حم(1) Ха. Мим |
وَالْكِتَابِ الْمُبِينِ(2) Анық Кітаппен ант етемін |
إِنَّا أَنزَلْنَاهُ فِي لَيْلَةٍ مُّبَارَكَةٍ ۚ إِنَّا كُنَّا مُنذِرِينَ(3) Ақиқатында, Біз оны берекелі түнде түсірдік. Шын мәнінде, Біз ескертіп, сақтандырамыз |
فِيهَا يُفْرَقُ كُلُّ أَمْرٍ حَكِيمٍ(4) Ол түні әрбір хикметті бұйрықтар бөлінеді |
أَمْرًا مِّنْ عِندِنَا ۚ إِنَّا كُنَّا مُرْسِلِينَ(5) Біздің әміріміз бойынша. Анығында, Біз жіберуші болдық |
رَحْمَةً مِّن رَّبِّكَ ۚ إِنَّهُ هُوَ السَّمِيعُ الْعَلِيمُ(6) Раббыңнан бір мейірім етіп. Ақиқатында, Ол бәрін Естуші , барлық нәрсені Білуші |
رَبِّ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَمَا بَيْنَهُمَا ۖ إِن كُنتُم مُّوقِنِينَ(7) Егер айқын сенуші болсаңдар, бұл мейірім аспандардың және жердің әрі ол екеуінің арасындағылардың Раббысынан |
لَا إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ يُحْيِي وَيُمِيتُ ۖ رَبُّكُمْ وَرَبُّ آبَائِكُمُ الْأَوَّلِينَ(8) Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ол тірілтеді және өлтіреді. Ол сендердің Раббың әрі бұрынғы ата-бабаларыңның да Раббысы |
بَلْ هُمْ فِي شَكٍّ يَلْعَبُونَ(9) Бірақ олар сенбейтіндер күмәнда болып, ойын етіп жүр |
فَارْتَقِبْ يَوْمَ تَأْتِي السَّمَاءُ بِدُخَانٍ مُّبِينٍ(10) Ей, Мұхаммед! Ал, сен аспан анық түтінді әкелетін Күнді күт |
يَغْشَى النَّاسَ ۖ هَٰذَا عَذَابٌ أَلِيمٌ(11) Ол адамдарды орап алады. Бұл күйзелтуші азап |
رَّبَّنَا اكْشِفْ عَنَّا الْعَذَابَ إِنَّا مُؤْمِنُونَ(12) Олар : «Раббымыз! Бізді азаптан айықтыр, біз иманға келеміз»,- дейді |
أَنَّىٰ لَهُمُ الذِّكْرَىٰ وَقَدْ جَاءَهُمْ رَسُولٌ مُّبِينٌ(13) Оларда еске алу қалай болсын, анығында оларға анық түсіндіруші Елші келген еді ғой |
ثُمَّ تَوَلَّوْا عَنْهُ وَقَالُوا مُعَلَّمٌ مَّجْنُونٌ(14) Кейін олар одан теріс бұрылды әрі: «Үйретілген, жын соққан», деді |
إِنَّا كَاشِفُو الْعَذَابِ قَلِيلًا ۚ إِنَّكُمْ عَائِدُونَ(15) (Негізінде, Біз азапты аз уақытқа арылта тұрамыз. Алайда сендер имансыздьіща) қайта ораласыңдар |
يَوْمَ نَبْطِشُ الْبَطْشَةَ الْكُبْرَىٰ إِنَّا مُنتَقِمُونَ(16) Сол қиямет күні Біз имансыздарды қатты ұстаумен ұстаймыз, сонда, Біз сөзсіз, жазалаймыз |
۞ وَلَقَدْ فَتَنَّا قَبْلَهُمْ قَوْمَ فِرْعَوْنَ وَجَاءَهُمْ رَسُولٌ كَرِيمٌ(17) Әрі Біз олардан бұрын Фиръаунның елін сынаған едік. Әрі оларға бір ардақты Елші келді |
أَنْ أَدُّوا إِلَيَّ عِبَادَ اللَّهِ ۖ إِنِّي لَكُمْ رَسُولٌ أَمِينٌ(18) Ол : «Аллаһтың құлдарын маған тапсырыңдар. Ақиқатында мен сендерге жіберілген сенімді Елшімін |
وَأَن لَّا تَعْلُوا عَلَى اللَّهِ ۖ إِنِّي آتِيكُم بِسُلْطَانٍ مُّبِينٍ(19) Аллаһқа қарсы менмендік етпеңдер, мен сендерге анық дәлелмен келдім |
وَإِنِّي عُذْتُ بِرَبِّي وَرَبِّكُمْ أَن تَرْجُمُونِ(20) Әрі мен сендердің таспен ұруларыңнан өзімнің Раббым әрі сендердің Раббыңа Аллаһқа сиынып, Оның қорғауына жүгіндім |
وَإِن لَّمْ تُؤْمِنُوا لِي فَاعْتَزِلُونِ(21) Егер маған сенбесеңдер, онда менен аулақ болыңдар», деді |
فَدَعَا رَبَّهُ أَنَّ هَٰؤُلَاءِ قَوْمٌ مُّجْرِمُونَ(22) Сөйтіп кейін ол: «Негізінде, бұлар қылмыскер ел», деп, Раббысына жалбарынды |
فَأَسْرِ بِعِبَادِي لَيْلًا إِنَّكُم مُّتَّبَعُونَ(23) Сонда: «Құлдарымды алып, түнде жолға шық. Олар сендердің соңдарыңнан түседі |
وَاتْرُكِ الْبَحْرَ رَهْوًا ۖ إِنَّهُمْ جُندٌ مُّغْرَقُونَ(24) Әрі теңізді тыныш күйінде қалдыр, өйткені олар фиръаундықтар суға батырылатын әскер»,- деген уахи келді |
كَمْ تَرَكُوا مِن جَنَّاتٍ وَعُيُونٍ(25) Олар қаншама бақтар мен бұлақтарды қалдырды |
وَزُرُوعٍ وَمَقَامٍ كَرِيمٍ(26) егіндер мен кең салтанатты орын жайларды |
وَنَعْمَةٍ كَانُوا فِيهَا فَاكِهِينَ(27) әрі өздері рахатын көрген игіліктерді |
كَذَٰلِكَ ۖ وَأَوْرَثْنَاهَا قَوْمًا آخَرِينَ(28) Міне осылай! Біз бұлардың барлығын басқа елге мұра етіп бердік |
فَمَا بَكَتْ عَلَيْهِمُ السَّمَاءُ وَالْأَرْضُ وَمَا كَانُوا مُنظَرِينَ(29) Оларға фиръаундықтарға аспан да, жер де жыламады әрі оларға ұзартылмады мұрсат берілмеді |
وَلَقَدْ نَجَّيْنَا بَنِي إِسْرَائِيلَ مِنَ الْعَذَابِ الْمُهِينِ(30) Әрі Біз Исраил ұрпақтарын қорлаушы азаптан құтқардық |
مِن فِرْعَوْنَ ۚ إِنَّهُ كَانَ عَالِيًا مِّنَ الْمُسْرِفِينَ(31) Фиръауннан. Анығында, ол өзін жоғары санап, менменсіген әрі шектен шығушылардан еді |
وَلَقَدِ اخْتَرْنَاهُمْ عَلَىٰ عِلْمٍ عَلَى الْعَالَمِينَ(32) Әрі Біз оларды білімімізбен әлемдерден таңдадық |
وَآتَيْنَاهُم مِّنَ الْآيَاتِ مَا فِيهِ بَلَاءٌ مُّبِينٌ(33) Біз оларға белгі-мұғжизаларды бердік. Оларда анық сынақтар бар еді |
إِنَّ هَٰؤُلَاءِ لَيَقُولُونَ(34) Ақиқатында, бұлар мүшріктер әлбетте былай деп айтады |
إِنْ هِيَ إِلَّا مَوْتَتُنَا الْأُولَىٰ وَمَا نَحْنُ بِمُنشَرِينَ(35) «Біздің тек бірінші өлуіміз ғана бар әрі біз қайта тірілтілмейміз |
فَأْتُوا بِآبَائِنَا إِن كُنتُمْ صَادِقِينَ(36) Егер шын сөзді болсаңдар, аталарымызды келтіріңдер», деп |
أَهُمْ خَيْرٌ أَمْ قَوْمُ تُبَّعٍ وَالَّذِينَ مِن قَبْلِهِمْ ۚ أَهْلَكْنَاهُمْ ۖ إِنَّهُمْ كَانُوا مُجْرِمِينَ(37) Олар артық па, әлде Туббаъның елі және олардан бұрын өткендер ме? Біз оларды жойып жібердік. Өйткені олар қылмыскер еді |
وَمَا خَلَقْنَا السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ وَمَا بَيْنَهُمَا لَاعِبِينَ(38) Біз аспандарды және жерді әрі екеуінің арасындағыларын ермек етіп, бостан-бос жаратқан жоқпыз |
مَا خَلَقْنَاهُمَا إِلَّا بِالْحَقِّ وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَهُمْ لَا يَعْلَمُونَ(39) Біз екеуін ақиқатпен ғана жараттық. Бірақ олардың көбі білмейді |
إِنَّ يَوْمَ الْفَصْلِ مِيقَاتُهُمْ أَجْمَعِينَ(40) Шын мәнінде, Айыру Күні олардың барлығы үшін белгіленген мерзім |
يَوْمَ لَا يُغْنِي مَوْلًى عَن مَّوْلًى شَيْئًا وَلَا هُمْ يُنصَرُونَ(41) Ол күні ешбір жақын жақынына пайда бермейді әрі оларға көмек те көрсетілмейді |
إِلَّا مَن رَّحِمَ اللَّهُ ۚ إِنَّهُ هُوَ الْعَزِيزُ الرَّحِيمُ(42) тек Аллаһ мейіріміне бөлегендер ғана басқа. Ақиқатында, Ол бәрінен Үстем, ерекше Мейірімді |
إِنَّ شَجَرَتَ الزَّقُّومِ(43) Күдіксіз, заққұм ағашы |
طَعَامُ الْأَثِيمِ(44) күнәһардың тамағы |
كَالْمُهْلِ يَغْلِي فِي الْبُطُونِ(45) Ол қарындарда балқыған мыс секілді қайнайды |
كَغَلْيِ الْحَمِيمِ(46) қайнап тұрғаны судың бұрқылдап қайнағанындай |
خُذُوهُ فَاعْتِلُوهُ إِلَىٰ سَوَاءِ الْجَحِيمِ(47) Оны ұстаңдар да Жахимнің ортасына сүйретіп апарыңдар |
ثُمَّ صُبُّوا فَوْقَ رَأْسِهِ مِنْ عَذَابِ الْحَمِيمِ(48) Содан кейін оның басының үстінен қайнап тұрған судың азабынан құйыңдар |
ذُقْ إِنَّكَ أَنتَ الْعَزِيزُ الْكَرِيمُ(49) Сонда сенбеушілерге : «Татып көр, сен «күшті, құрметтісің» ғой |
إِنَّ هَٰذَا مَا كُنتُم بِهِ تَمْتَرُونَ(50) Анығында, бұл сендердің күмәнданып келгендерің |
إِنَّ الْمُتَّقِينَ فِي مَقَامٍ أَمِينٍ(51) Ақиқатында, тақуалар Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар бейбіт орындарда |
فِي جَنَّاتٍ وَعُيُونٍ(52) Жәннат бақтары мен бұлақтарында |
يَلْبَسُونَ مِن سُندُسٍ وَإِسْتَبْرَقٍ مُّتَقَابِلِينَ(53) Олар жұқа және қалың жібектен киімдер киіп, бір-біріне жүзбе-жүз халде отырады |
كَذَٰلِكَ وَزَوَّجْنَاهُم بِحُورٍ عِينٍ(54) Осылай! Әрі оларды аппақ, көздері үлкен де әдемілермен хурлармен үйлендіреміз |
يَدْعُونَ فِيهَا بِكُلِّ فَاكِهَةٍ آمِنِينَ(55) Олар ол жерде амандықта болып, кез келген жемісті алдыра алады |
لَا يَذُوقُونَ فِيهَا الْمَوْتَ إِلَّا الْمَوْتَةَ الْأُولَىٰ ۖ وَوَقَاهُمْ عَذَابَ الْجَحِيمِ(56) Алғашқы өлімнен кейін ол жерде олар өлімді татпайды. Әрі Ол оларды Жахим азабынан сақтаған |
فَضْلًا مِّن رَّبِّكَ ۚ ذَٰلِكَ هُوَ الْفَوْزُ الْعَظِيمُ(57) Ей, Мұхаммед! Бұл сенің Раббыңның кеңшілігімен. Міне, осы ұлы жетістік |
فَإِنَّمَا يَسَّرْنَاهُ بِلِسَانِكَ لَعَلَّهُمْ يَتَذَكَّرُونَ(58) Шын мәнінде, Біз оны Құранды олардың еске алулары үшін сенің тіліңде жеңілдеттік |
فَارْتَقِبْ إِنَّهُم مُّرْتَقِبُونَ(59) Енді күт, негізінде олар да күтуде |