PDF —
30 Аят Meccan PDF
Built right in your browser — download starts automatically

Аль-Фаджр сүресі pdf — Жүктеу (Қазақша)

Аль-Фаджр сүресі pdf Қазақша — Жүктеу Аль-Фаджр сүресі Аударма. Аль-Фаджр сүресі (Meccan) 30 Аят.

← Аль-ГашияАль-Фаджр сүресі Аль-Балад →


30 Аят · Meccan · Қазақша
bismillah
ﭤﭥ
89:1 Таңғы араймен ант етемін
ﭦﭧﭨ
89:2 Әрі он түнмен
ﭩﭪﭫ
89:3 және жұп әрі тақпен
ﭬﭭﭮﭯ
89:4 және өтіп бара жатқан түнмен ант етемін
ﭰﭱﭲﭳﭴﭵﭶ
89:5 Міне осылар, ақылына иелік ететіндер үшін жеткілікті ант емес пе
ﭷﭸﭹﭺﭻﭼﭽ
89:6 Ей, Мұхаммед! Раббыңның адтықтармен не істегенін көрмедің бе
ﭾﭿﮀﮁ
89:7 ұзын бағаналары бар Ирамға
ﮂﮃﮄﮅﮆﮇﮈ
89:8 Олардың ұқсасы басқа елдерде жасалмаған еді
ﮉﮊﮋﮌﮍﮎ
89:9 Әрі ойпаттарда жартастарды ойған сәмұдтықтарға
ﮏﮐﮑﮒ
89:10 және қазықтар иесі Фиръаунға
ﮓﮔﮕﮖﮗ
89:11 Олар елдерде шектен шығып
ﮘﮙﮚﮛ
89:12 әрі онда бұзықтықты көбейткен еді
ﮜﮝﮞﮟﮠﮡ
89:13 Сонда Раббың Оларға азап қамшысын жаудырды
ﮢﮣﮤﮥ
89:14 Анығында, Раббың сөзсіз бақылап тұрушы
ﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯﮰﮱ
89:15 Адамды Раббысы сынап, оны құрметтесе және игілікке бөлесе, ол: «Раббым мені кұрметтеді»,- дейді
ﯓﯔﯕﯖﯗﯘﯙﯚﯛﯜﯝ
89:16 Ал, қашан оны сынап, ризық-несбесін тарылтса, онда ол: «Раббым мені қорлады»,- дейді
ﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤ
89:17 Жоқ, олай емес! Сендер жетімге ізет көрсетпейсіңдер
ﯥﯦﯧﯨﯩﯪ
89:18 және кедейді тамақтандыруға бір-біріңді қызықтырып, түрткіболмайсыңдар
ﯫﯬﯭﯮﯯ
89:19 әрі мирасты бөлмей, өздерің жейсіңдер
ﯰﯱﯲﯳﯴ
89:20 Сондай-ақ дүние-мүлікті өте қатты жақсы көресіңдер
ﯵﯶﯷﯸﯹﯺﯻﯼ
89:21 Жоқ, олай емес! Жер сілкініп теп-тегіс болған кезде
ﯽﯾﯿﰀﰁﰂ
89:22 әрі Раббың және сап-сап болып періштелер келген кезде
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛ
89:23 және ол күні Жаһаннам келтірілген кезде міне, сол күні адам еске түсіреді. Алайда, еске түсіруден оған не пайда
ﭜﭝﭞﭟﭠ
89:24 Ол: «Әттең! Өмірім үшін ізгі амалдар жіберген болсам еді»,- дейді
ﭡﭢﭣﭤﭥﭦ
89:25 Сол күні Оның азабындай, ешкім де азаптай алмайды
ﭧﭨﭩﭪﭫ
89:26 әрі Оның бұғаулап байлағанындай ешкім байлай алмайды
ﭬﭭﭮﭯ
89:27 Ей, орнығып, тыныштық тапқан жан
ﭰﭱﭲﭳﭴﭵ
89:28 Раббыңа разы болған және разылығын алған күйде қайт
ﭶﭷﭸﭹ
89:29 Енді құлдарымның қатарына кір
ﭺﭻﭼ
89:30 Әрі Менің жәннатыма кір

Құран Кәрім


Wednesday, September 9, 2026

Don't forget us in your sincere prayers