Аль-Бакара · 214/286
Аударма Транслитерация — Аль-Бакара сүресі
أَمْ حَسِبْتُمْ أَن تَدْخُلُوا الْجَنَّةَ وَلَمَّا يَأْتِكُم مَّثَلُ الَّذِينَ خَلَوْا مِن قَبْلِكُم ۖ مَّسَّتْهُمُ الْبَأْسَاءُ وَالضَّرَّاءُ وَزُلْزِلُوا حَتَّىٰ يَقُولَ الرَّسُولُ وَالَّذِينَ آمَنُوا مَعَهُ مَتَىٰ نَصْرُ اللَّهِ ۗ أَلَا إِنَّ نَصْرَ اللَّهِ قَرِيبٌ ۝٢١٤
Am hasibtum an tadkhulul jannata wa lammaa yaa-tikum masalul lazeena khalaw min qablikum massathumul baasaaa`u waddarraaaa`u wa zulziloo hattaa yaqoolar Rasoolu wallazeena aamanoo ma`ahoo mataa nasrul laah; alaaa inna nasral laahiqareeb
📖 Қазақ тілінде
Ей, мұсылмандар! Сендерден бұрын өткендерге келген секілді жағдайлар өздеріңе келмей тұрып, жәннатқа кіруді ойладыңдар ма? Оларға таршылық және пәлекеттер тиді әрі Елші және онымен бірге иманға келгендер «Аллаһтың жәрдемі қашан болады» деп айтқанға дейін олар шайқатылды. Біліңдер! Анығында, Аллаһтың жәрдемі жақын

M Mishary Rashid Alafasy ✓
M Mahmoud Khalil Al-Husary ✓
A Abdurrahman As-Sudais ✓
M Mohamed Siddiq Al-Minshawi ✓
A Abdul Basit Abdul Samad ✓
A Ali Al-Hudhaify ✓
A Ahmed ibn Ali al-Ajamy ✓
A Abu Bakr Ash-Shaatree ✓
M Muhammad Ayyoub ✓
A Abdullah Basfar ✓
A Abdullah Al-Juhani ✓
M Maher Al Muaiqly ✓
0:00
0:00
📜

Аударма — Tafsir

  1. Сөздердің мағынасы:
  • حَسِبْتُمْ — ойладыңдар, пайымдадыңдар.
  • مَثَلُ — ұқсастық, соларға ұқсас жағдай.
  • خَلَوْا — өтіп кеткен, бұрын өмір сүрген.
  • مَسَّتْهُمُ — оларға тиді, жетті, бастарынан өтті.
  • الْبَأْسَاءُ — қиыншылық, кедейлік, жоқшылық.
  • الضَّرَّاءُ — ауру-сырқау, дерт, зиян.
  • زُلْزِلُوا — сілкіндірілді, түрлі сынақтармен шайқалды.
  • مَتَى نَصْرُ اللَّهِ — Алланың жеңісі қашан келеді?
  1. Аяттың тәпсірі:

Әй мүміндер! Сендер Алланың жәннатына ешбір қиындықсыз, сынақсыз кіреміз деп ойладыңдар ма? Бұлай болмайды. Сендерден бұрын өткен иман келтірген адамдар да осындай сынақтарға ұшырады. Оларға жоқшылық пен кедейлік тиді, ауру-сырқау және түрлі апаттар жетті. Олар түрлі қорқыныштармен сілкіндіріліп, қатты шайқалды. Тіпті солардың пайғамбары мен онымен бірге иман келтірген мүміндер: «Алланың жеңісі қашан келеді?» — деп, жеңістің тез келуін сұрады. Олар Алланың уәдесіне күмәнданған жоқ, тек жеңісті асыға күтті. Сонда Алла оларға: «Біліп қойыңдар! Шынында Алланың жеңісі жақын», — деп жауап берді. Яғни, Алланың көмегі мен жеңісі сөзсіз келеді, ол кешікпейді.

Бұл аят Мединедегі Хандақ соғысы кезінде мұсылмандардың басына түскен ауыртпалықтарға байланысты түскен. Сол кезде мұсылмандар аштық пен суыққа, қоршауға және қорқынышқа тап болды. Алла Тағала осы аят арқылы олардың жүректерін жұбатты: жәннатқа жету үшін сынақтардан өту қажет, бұл — Алланың бұрынғы үмметтерге де қойған заңы. Иманның шынайылығы сынақ арқылы анықталады. Сабыр еткендерге Алланың жеңісі жақын.

  1. Аяттан алынатын пайдалар:
  • Жәннатқа тек қиындықсыз, сынақсыз жету мүмкін емес. Иманды адам сынаққа дайын болуы керек.
  • Бұрынғы мүміндердің басынан өткен қиындықтар — біз үшін үлгі және жұбаныш. Олар сабыр етті, сондықтан Алла оларға жеңіс берді.
  • Қиындық кезінде «Алланың жеңісі қашан?» деп асығу — адамның әлсіздігі, бірақ бұл күмән емес, жеңісті аңсау. Алла мұны кешіреді.
  • Алланың жеңісі әрқашан жақын. Сабыр еткендерге Алланың көмегі сөзсіз келеді.
  • Бұл аят мұсылманды үмітсіздікке түсуден сақтайды, қиындыққа төзе білуге шақырады және Алланың уәдесіне сенімді болуға үйретеді.
  • Ислам — қиындыққа төзімділік пен Аллаға тәуекел ету діні. Осы аят арқылы әрбір мүмін өз сынағында Алланың жеңісінің жақын екеніне көз жеткізеді.


📜 Аят 212-216 — Аль-Бакара сүресі

212زُيِّنَ لِلَّذِينَ كَفَرُوا الْحَيَاةُ الدُّنْيَا وَيَسْخَرُونَ مِنَ الَّذِينَ آمَنُوا ۘ وَالَّذِينَ اتَّقَوْا فَوْقَهُمْ يَوْمَ الْقِيَامَةِ ۗ وَاللَّهُ يَرْزُقُ مَن يَشَاءُ بِغَيْرِ حِسَابٍ
Күпірлік етушілерге Аллаһқа қарсыкелушілерге бұл өмір көркем етіп көрсетілді және олар иманға келгендерді келеке қылады. Алайда, тақуа болғандар Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандар Қайта тірілу күні олардан жоғары болады. Аллаһ қалағанына өлшеусіз ризық береді
213كَانَ النَّاسُ أُمَّةً وَاحِدَةً فَبَعَثَ اللَّهُ النَّبِيِّينَ مُبَشِّرِينَ وَمُنذِرِينَ وَأَنزَلَ مَعَهُمُ الْكِتَابَ بِالْحَقِّ لِيَحْكُمَ بَيْنَ النَّاسِ فِيمَا اخْتَلَفُوا فِيهِ ۚ وَمَا اخْتَلَفَ فِيهِ إِلَّا الَّذِينَ أُوتُوهُ مِن بَعْدِ مَا جَاءَتْهُمُ الْبَيِّنَاتُ بَغْيًا بَيْنَهُمْ ۖ فَهَدَى اللَّهُ الَّذِينَ آمَنُوا لِمَا اخْتَلَفُوا فِيهِ مِنَ الْحَقِّ بِإِذْنِهِ ۗ وَاللَّهُ يَهْدِي مَن يَشَاءُ إِلَىٰ صِرَاطٍ مُّسْتَقِيمٍ
Адамдар бір ғана үммет болған еді. Аллаһ адамдардың қайшылыққа түскен нәрселеріне қатысты үкім ету үшін қуанышты хабар жеткізуші және ескертуші ретінде пайғамбарларды жіберді әрі олармен бірге ақиқатпен Кітап түсірді. Негізінде, өздеріне анық дәлелдер келгеннен кейін, Кітап берілгендер әділетсіздіктері себебінен өзара қарама-қайшылыққа түсті. Сонда Аллаһ иманға келгендерді, қайшылыққа түскен нәрселеріне байланысты Өз қалауымен ақиқатқа жеткізді. Әрі Аллаһ Өзі қалағанды тура жолмен жүргізеді
214أَمْ حَسِبْتُمْ أَن تَدْخُلُوا الْجَنَّةَ وَلَمَّا يَأْتِكُم مَّثَلُ الَّذِينَ خَلَوْا مِن قَبْلِكُم ۖ مَّسَّتْهُمُ الْبَأْسَاءُ وَالضَّرَّاءُ وَزُلْزِلُوا حَتَّىٰ يَقُولَ الرَّسُولُ وَالَّذِينَ آمَنُوا مَعَهُ مَتَىٰ نَصْرُ اللَّهِ ۗ أَلَا إِنَّ نَصْرَ اللَّهِ قَرِيبٌ
Ей, мұсылмандар! Сендерден бұрын өткендерге келген секілді жағдайлар өздеріңе келмей тұрып, жәннатқа кіруді ойладыңдар ма? Оларға таршылық және пәлекеттер тиді әрі Елші және онымен бірге иманға келгендер «Аллаһтың жәрдемі қашан болады» деп айтқанға дейін олар шайқатылды. Біліңдер! Анығында, Аллаһтың жәрдемі жақын
215يَسْأَلُونَكَ مَاذَا يُنفِقُونَ ۖ قُلْ مَا أَنفَقْتُم مِّنْ خَيْرٍ فَلِلْوَالِدَيْنِ وَالْأَقْرَبِينَ وَالْيَتَامَىٰ وَالْمَسَاكِينِ وَابْنِ السَّبِيلِ ۗ وَمَا تَفْعَلُوا مِنْ خَيْرٍ فَإِنَّ اللَّهَ بِهِ عَلِيمٌ
Ей, Мұхаммед! Олар сенен не жұмсауға болатынын сұрайды. Айт: «Жақсылықтан нені жұмсасаңдар ата-анаға, жақындарға, жетімдерге, кедейлерге және жолда қалғанға жұмсаңдар. Қандай қайырлы іс істесеңдер де әлбетте, Аллаһ оны Білуші», -деп
216كُتِبَ عَلَيْكُمُ الْقِتَالُ وَهُوَ كُرْهٌ لَّكُمْ ۖ وَعَسَىٰ أَن تَكْرَهُوا شَيْئًا وَهُوَ خَيْرٌ لَّكُمْ ۖ وَعَسَىٰ أَن تُحِبُّوا شَيْئًا وَهُوَ شَرٌّ لَّكُمْ ۗ وَاللَّهُ يَعْلَمُ وَأَنتُمْ لَا تَعْلَمُونَ
Сендерге жағымсыз болса да соғыс парыз етілді. Сендер бір нәрсені ұнатпағанмен, ол сендер үшін қайырлы болуы мүмкін. Ал сендер бір нәрсені жақсы көргенмен, ол сендер үшін жамандық болуы мүмкін. Аллаһ біледі, сендер білмейсіңдер
Аль-БакараҚұран тізімі
286Аят
MedinanRevelation
214Аят

Аударма — Аль-Бакара 214

Аль-Бакара сүресі Аят 214 - Оқу, Тыңда, Аударма, Қазақша : Ей, мұсылмандар! Сендерден бұрын өткендерге келген секілді жағдайлар өздеріңе келмей…

Сүресі Аят 214/286 — Аль-Бакара сүресі البقرة (Medinan). Оқу Тыңда Аударма (Қазақша). Тыңда: Аль-Бакара сүресі Тыңда, Аль-Бакара сүресі Аударма, Аль-Бакара сүресі mp3, Аль-Бакара сүресі pdf. Аят 212–216. Қазақ тілінде: Русский.





Құран Кәрім


Monday, September 28, 2026

Don't forget us in your sincere prayers