Аль-Кияма сүресі арабша және қазақша

Аль-Кияма сүресін толық қазақша аударма, транслитерация және аудио оқылыммен оқыңыз. Аят-аят аударма. (40 Аят — مكية). Аль-Кияма Тыңда, Аль-Кияма Аударма, Аль-Кияма mp3, Аль-Кияма pdf.

Аль-Кияма сүресін оқы және тыңда

🎧 Аят
M Mishary Rashid Alafasy
M Mahmoud Khalil Al-Husary
A Abdurrahman As-Sudais
M Mohamed Siddiq Al-Minshawi
A Abdul Basit Abdul Samad
A Ali Al-Hudhaify
A Ahmed ibn Ali al-Ajamy
A Abu Bakr Ash-Shaatree
M Muhammad Ayyoub
A Abdullah Basfar
A Abdullah Al-Juhani
M Maher Al Muaiqly
x1
لَا أُقْسِمُ بِيَوْمِ الْقِيَامَةِ ۝١
📖 Аударма Аят 1
Жоқ! Қайта тірілу күнімен ант етемін
وَلَا أُقْسِمُ بِالنَّفْسِ اللَّوَّامَةِ ۝٢
📖 Аударма Аят 2
Әрі жазғырушы жанмен ант етемін
أَيَحْسَبُ الْإِنسَانُ أَلَّن نَّجْمَعَ عِظَامَهُ ۝٣
📖 Аударма Аят 3
Адам баласы, Біз сүйектерін жинай алмайды деп есептей ме
بَلَىٰ قَادِرِينَ عَلَىٰ أَن نُّسَوِّيَ بَنَانَهُ ۝٤
📖 Аударма Аят 4
Күмәнсіз, оның саусақтарының ұштарын да қалпына келтіруге күшіміз жетеді
بَلْ يُرِيدُ الْإِنسَانُ لِيَفْجُرَ أَمَامَهُ ۝٥
📖 Аударма Аят 5
Алайда, адам алдағы уақытта да бұзық іс істеуді қалайды
يَسْأَلُ أَيَّانَ يَوْمُ الْقِيَامَةِ ۝٦
📖 Аударма Аят 6
Ол: «Қайта тірілу күні қашан?» деп сұрайды
فَإِذَا بَرِقَ الْبَصَرُ ۝٧
📖 Аударма Аят 7
Қашан көз қатты үрейленіп көруден қалғанда
وَخَسَفَ الْقَمَرُ ۝٨
📖 Аударма Аят 8
және ай тұтылған сәулесі өшкен
وَجُمِعَ الشَّمْسُ وَالْقَمَرُ ۝٩
📖 Аударма Аят 9
әрі күн мен ай біріктірілген кезде
يَقُولُ الْإِنسَانُ يَوْمَئِذٍ أَيْنَ الْمَفَرُّ ۝١٠
📖 Аударма Аят 10
сол күні адам: «Қашатын жер қайда?»- дейді
كَلَّا لَا وَزَرَ ۝١١
📖 Аударма Аят 11
Жоқ! Паналайтын ешқандай орын жоқ
إِلَىٰ رَبِّكَ يَوْمَئِذٍ الْمُسْتَقَرُّ ۝١٢
📖 Аударма Аят 12
Ол күні тұрақтар орын сенің Раббыңда
يُنَبَّأُ الْإِنسَانُ يَوْمَئِذٍ بِمَا قَدَّمَ وَأَخَّرَ ۝١٣
📖 Аударма Аят 13
Сол күні адам баласына ілгері жібергендері және кейінге қалдырғандары туралы хабар етіледі
بَلِ الْإِنسَانُ عَلَىٰ نَفْسِهِ بَصِيرَةٌ ۝١٤
📖 Аударма Аят 14
Күмәнсіз, адам өз-өзіне қарсы куәлік береді
وَلَوْ أَلْقَىٰ مَعَاذِيرَهُ ۝١٥
📖 Аударма Аят 15
тіпті ол, өз уәж-сылтауларын ортаға салса да
لَا تُحَرِّكْ بِهِ لِسَانَكَ لِتَعْجَلَ بِهِ ۝١٦
📖 Аударма Аят 16
Ей, Мұхаммед! Оған уахиды жаттауға асығып, тіліңді қимылдатпа
إِنَّ عَلَيْنَا جَمْعَهُ وَقُرْآنَهُ ۝١٧
📖 Аударма Аят 17
Анығында, оны жинау және оқып беру Біздің міндетімізде
فَإِذَا قَرَأْنَاهُ فَاتَّبِعْ قُرْآنَهُ ۝١٨
📖 Аударма Аят 18
Ал, Біз оны оқығанда, оның оқылуына ілес
ثُمَّ إِنَّ عَلَيْنَا بَيَانَهُ ۝١٩
📖 Аударма Аят 19
содан кейін оны түсіндіру Біздің міндетімізде
كَلَّا بَلْ تُحِبُّونَ الْعَاجِلَةَ ۝٢٠
📖 Аударма Аят 20
Жоқ! Негізінде, сендер осы өмірді ұнатасыңдар
وَتَذَرُونَ الْآخِرَةَ ۝٢١
📖 Аударма Аят 21
ал, соңғы, мәңгілік өмірді ақиретті тастап, қалдырып қоясыңдар
وُجُوهٌ يَوْمَئِذٍ نَّاضِرَةٌ ۝٢٢
📖 Аударма Аят 22
Ол күні кейбір жүздер жайнап
إِلَىٰ رَبِّهَا نَاظِرَةٌ ۝٢٣
📖 Аударма Аят 23
Раббысына қарайды
وَوُجُوهٌ يَوْمَئِذٍ بَاسِرَةٌ ۝٢٤
📖 Аударма Аят 24
Әрі ол күні кейбір жүздер түнеріп
تَظُنُّ أَن يُفْعَلَ بِهَا فَاقِرَةٌ ۝٢٥
📖 Аударма Аят 25
Омыртқа үзілетіндей іс азап болатынына көздері жетеді
كَلَّا إِذَا بَلَغَتِ التَّرَاقِيَ ۝٢٦
📖 Аударма Аят 26
Жоқ, олай емес! Қашан ол жан алқымға жеткен кезде
وَقِيلَ مَنْ ۜ رَاقٍ ۝٢٧
📖 Аударма Аят 27
әрі «Кім шара көреді», делінгенде
وَظَنَّ أَنَّهُ الْفِرَاقُ ۝٢٨
📖 Аударма Аят 28
және ол, шын мәнінде, бұл айрылу екенін сезгенде
وَالْتَفَّتِ السَّاقُ بِالسَّاقِ ۝٢٩
📖 Аударма Аят 29
балтыр балтырға қосылған кезде
إِلَىٰ رَبِّكَ يَوْمَئِذٍ الْمَسَاقُ ۝٣٠
📖 Аударма Аят 30
сол күні сенің Раббыңа айдалады
فَلَا صَدَّقَ وَلَا صَلَّىٰ ۝٣١
📖 Аударма Аят 31
Өйткені ол шын деп білмеді сенбеді және намаз оқымады
وَلَٰكِن كَذَّبَ وَتَوَلَّىٰ ۝٣٢
📖 Аударма Аят 32
Керісінше, оны өтірік санап, теріс бұрылды
ثُمَّ ذَهَبَ إِلَىٰ أَهْلِهِ يَتَمَطَّىٰ ۝٣٣
📖 Аударма Аят 33
кейін ол кердеңдей басып, өзінің үй-ішіне кетті
أَوْلَىٰ لَكَ فَأَوْلَىٰ ۝٣٤
📖 Аударма Аят 34
Сорың құрсын, сенің, сорың құрғыр
ثُمَّ أَوْلَىٰ لَكَ فَأَوْلَىٰ ۝٣٥
📖 Аударма Аят 35
Сосын тағы сорың құрсын, соры қайнағыр
أَيَحْسَبُ الْإِنسَانُ أَن يُتْرَكَ سُدًى ۝٣٦
📖 Аударма Аят 36
Адам баласы өз бетімен қараусыз, бос қалдырыламын деп ойлай ма
أَلَمْ يَكُ نُطْفَةً مِّن مَّنِيٍّ يُمْنَىٰ ۝٣٧
📖 Аударма Аят 37
Ол төгілген мәниден ұрық сұйығынан бір тамшы емес пе еді
ثُمَّ كَانَ عَلَقَةً فَخَلَقَ فَسَوَّىٰ ۝٣٨
📖 Аударма Аят 38
Кейін, ол ұйыған қан болды. Сөйтіп ол оны жаратып тұла бойын үйлестіріп теңестірді
فَجَعَلَ مِنْهُ الزَّوْجَيْنِ الذَّكَرَ وَالْأُنثَىٰ ۝٣٩
📖 Аударма Аят 39
Әрі одан екі жыныс: ер және әйел жасады
أَلَيْسَ ذَٰلِكَ بِقَادِرٍ عَلَىٰ أَن يُحْيِيَ الْمَوْتَىٰ ۝٤٠
📖 Аударма Аят 40
Сонда, Оның өліктерді тірілтуге күші жетпей ме
← 74 Аль-Кияма (75/114) 76 →
Оқу Аль-Кияма сүресі Қазақ тілінде – Аударма және Аудио

75القيامة Al-Qiyamah 📚 40 Аят مكية

Аят-аят – Аль-Кияма сүресі — 40 Аят




Құран Кәрім


Tuesday, August 18, 2026

Don't forget us in your sincere prayers