Ан-Ниса · 19/176
Аударма Транслитерация — Ан-Ниса сүресі
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا يَحِلُّ لَكُمْ أَن تَرِثُوا النِّسَاءَ كَرْهًا ۖ وَلَا تَعْضُلُوهُنَّ لِتَذْهَبُوا بِبَعْضِ مَا آتَيْتُمُوهُنَّ إِلَّا أَن يَأْتِينَ بِفَاحِشَةٍ مُّبَيِّنَةٍ ۚ وَعَاشِرُوهُنَّ بِالْمَعْرُوفِ ۚ فَإِن كَرِهْتُمُوهُنَّ فَعَسَىٰ أَن تَكْرَهُوا شَيْئًا وَيَجْعَلَ اللَّهُ فِيهِ خَيْرًا كَثِيرًا ۝١٩
Yaaa aiyuhal lazeena aamanoo laa yahillu lakum an tarisun nisaaa`a karhan wa laa ta`duloohunna litazhaboo biba`di maaa aataitumoohunna illaaa ai yaateena bifaahishatim bubaiyinah; wa `aashiroo hunna bilma`roof; fa in karihtumoohunna fa`asaaa an takrahoo shai`anw wa yaj`alal laahu feehi khairan kaseeraa
📖 Қазақ тілінде
Ей, иманға келгендер! Сендерге әйелдерді олардың еркінен тыс, мирас етіп алуға рұқсат етілмейді. Егер олар өз әйелдерің анық азғындық-жиіркенішті іс ойнастық істемесе, оларға бергендеріңнің мәһрдің бір бөлігін алу үшін оларды зорлықпен ұстамаңдар. Сондай-ақ олармен құпталғанға сай жақсы қарым-қатынас жасаңдар. Егер оларды жақтырмасаңдар сабыр сақтаңдар ,- сендерге бір нәрсе ұнамауы мүмкін, ал Аллаһ сол нәрседе көп қайыр игілік жасап қоюы мүмкін

M Mishary Rashid Alafasy ✓
M Mahmoud Khalil Al-Husary ✓
A Abdurrahman As-Sudais ✓
M Mohamed Siddiq Al-Minshawi ✓
A Abdul Basit Abdul Samad ✓
A Ali Al-Hudhaify ✓
A Ahmed ibn Ali al-Ajamy ✓
A Abu Bakr Ash-Shaatree ✓
M Muhammad Ayyoub ✓
A Abdullah Basfar ✓
A Abdullah Al-Juhani ✓
M Maher Al Muaiqly ✓
0:00
0:00
📜

Аударма — Tafsir

  1. Сөздердің мағынасы:
  • لَا يَحِلُّ لَكُمْ – сендерге адал емес, рұқсат етілмейді.
  • أَن تَرِثُوا النِّسَاءَ كَرْهًا – әйелдерді мұра ретінде иемдену, олардың көңіліне қарсы.
  • تَعْضُلُوهُنَّ – әйелдерге қысым жасау, оларды ұстап қалу, кедергі болу.
  • فَاحِشَةٍ مُّبَيِّنَةٍ – ашық азғындық, айқын жамандық.
  • عَاشِرُوهُنَّ بِالْمَعْرُوفِ – әйелдермен жақсылықпен, ізеттілікпен қарым-қатынас жасау.
  • عَسَى – мүмкін, бәлкім деген мағынада.
  1. Аяттың тәпсірі:

Уа, иман келтіргендер! Сендерге әйелдерді мұра ретінде иемдену – яғни әкелеріңнің немесе туыстарыңның қайтыс болғанынан кейін олардың әйелдерін өздеріңе әйелдікке алу, көңілдеріне қарсы тұрмысқа беру немесе тұрмысқа шығуларына кедергі жасау – адал емес. Бұл – надандық дәуірінен қалған әдет. Сондай-ақ әйелдеріңді өздерің берген мал-мүліктен, мәһірден айыру үшін оларға қысым жасауларың да адал емес. Тек олар ашық азғындық жасаса, онда сендерге оларды ұстап қалып, бергендеріңді қайтаруға жол бар. Ал әйелдеріңмен қарым-қатынастарың ізеттілік пен жақсылыққа негізделсін: олардың құқықтарын орындаңдар, сөздерің жұмсақ, істерің көркем болсын. Егер оларды бір себептермен ұнатпасаңдар, асықпай шыдаңдар. Бәлкім, сендер ұнатпаған нәрседе Алла көп жақсылық жасап қояр – мысалы, жақсы ұрпақ, жүректеріңде сүйіспеншілік пен ынтымақ пайда болуы мүмкін.

  1. Аяттан алынатын пайдалар:
  • Ислам әйелдерге үлкен құрмет пен әділдік орнатады: оларды мұра ретінде иемденуге, күшпен ұстауға немесе құқықтарынан айыруға тыйым салынады.
  • Отбасылық өмірде жақсылықпен, ізеттілікпен қарым-қатынас жасау – иманның көрінісі және Алланың әмірі.
  • Шыдамдылық пен кешірімнің артында көп жақсылық болуы мүмкін: адам ұнатпаған нәрсесінде Алла тағала үлкен игілік жасырып қоюы ықтимал.
  • Бұл аят адамдарды әділеттілікке, мейірімділікке және отбасын сақтауға шақырады, сондықтан Ислам – адам баласының бақыты мен қадір-қасиетін қорғайтын дін екенін көрсетеді.


📜 Аят 17-21 — Ан-Ниса сүресі

17إِنَّمَا التَّوْبَةُ عَلَى اللَّهِ لِلَّذِينَ يَعْمَلُونَ السُّوءَ بِجَهَالَةٍ ثُمَّ يَتُوبُونَ مِن قَرِيبٍ فَأُولَٰئِكَ يَتُوبُ اللَّهُ عَلَيْهِمْ ۗ وَكَانَ اللَّهُ عَلِيمًا حَكِيمًا
Шын мәнінде, білместікпен жаман іс жасап қойып, содан кейін жақын арада істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтатындардың тәубеге келетіндердің тәубесін қабылдау Аллаһқа тән. Міне, солардың тәубесін Аллаһ қабыл етеді. Аллаһ бәрін Білуші, аса Дана
18وَلَيْسَتِ التَّوْبَةُ لِلَّذِينَ يَعْمَلُونَ السَّيِّئَاتِ حَتَّىٰ إِذَا حَضَرَ أَحَدَهُمُ الْمَوْتُ قَالَ إِنِّي تُبْتُ الْآنَ وَلَا الَّذِينَ يَمُوتُونَ وَهُمْ كُفَّارٌ ۚ أُولَٰئِكَ أَعْتَدْنَا لَهُمْ عَذَابًا أَلِيمًا
Жаман істер жасап жүріп, ал өздеріне өлім келген кезде: «Енді мен істеген күнәма өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайттым тәубе қылдым », деп айтатындардың және кәпір күйлерінде өлгендердің тәубелері қабыл етілмейді. Міне, соларға Біз күйзелтуші азап әзірледік
19يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا يَحِلُّ لَكُمْ أَن تَرِثُوا النِّسَاءَ كَرْهًا ۖ وَلَا تَعْضُلُوهُنَّ لِتَذْهَبُوا بِبَعْضِ مَا آتَيْتُمُوهُنَّ إِلَّا أَن يَأْتِينَ بِفَاحِشَةٍ مُّبَيِّنَةٍ ۚ وَعَاشِرُوهُنَّ بِالْمَعْرُوفِ ۚ فَإِن كَرِهْتُمُوهُنَّ فَعَسَىٰ أَن تَكْرَهُوا شَيْئًا وَيَجْعَلَ اللَّهُ فِيهِ خَيْرًا كَثِيرًا
Ей, иманға келгендер! Сендерге әйелдерді олардың еркінен тыс, мирас етіп алуға рұқсат етілмейді. Егер олар өз әйелдерің анық азғындық-жиіркенішті іс ойнастық істемесе, оларға бергендеріңнің мәһрдің бір бөлігін алу үшін оларды зорлықпен ұстамаңдар. Сондай-ақ олармен құпталғанға сай жақсы қарым-қатынас жасаңдар. Егер оларды жақтырмасаңдар сабыр сақтаңдар ,- сендерге бір нәрсе ұнамауы мүмкін, ал Аллаһ сол нәрседе көп қайыр игілік жасап қоюы мүмкін
20وَإِنْ أَرَدتُّمُ اسْتِبْدَالَ زَوْجٍ مَّكَانَ زَوْجٍ وَآتَيْتُمْ إِحْدَاهُنَّ قِنطَارًا فَلَا تَأْخُذُوا مِنْهُ شَيْئًا ۚ أَتَأْخُذُونَهُ بُهْتَانًا وَإِثْمًا مُّبِينًا
Ал, егер бір әйелмен ажырасып, ор­нына басқа әйелді алуды қаласаңдар, сонда олардың біріне мол дүние берген болсаңдар да одан ешнәрсе алмаңдар. Оны жалғандықпен және анық күнә жасап аласыңдар ма
21وَكَيْفَ تَأْخُذُونَهُ وَقَدْ أَفْضَىٰ بَعْضُكُمْ إِلَىٰ بَعْضٍ وَأَخَذْنَ مِنكُم مِّيثَاقًا غَلِيظًا
Оны әйелге бергендеріңді қалай аласыңдар? Ақиқатында, сендер бір-біріңе қосылып әрі олар сендерден қатаң серт алған еді
Ан-НисаҚұран тізімі
176Аят
MedinanRevelation
19Аят

Аударма — Ан-Ниса 19

Ан-Ниса сүресі Аят 19 - Оқу, Тыңда, Аударма, Қазақша : Ей, иманға келгендер! Сендерге әйелдерді олардың еркінен тыс, мирас етіп…

Сүресі Аят 19/176 — Ан-Ниса сүресі النساء (Medinan). Оқу Тыңда Аударма (Қазақша). Тыңда: Ан-Ниса сүресі Тыңда, Ан-Ниса сүресі Аударма, Ан-Ниса сүресі mp3, Ан-Ниса сүресі pdf. Аят 17–21. Қазақ тілінде: Русский.





Құран Кәрім


Monday, September 28, 2026

Don't forget us in your sincere prayers