Ат-Тур сүресі арабша және қазақша
Ат-Тур сүресін толық қазақша аударма, транслитерация және аудио оқылыммен оқыңыз. Аят-аят аударма. (49 Аят — مكية). Ат-Тур Тыңда, Ат-Тур Аударма, Ат-Тур mp3, Ат-Тур pdf.Ат-Тур сүресін оқы және тыңда
🎧 Аят
M
Mishary Rashid Alafasy
✓
Mishary Rashid Alafasy
✓
M
Mahmoud Khalil Al-Husary
✓
Mahmoud Khalil Al-Husary
✓
A
Abdurrahman As-Sudais
✓
Abdurrahman As-Sudais
✓
M
Mohamed Siddiq Al-Minshawi
✓
Mohamed Siddiq Al-Minshawi
✓
A
Abdul Basit Abdul Samad
✓
Abdul Basit Abdul Samad
✓
A
Ali Al-Hudhaify
✓
Ali Al-Hudhaify
✓
A
Ahmed ibn Ali al-Ajamy
✓
Ahmed ibn Ali al-Ajamy
✓
A
Abu Bakr Ash-Shaatree
✓
Abu Bakr Ash-Shaatree
✓
M
Muhammad Ayyoub
✓
Muhammad Ayyoub
✓
A
Abdullah Basfar
✓
Abdullah Basfar
✓
A
Abdullah Al-Juhani
✓
Abdullah Al-Juhani
✓
M
Maher Al Muaiqly
✓
Maher Al Muaiqly
✓
—
x1
وَالْبَيْتِ الْمَعْمُورِ ٤
📖 Аударма
Аят 4
Әрі Байтул-Маъмурмен (бұл жетінші аспанда тұрғызылған Қағба секілді үй.Оғани күніне жетпіс мың періште кіріп, құлшылық етеді)
فَوَيْلٌ يَوْمَئِذٍ لِّلْمُكَذِّبِينَ ١١
📖 Аударма
Аят 11
Сол күні Аллаһты әрі Оның Елшісін өтірікке шығарушыларға үлкен қасірет болады
الَّذِينَ هُمْ فِي خَوْضٍ يَلْعَبُونَ ١٢
📖 Аударма
Аят 12
сондай жалғанға сүңгіп, ермек етіп, ойнап жүргендерге
يَوْمَ يُدَعُّونَ إِلَىٰ نَارِ جَهَنَّمَ دَعًّا ١٣
📖 Аударма
Аят 13
Ол күні олар Жаһаннам отына күштеп итеріледі
هَٰذِهِ النَّارُ الَّتِي كُنتُم بِهَا تُكَذِّبُونَ ١٤
📖 Аударма
Аят 14
Оларға : «Міне, осы сендер өтірік санап келген От
أَفَسِحْرٌ هَٰذَا أَمْ أَنتُمْ لَا تُبْصِرُونَ ١٥
📖 Аударма
Аят 15
Ал, осы сиқыр ма екен, әлде сендер көрмей тұрсындар ма
اصْلَوْهَا فَاصْبِرُوا أَوْ لَا تَصْبِرُوا سَوَاءٌ عَلَيْكُمْ ۖ إِنَّمَا تُجْزَوْنَ مَا كُنتُمْ تَعْمَلُونَ ١٦
📖 Аударма
Аят 16
Оның ішінде жаныңдар! Енді шыдасаңдар да, не шыдамасаңдар да сендер үшін бірдей. Сендерге істеп өткен амалдарыңның қайтарымы ғана беріледі», делінеді
إِنَّ الْمُتَّقِينَ فِي جَنَّاتٍ وَنَعِيمٍ ١٧
📖 Аударма
Аят 17
Ақиқатында, тақуалар Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар Жәннаттағы бақтарда болып, игіліктерге бөленеді
فَاكِهِينَ بِمَا آتَاهُمْ رَبُّهُمْ وَوَقَاهُمْ رَبُّهُمْ عَذَابَ الْجَحِيمِ ١٨
📖 Аударма
Аят 18
олар Раббысының өздеріне бергеніне қуанып, шат-шадыман болады. Әрі олардың Раббысы оларды Жахим азабынан сақтады
كُلُوا وَاشْرَبُوا هَنِيئًا بِمَا كُنتُمْ تَعْمَلُونَ ١٩
📖 Аударма
Аят 19
Оларға: «Істеген амалдарың үшін рахаттанып жендер, ішіңдер!» делінеді
مُتَّكِئِينَ عَلَىٰ سُرُرٍ مَّصْفُوفَةٍ ۖ وَزَوَّجْنَاهُم بِحُورٍ عِينٍ ٢٠
📖 Аударма
Аят 20
Олар қатар тізілген көтеріңкі жайлы орындарда, сүйеніп отырады. Әрі Оларға көздері үлкен де әдемілерді хурларды қосамыз
وَالَّذِينَ آمَنُوا وَاتَّبَعَتْهُمْ ذُرِّيَّتُهُم بِإِيمَانٍ أَلْحَقْنَا بِهِمْ ذُرِّيَّتَهُمْ وَمَا أَلَتْنَاهُم مِّنْ عَمَلِهِم مِّن شَيْءٍ ۚ كُلُّ امْرِئٍ بِمَا كَسَبَ رَهِينٌ ٢١
📖 Аударма
Аят 21
Әрі Біз өздері иманға келген және ұрпақтары да иманмен өздеріне ергендерді ұрпақтарымен қосамыз. Біз олардың амалдарынан еш нәрсені кемітпейміз. Әрбір адам өз жиғанының амалының тұтқыны
وَأَمْدَدْنَاهُم بِفَاكِهَةٍ وَلَحْمٍ مِّمَّا يَشْتَهُونَ ٢٢
📖 Аударма
Аят 22
Әрі, Біз оларға өздері қалаған жемістер мен еттерді ет тағамдарын қосамыз
يَتَنَازَعُونَ فِيهَا كَأْسًا لَّا لَغْوٌ فِيهَا وَلَا تَأْثِيمٌ ٢٣
📖 Аударма
Аят 23
Ол жерде олар сусын толы кеселерді бір-біріне ұзатады, онда бос сөз сөйлеу де, күнә жасау да болмайды
۞ وَيَطُوفُ عَلَيْهِمْ غِلْمَانٌ لَّهُمْ كَأَنَّهُمْ لُؤْلُؤٌ مَّكْنُونٌ ٢٤
📖 Аударма
Аят 24
Оларға қабығы ашылмаған інжу секілді жасөспірімдер қызмет етеді
وَأَقْبَلَ بَعْضُهُمْ عَلَىٰ بَعْضٍ يَتَسَاءَلُونَ ٢٥
📖 Аударма
Аят 25
Әрі олар бір-біріне қарап сұрасады
قَالُوا إِنَّا كُنَّا قَبْلُ فِي أَهْلِنَا مُشْفِقِينَ ٢٦
📖 Аударма
Аят 26
Олар: «Негізінде, біз бұрын үй-ішімізбен болған кезімізде қатты қорқушы едік
فَمَنَّ اللَّهُ عَلَيْنَا وَوَقَانَا عَذَابَ السَّمُومِ ٢٧
📖 Аударма
Аят 27
Аллаһ бізге игілік етті және бізді Самум (ыстық жел) азабынан сақтады
إِنَّا كُنَّا مِن قَبْلُ نَدْعُوهُ ۖ إِنَّهُ هُوَ الْبَرُّ الرَّحِيمُ ٢٨
📖 Аударма
Аят 28
Ақиқатында, біз бұрын Одан тілеуші едік. Анығында, Ол әл-Бәрр аса Игі , әр-Рахим ерекше Мейірімді »,- дейді
فَذَكِّرْ فَمَا أَنتَ بِنِعْمَتِ رَبِّكَ بِكَاهِنٍ وَلَا مَجْنُونٍ ٢٩
📖 Аударма
Аят 29
Ей, Мұхаммед! Естеріне сал! СенРаббыңныңигілігі арқасындабақсы-балгер әрі жын қаққан да емессің
أَمْ يَقُولُونَ شَاعِرٌ نَّتَرَبَّصُ بِهِ رَيْبَ الْمَنُونِ ٣٠
📖 Аударма
Аят 30
Не болмаса олар: «Ол ақын. Біз оған заманның өзгеруін күтеміз», дейді
قُلْ تَرَبَّصُوا فَإِنِّي مَعَكُم مِّنَ الْمُتَرَبِّصِينَ ٣١
📖 Аударма
Аят 31
Ей, Мұхаммед! Айт: «Күтіңдер, мен де сендермен бірге күтушілерденмін», деп
أَمْ تَأْمُرُهُمْ أَحْلَامُهُم بِهَٰذَا ۚ أَمْ هُمْ قَوْمٌ طَاغُونَ ٣٢
📖 Аударма
Аят 32
Оларға ақылдары осыны бұйыра ма, әлде олар шектен шыққан адамдар ма
أَمْ يَقُولُونَ تَقَوَّلَهُ ۚ بَل لَّا يُؤْمِنُونَ ٣٣
📖 Аударма
Аят 33
Әлде олар: «Ол оны Құранды ойдан шығарды», дей ме? Жоқ, керісінше! Олар сенбейді
فَلْيَأْتُوا بِحَدِيثٍ مِّثْلِهِ إِن كَانُوا صَادِقِينَ ٣٤
📖 Аударма
Аят 34
Егер олар шын сөзді болса, осыған ұқсас Құран секілді хабар келтірсін
أَمْ خُلِقُوا مِنْ غَيْرِ شَيْءٍ أَمْ هُمُ الْخَالِقُونَ ٣٥
📖 Аударма
Аят 35
Немесе олар еш нәрсесіз өздігінен жаратылды ма? әлде олар жаратушылар ма
أَمْ خَلَقُوا السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ ۚ بَل لَّا يُوقِنُونَ ٣٦
📖 Аударма
Аят 36
Не олар аспандар мен жерді жаратты ма? Жоқ! Олар нақты айқын сенбейді
أَمْ عِندَهُمْ خَزَائِنُ رَبِّكَ أَمْ هُمُ الْمُصَيْطِرُونَ ٣٧
📖 Аударма
Аят 37
Немесе Раббыңның қазыналары оларда ма? Не олар басқарушылар ма
أَمْ لَهُمْ سُلَّمٌ يَسْتَمِعُونَ فِيهِ ۖ فَلْيَأْتِ مُسْتَمِعُهُم بِسُلْطَانٍ مُّبِينٍ ٣٨
📖 Аударма
Аят 38
Әлде олардың көтеріліп тыңдайтын сатылары бар ма? Онда олардың ішінен тыңдағаны анық бір дәлел келтірсін
أَمْ لَهُ الْبَنَاتُ وَلَكُمُ الْبَنُونَ ٣٩
📖 Аударма
Аят 39
Немесе қыздар Аллаһтікі, ал ұлдар сендердікі ме
أَمْ تَسْأَلُهُمْ أَجْرًا فَهُم مِّن مَّغْرَمٍ مُّثْقَلُونَ ٤٠
📖 Аударма
Аят 40
Ей, Мұхаммед! әлде сен олардан ақы сұрап, содан олар борышқа қалып, соны ауырсынып жатыр ма
أَمْ عِندَهُمُ الْغَيْبُ فَهُمْ يَكْتُبُونَ ٤١
📖 Аударма
Аят 41
Не оларда ғайыптың мәліметі бар болып, олар соны жаза ма
أَمْ يُرِيدُونَ كَيْدًا ۖ فَالَّذِينَ كَفَرُوا هُمُ الْمَكِيدُونَ ٤٢
📖 Аударма
Аят 42
Әлде олар айла-шарғы жасауды қалай ма? Ол айла-шарғыға сондай күпірлік етушілердің Аллаһқа қарсы шыққандардың өздері ілінеді
أَمْ لَهُمْ إِلَٰهٌ غَيْرُ اللَّهِ ۚ سُبْحَانَ اللَّهِ عَمَّا يُشْرِكُونَ ٤٣
📖 Аударма
Аят 43
Әлде олардың Аллаһтан өзге, басқа құдайы бар ма? Аллаһ олардың қосқан серіктерінен пәк
وَإِن يَرَوْا كِسْفًا مِّنَ السَّمَاءِ سَاقِطًا يَقُولُوا سَحَابٌ مَّرْكُومٌ ٤٤
📖 Аударма
Аят 44
Әрі олар егер аспанның бір бөлігінің құлап келе жатқанын көрсе де: «Бұл шоғырланған бұлт», дейді
فَذَرْهُمْ حَتَّىٰ يُلَاقُوا يَوْمَهُمُ الَّذِي فِيهِ يُصْعَقُونَ ٤٥
📖 Аударма
Аят 45
Ей, Мұхаммед! Енді оларды, өздерінің жойылатын қайта тірілу күніне жолыққандарына дейін жайына қалдыр
يَوْمَ لَا يُغْنِي عَنْهُمْ كَيْدُهُمْ شَيْئًا وَلَا هُمْ يُنصَرُونَ ٤٦
📖 Аударма
Аят 46
Ол күні Оларға айла-шарғылары ешбір пайда бермейді әрі Оларға ешкім көмектеспейді
وَإِنَّ لِلَّذِينَ ظَلَمُوا عَذَابًا دُونَ ذَٰلِكَ وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَهُمْ لَا يَعْلَمُونَ ٤٧
📖 Аударма
Аят 47
Анығында, әділетсіздерге оған дейін де азап бар, бірақ олардың көбі білмейді
وَاصْبِرْ لِحُكْمِ رَبِّكَ فَإِنَّكَ بِأَعْيُنِنَا ۖ وَسَبِّحْ بِحَمْدِ رَبِّكَ حِينَ تَقُومُ ٤٨
📖 Аударма
Аят 48
Ей, Мұхаммед! Раббыңның үкімі келгенге дейін сабыр ет. Сөзсіз, сен Біздің көз алдымыздасың қорғауымыздасың . Әрі тұрған кезіңде Раббыңды мақтап, Оны барлық кемшіліктен пәк деп дәріпте
وَمِنَ اللَّيْلِ فَسَبِّحْهُ وَإِدْبَارَ النُّجُومِ ٤٩
📖 Аударма
Аят 49
Сондай-ақ, түннің бір бөлігінде және жұлдыздар көрінбей қалғанда да Оны барлық кемшіліктен пәк деп дәріпте
Оқу Ат-Тур сүресі Қазақ тілінде – Аударма және Аудио
Құран Кәрім
Tuesday, August 18, 2026
Don't forget us in your sincere prayers

