PDF —
21 Аят Meccan PDF
Built right in your browser — download starts automatically

Аль-Лейль сүресі pdf — Жүктеу (Қазақша)

Аль-Лейль сүресі pdf Қазақша — Жүктеу Аль-Лейль сүресі Аударма. Аль-Лейль сүресі (Meccan) 21 Аят.

← Аш-ШамсАль-Лейль сүресі Ад-Духа →


21 Аят · Meccan · Қазақша
bismillah
ﮡﮢﮣﮤ
92:1 Ант етемін, қараңғылығы жапқан кездегі түнмен
ﮥﮦﮧﮨ
92:2 және жарық болған кездегі күндізбен
ﮩﮪﮫﮬﮭ
92:3 әрі ер мен әйелді Жаратқанмен
ﮮﮯﮰﮱ
92:4 Негізінде, сендердің ұмтылыстарың әртүрлі
ﯓﯔﯕﯖﯗ
92:5 Ал, кім берсе және тақуалық етсе Раббысының жазасынан қорқып, сақтанса
ﯘﯙﯚ
92:6 әрі ең жақсыны шын деп білсе
ﯛﯜﯝ
92:7 жақында Біз оған ең жеңілін оңайластырамыз
ﯞﯟﯠﯡﯢ
92:8 Ал, кім сараңдық істесе, қажетсінбесе
ﯣﯤﯥ
92:9 және ең жақсыны өтірік деп білсе
ﭑﭒﭓ
92:10 жақында Біз оған ең ауырын оңайластырамыз
ﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚ
92:11 Ол құлағанда, дүние-мүлкі оған пайда бермейді
ﭛﭜﭝﭞ
92:12 Анығында, тура жолмен жүргізу Бізге тән
ﭟﭠﭡﭢﭣ
92:13 Әрі шын мәнінде соңғы, мәңгілік өмір де ақирет те және алғашқысы да осы өмір де Біздікі
ﭤﭥﭦﭧ
92:14 Міне, Мен сендерді жалындаған Оттан сақтандырып ескерттім
ﭨﭩﭪﭫﭬ
92:15 оған ең бақытсыз ғана кіреді
ﭭﭮﭯﭰ
92:16 сондай өтірік деп, теріс бұрылғандар
ﭱﭲﭳ
92:17 Одан тақуалық еткендер Аллаһтың жазасынанқорқып, сақтанғандар ғана алыстатылады
ﭴﭵﭶﭷﭸ
92:18 сондай, мал-дүниесінен беріп тазарған
ﭹﭺﭻﭼﭽﭾﭿ
92:19 біреулерге беруге міндетті болмасада
ﮀﮁﮂﮃﮄﮅ
92:20 ол тек аса жоғары Раббысының дидарына ұмтылып қана береді
ﮆﮇﮈ
92:21 Әрі ол сөзсіз, жақында разы болады

Құран Кәрім


Wednesday, September 9, 2026

Don't forget us in your sincere prayers