәждері болмайды
قُلِ اللَّهُ يُحْيِيكُمْ ثُمَّ يُمِيتُكُمْ ثُمَّ يَجْمَعُكُمْ إِلَىٰ يَوْمِ الْقِيَامَةِ لَا رَيْبَ فِيهِ وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَ النَّاسِ لَا يَعْلَمُونَ ٢٦
📖 Аударма
Аят 26
Ей, Мұхаммед! Айт: «Аллаһ сендерді тірілтеді, кейін өлтіреді, содан соң сендерді болуы күмәнсіз, Қайта тірілу күні жинайды. Бірақ адамдардың көбі білмейді», де
وَلِلَّهِ مُلْكُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۚ وَيَوْمَ تَقُومُ السَّاعَةُ يَوْمَئِذٍ يَخْسَرُ الْمُبْطِلُونَ ٢٧
📖 Аударма
Аят 27
Аспандардың және жердің билігі Аллаһта. Сағат Қайта тірілу болатын сол күні өтірікке шығарушылар зиян шегеді
وَتَرَىٰ كُلَّ أُمَّةٍ جَاثِيَةً ۚ كُلُّ أُمَّةٍ تُدْعَىٰ إِلَىٰ كِتَابِهَا الْيَوْمَ تُجْزَوْنَ مَا كُنتُمْ تَعْمَلُونَ ٢٨
📖 Аударма
Аят 28
Ей, Мұхаммед!! Сен әрбір үмметті тізерлеген күйінде көресің. Әрбір үммет өз Кітабына шақырылады. Оларға!: «Бүгін сендер істеп өткен амалдарыңның қайтарымын аласыңдар
هَٰذَا كِتَابُنَا يَنطِقُ عَلَيْكُم بِالْحَقِّ ۚ إِنَّا كُنَّا نَسْتَنسِخُ مَا كُنتُمْ تَعْمَلُونَ ٢٩
📖 Аударма
Аят 29
Бұл кітабымыз амал кітабы! сендерге қарсы ақиқатты сөйлейді. Өйткені Біз сендердің істеген әрбір амалдарыңды жазуды бұйырғанбыз», делінеді
فَأَمَّا الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ فَيُدْخِلُهُمْ رَبُّهُمْ فِي رَحْمَتِهِ ۚ ذَٰلِكَ هُوَ الْفَوْزُ الْمُبِينُ ٣٠
📖 Аударма
Аят 30
Ал, иманға келген және ізгі амал жасағандарды, олардың Раббысы Өз мейіріміне кіргізеді. Міне, осы анық жетістік
وَأَمَّا الَّذِينَ كَفَرُوا أَفَلَمْ تَكُنْ آيَاتِي تُتْلَىٰ عَلَيْكُمْ فَاسْتَكْبَرْتُمْ وَكُنتُمْ قَوْمًا مُّجْرِمِينَ ٣١
📖 Аударма
Аят 31
Ал, сондай күпірлік еткендерге иманнан теріс бұрылғандарға : «Сендерге аяттарым оқылған жоқ па еді? Сонда сендер өздеріңді жоғары санадыңдар және қылмыскер адам болдыңдар»
وَإِذَا قِيلَ إِنَّ وَعْدَ اللَّهِ حَقٌّ وَالسَّاعَةُ لَا رَيْبَ فِيهَا قُلْتُم مَّا نَدْرِي مَا السَّاعَةُ إِن نَّظُنُّ إِلَّا ظَنًّا وَمَا نَحْنُ بِمُسْتَيْقِنِينَ ٣٢
📖 Аударма
Аят 32
Сендерге!: «Аллаһтың уәдесі шын әрі Сағатта Қайта тірілу күнінде күмән жоқ», делінсе: «Біз Сағаттың не екенін білмейміз. Бізде ол туралы түрлі ойлар бар әрі оған айқын сеніміміз жоқ», деп едіңдер» делінеді
وَبَدَا لَهُمْ سَيِّئَاتُ مَا عَمِلُوا وَحَاقَ بِهِم مَّا كَانُوا بِهِ يَسْتَهْزِئُونَ ٣٣
📖 Аударма
Аят 33
Сонда істеген жамандықтары олардың алдынан шығып әрі өздері мазақ еткен нәрселері оларды орап алады
وَقِيلَ الْيَوْمَ نَنسَاكُمْ كَمَا نَسِيتُمْ لِقَاءَ يَوْمِكُمْ هَٰذَا وَمَأْوَاكُمُ النَّارُ وَمَا لَكُم مِّن نَّاصِرِينَ ٣٤
📖 Аударма
Аят 34
Оларға/: «Осы Күнге жолығудыұмыт қалдырғандарыңдай естен шығарғандарындай , Біз де бұл Күні сендерді ұмыт қалдырамыз. Сендердің орындарың От болады әрі сендерге көмектесушілер болмайды
ذَٰلِكُم بِأَنَّكُمُ اتَّخَذْتُمْ آيَاتِ اللَّهِ هُزُوًا وَغَرَّتْكُمُ الْحَيَاةُ الدُّنْيَا ۚ فَالْيَوْمَ لَا يُخْرَجُونَ مِنْهَا وَلَا هُمْ يُسْتَعْتَبُونَ ٣٥
📖 Аударма
Аят 35
Бұл сендерге, Аллаһтың аят-белгілерін мазақ етіп күлгендіктерің әрі бұл өмірдің сендерді қызықтырып, алдап қойғандығы себепті болды», делінеді. Енді бүгін олар ол жерден шығарылмайды әрі олардан тәубеге келіп, Аллаһтың ризалығын алу талап етілмейді
فَلِلَّهِ الْحَمْدُ رَبِّ السَّمَاوَاتِ وَرَبِّ الْأَرْضِ رَبِّ الْعَالَمِينَ ٣٦
📖 Аударма
Аят 36
Барлық мақтау аспандардың Раббысы, жердің Раббысы әрі әлемдердің Раббысы Аллаһқа
وَلَهُ الْكِبْرِيَاءُ فِي السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۖ وَهُوَ الْعَزِيزُ الْحَكِيمُ ٣٧
📖 Аударма
Аят 37
Аспандар мен жердегі ұлылық Онікі. Әрі Ол бәрінен Үстем , аса Дана
Оқу Аль-Джасия сүресі Қазақ тілінде – Аударма және Аудио
Құран Кәрім
Tuesday, August 18, 2026
Don't forget us in your sincere prayers

