الر ۚ كِتَابٌ أَنزَلْنَاهُ إِلَيْكَ لِتُخْرِجَ النَّاسَ مِنَ الظُّلُمَاتِ إِلَى النُّورِ بِإِذْنِ رَبِّهِمْ إِلَىٰ صِرَاطِ الْعَزِيزِ الْحَمِيدِ(1) Әлиф, Ләм, Ра. Ей, Мұхаммед! Біз саған бұл Кітапты, адамдарды олардың Раббысының рұқсатымен, қараңғылықтардан жарыққа шығаруың үшін түсірдік. Өте Үстем, аса Мақтаулының жолына |
اللَّهِ الَّذِي لَهُ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الْأَرْضِ ۗ وَوَيْلٌ لِّلْكَافِرِينَ مِنْ عَذَابٍ شَدِيدٍ(2) Ол Аллаһ сондай, аспандардағы және жердегі барлық нәрсе Онікі. Ал, кәпірлерге ауыр азаптан қасірет бар |
الَّذِينَ يَسْتَحِبُّونَ الْحَيَاةَ الدُّنْيَا عَلَى الْآخِرَةِ وَيَصُدُّونَ عَن سَبِيلِ اللَّهِ وَيَبْغُونَهَا عِوَجًا ۚ أُولَٰئِكَ فِي ضَلَالٍ بَعِيدٍ(3) Олар осы өмірді соңғы мәңгілік өмірден ақиреттен артық көреді әрі Аллаһтың жолынан қайтарады және оны қисайтуға бұрмалауға ұмтылады. Міне, солар ұзақ адасуда |
وَمَا أَرْسَلْنَا مِن رَّسُولٍ إِلَّا بِلِسَانِ قَوْمِهِ لِيُبَيِّنَ لَهُمْ ۖ فَيُضِلُّ اللَّهُ مَن يَشَاءُ وَيَهْدِي مَن يَشَاءُ ۚ وَهُوَ الْعَزِيزُ الْحَكِيمُ(4) Біз әрбір Елшіні, анық түсіндіруі үшін өз елінің тілімен жібердік. Аллаһ қалаған адамын адастырады, қалағанын тура жолға салады. Ол өте Үстем, аса Дана |
وَلَقَدْ أَرْسَلْنَا مُوسَىٰ بِآيَاتِنَا أَنْ أَخْرِجْ قَوْمَكَ مِنَ الظُّلُمَاتِ إِلَى النُّورِ وَذَكِّرْهُم بِأَيَّامِ اللَّهِ ۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَاتٍ لِّكُلِّ صَبَّارٍ شَكُورٍ(5) Біз Мұсаны белгі-мұғжизаларымызбен: «Еліңді қараңғылықтардан жарыққа шығар және Аллаһтың күндерін олардың естеріне сал», деп жібердік. Ақиқатында, Мұнда әрбірәрдайым сабыр, көп шүкір етушіге Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдірушіге! ғибраттар бар |
وَإِذْ قَالَ مُوسَىٰ لِقَوْمِهِ اذْكُرُوا نِعْمَةَ اللَّهِ عَلَيْكُمْ إِذْ أَنجَاكُم مِّنْ آلِ فِرْعَوْنَ يَسُومُونَكُمْ سُوءَ الْعَذَابِ وَيُذَبِّحُونَ أَبْنَاءَكُمْ وَيَسْتَحْيُونَ نِسَاءَكُمْ ۚ وَفِي ذَٰلِكُم بَلَاءٌ مِّن رَّبِّكُمْ عَظِيمٌ(6) Сонда Мұса өз еліне: «Аллаһтың сендерді Фиръаунның әулетінен құтқарып, өздеріңе жасаған игілігін еске алыңдар. Олар, сендерді ұлдарыңды бауыздап, әйелдеріңді тірі қалдырып, ең жаман азапқа салатын еді. Міне, осында сендерге, өздеріңнің Раббыңнан үлкен сынақ бар», деген еді |
وَإِذْ تَأَذَّنَ رَبُّكُمْ لَئِن شَكَرْتُمْ لَأَزِيدَنَّكُمْ ۖ وَلَئِن كَفَرْتُمْ إِنَّ عَذَابِي لَشَدِيدٌ(7) Әрі сонда сендердің Раббың: «Егер шүкір етсеңдер берген игіліктеріме алғыс білдірсеңдер!, сендерге оны міндетті түрде арттыра беремін. Ал, егер күпірлік етсеңдер игіліктерімді мойындамасаңдар , шын мәнінде азабым өте қатты», деп жариялады |
وَقَالَ مُوسَىٰ إِن تَكْفُرُوا أَنتُمْ وَمَن فِي الْأَرْضِ جَمِيعًا فَإِنَّ اللَّهَ لَغَنِيٌّ حَمِيدٌ(8) Мұса: «Егер сендер және жер жүзіндегілердің барлығы күпірлік етсе де Раббысының игіліктерін мойындамаса да , анығында, Аллаһ онсыз да өте Бай, аса Мақтаулы |
أَلَمْ يَأْتِكُمْ نَبَأُ الَّذِينَ مِن قَبْلِكُمْ قَوْمِ نُوحٍ وَعَادٍ وَثَمُودَ ۛ وَالَّذِينَ مِن بَعْدِهِمْ ۛ لَا يَعْلَمُهُمْ إِلَّا اللَّهُ ۚ جَاءَتْهُمْ رُسُلُهُم بِالْبَيِّنَاتِ فَرَدُّوا أَيْدِيَهُمْ فِي أَفْوَاهِهِمْ وَقَالُوا إِنَّا كَفَرْنَا بِمَا أُرْسِلْتُم بِهِ وَإِنَّا لَفِي شَكٍّ مِّمَّا تَدْعُونَنَا إِلَيْهِ مُرِيبٍ(9) Сендерге өздеріңнен ілгері өткен Нұх, Ад және Сәмүд елдерінің әрі олардан кейінгілердің хабары келмеді ме? Оларды Аллаһтан басқа ешкім білмейді. Оларға елшілері анық дәлелдермен келді. Сонда олар қолдарымен ауыздарын жауып әрі: «Біз сендер арқылы жіберілгенге сенбейміз және сендер бізді шақырып жатқан нәрседен күмән-күдіктеміз», деді |
۞ قَالَتْ رُسُلُهُمْ أَفِي اللَّهِ شَكٌّ فَاطِرِ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۖ يَدْعُوكُمْ لِيَغْفِرَ لَكُم مِّن ذُنُوبِكُمْ وَيُؤَخِّرَكُمْ إِلَىٰ أَجَلٍ مُّسَمًّى ۚ قَالُوا إِنْ أَنتُمْ إِلَّا بَشَرٌ مِّثْلُنَا تُرِيدُونَ أَن تَصُدُّونَا عَمَّا كَانَ يَعْبُدُ آبَاؤُنَا فَأْتُونَا بِسُلْطَانٍ مُّبِينٍ(10) Оларға жіберілген елшілер: «Аспандарды және жерді жоқтан бар еткен Аллаһ жайында сендерде күмән бар ма? Ол сендерді күнәларыңды кешіруі үшін және сендерге белгіленген мерзімге дейін мұрсат беру үшін шақырады», деді. Олар: «Сендер бар болғаны біз секілді адамсыңдар. Бізді ата-бабаларымыз табынып келгеннен қайтаруды қалайсыңдар. Қане, бізге анық дәлел келтіріңдер», деді |
قَالَتْ لَهُمْ رُسُلُهُمْ إِن نَّحْنُ إِلَّا بَشَرٌ مِّثْلُكُمْ وَلَٰكِنَّ اللَّهَ يَمُنُّ عَلَىٰ مَن يَشَاءُ مِنْ عِبَادِهِ ۖ وَمَا كَانَ لَنَا أَن نَّأْتِيَكُم بِسُلْطَانٍ إِلَّا بِإِذْنِ اللَّهِ ۚ وَعَلَى اللَّهِ فَلْيَتَوَكَّلِ الْمُؤْمِنُونَ(11) Оларға жіберілген елшілер: «Біз бар болғаны сендер секілді адамбыз. Бірақ Аллаһ құлдарынан Өзі қалағанына игілік көрсетеді. Біз сендерге Аллаһтың рұқсатымен болмаса, белгі дәлел келтіре алмаймыз. Имандылар мүміндер Аллаһқа жүгініп, Оған істерін тапсырсын тәуекел етсін |
وَمَا لَنَا أَلَّا نَتَوَكَّلَ عَلَى اللَّهِ وَقَدْ هَدَانَا سُبُلَنَا ۚ وَلَنَصْبِرَنَّ عَلَىٰ مَا آذَيْتُمُونَا ۚ وَعَلَى اللَّهِ فَلْيَتَوَكَّلِ الْمُتَوَكِّلُونَ(12) Бізді тура жолымызбен жүргізген Аллаһқа, біз ісімізді қалайша сеніп тапсырмаймыз тәуекел етпейміз . Біз сендердің көрсеткен жәбірлеріңе міндетті түрде сабыр етеміз. Біреуге жүгініп, сенім артушылар тәуекел етушілер , Аллаһқа ғана жүгініп, Оған істерін тапсырсын тәуекел етсін », деді |
وَقَالَ الَّذِينَ كَفَرُوا لِرُسُلِهِمْ لَنُخْرِجَنَّكُم مِّنْ أَرْضِنَا أَوْ لَتَعُودُنَّ فِي مِلَّتِنَا ۖ فَأَوْحَىٰ إِلَيْهِمْ رَبُّهُمْ لَنُهْلِكَنَّ الظَّالِمِينَ(13) Әрі сондай күпірлік еткендер Аллаһқа қарсы келгендер өз елшілеріне: «Біз сендерді міндетті түрде өз жерімізден шығарамыз немесе сендер біздің дінімізге қайтасыңдар», деді. Сонда оларға елшілерге Раббысы уахи етті: «Біз әділетсіздерді міндетті түрде жоямыз |
وَلَنُسْكِنَنَّكُمُ الْأَرْضَ مِن بَعْدِهِمْ ۚ ذَٰلِكَ لِمَنْ خَافَ مَقَامِي وَخَافَ وَعِيدِ(14) және олардан кейін сендерді сол жерге орналастырамыз. Бұл Менің алдымда тұрудан қауіп еткендер және Менің ескертуімнен қорыққандар үшін», -деп |
وَاسْتَفْتَحُوا وَخَابَ كُلُّ جَبَّارٍ عَنِيدٍ(15) Әрі олар шешім шығаруын сұрады, алайда, әрбір қасарысқан зәбір көрсетуші зиянға ұшырады |
مِّن وَرَائِهِ جَهَنَّمُ وَيُسْقَىٰ مِن مَّاءٍ صَدِيدٍ(16) Оның артынан зияннан кейін Жаһаннам (Тозақ) бар. Әрі оған іріңнен су ішкізіледі |
يَتَجَرَّعُهُ وَلَا يَكَادُ يُسِيغُهُ وَيَأْتِيهِ الْمَوْتُ مِن كُلِّ مَكَانٍ وَمَا هُوَ بِمَيِّتٍ ۖ وَمِن وَرَائِهِ عَذَابٌ غَلِيظٌ(17) Ол оны жұтады, бірақ тамағынан зорға өткізеді және оған өлім азабы барлық жақтан келеді. Бірақ ол өлмейді. Ал, осының артынан ауыр азап бар |
مَّثَلُ الَّذِينَ كَفَرُوا بِرَبِّهِمْ ۖ أَعْمَالُهُمْ كَرَمَادٍ اشْتَدَّتْ بِهِ الرِّيحُ فِي يَوْمٍ عَاصِفٍ ۖ لَّا يَقْدِرُونَ مِمَّا كَسَبُوا عَلَىٰ شَيْءٍ ۚ ذَٰلِكَ هُوَ الضَّلَالُ الْبَعِيدُ(18) Раббысына күпірлік еткендердің иманға келмегендердің амалдарының мысалы дауылды күнде жел ұшырған күл тәрізді. Жинағандарынан істеген амалдарынан ешбір нәрсеге иелік етуге олардың шамасы келмейді. Міне, осы мүлдем адасу |
أَلَمْ تَرَ أَنَّ اللَّهَ خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ بِالْحَقِّ ۚ إِن يَشَأْ يُذْهِبْكُمْ وَيَأْتِ بِخَلْقٍ جَدِيدٍ(19) Аллаһтың аспандарды және жерді ақиқатпен жаратқанын көрмедің бе? Ол қаласа сендерді кетіріп, жаңадан жаратылғандарды әкеледі |
وَمَا ذَٰلِكَ عَلَى اللَّهِ بِعَزِيزٍ(20) Ал, бұл Аллаһқа қиын емес |
وَبَرَزُوا لِلَّهِ جَمِيعًا فَقَالَ الضُّعَفَاءُ لِلَّذِينَ اسْتَكْبَرُوا إِنَّا كُنَّا لَكُمْ تَبَعًا فَهَلْ أَنتُم مُّغْنُونَ عَنَّا مِنْ عَذَابِ اللَّهِ مِن شَيْءٍ ۚ قَالُوا لَوْ هَدَانَا اللَّهُ لَهَدَيْنَاكُمْ ۖ سَوَاءٌ عَلَيْنَا أَجَزِعْنَا أَمْ صَبَرْنَا مَا لَنَا مِن مَّحِيصٍ(21) Олардың барлығы Аллаһтың алдына шығады. Сонда әлсіздер өздерін жоғары санағандарға: «Біз сендерге ілескен едік, енді сендер бізді Аллаһтың бірер азабынан құтқара аласыңдар ма?» дейді. Олар: «Егер де Аллаһ бізді тура жолға салғанда, біз де сендерге тура жолды көрсетер едік. Шыдамасақ та, не сабыр етсек те, біз үшін екеуі де бірдей бізге қашып құтылар жер жоқ», дейді |
وَقَالَ الشَّيْطَانُ لَمَّا قُضِيَ الْأَمْرُ إِنَّ اللَّهَ وَعَدَكُمْ وَعْدَ الْحَقِّ وَوَعَدتُّكُمْ فَأَخْلَفْتُكُمْ ۖ وَمَا كَانَ لِيَ عَلَيْكُم مِّن سُلْطَانٍ إِلَّا أَن دَعَوْتُكُمْ فَاسْتَجَبْتُمْ لِي ۖ فَلَا تَلُومُونِي وَلُومُوا أَنفُسَكُم ۖ مَّا أَنَا بِمُصْرِخِكُمْ وَمَا أَنتُم بِمُصْرِخِيَّ ۖ إِنِّي كَفَرْتُ بِمَا أَشْرَكْتُمُونِ مِن قَبْلُ ۗ إِنَّ الظَّالِمِينَ لَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ(22) Ал, іс біткен кезде шайтан: «Ақиқатында, Аллаһтың сендерге берген уәдесі хақ уәде еді. Мен де сендерге уәде еттім, алайда, сендерді алдадым. Менің өздеріңді шақырғаным ғана болмаса, сендерге ешқандай билігім жоқ еді. Сонда да сендер маған жауап бердіңдер. Енді мені кінәламаңдар, керісінше, өздеріңді кінәлаңдар. Мен сендерге көмек бере алмаймын, сондай-ақ, сендер де маған көмек бере алмайсыңдар. Сендердің бұрын мені Аллаһқа серік етіп қосқандарыңнан бас тартамын», дейді. Ақиқатында, әділетсіздерге қинаушы азап бар |
وَأُدْخِلَ الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ جَنَّاتٍ تَجْرِي مِن تَحْتِهَا الْأَنْهَارُ خَالِدِينَ فِيهَا بِإِذْنِ رَبِّهِمْ ۖ تَحِيَّتُهُمْ فِيهَا سَلَامٌ(23) Ал, иманға келген және ізгі амал істегендер астынан өзендер ағып жататын Жәннаттағы бақтарға кіргізіледі. Олар Раббысының рұқсатымен ол жерде мәңгі тұрады. Ол жердегі олардың сәлемдесулері: «Сәләм!» амандық болсын болады |
أَلَمْ تَرَ كَيْفَ ضَرَبَ اللَّهُ مَثَلًا كَلِمَةً طَيِّبَةً كَشَجَرَةٍ طَيِّبَةٍ أَصْلُهَا ثَابِتٌ وَفَرْعُهَا فِي السَّمَاءِ(24) Ей, Мұхаммед! Аллаһтың жақсы сөзді қалай мысал етіп келтіргенін көрмедің бе? Жақсы сөз жақсы ағаш секілді, оның тамыры мықты, бұтағы аспанда |
تُؤْتِي أُكُلَهَا كُلَّ حِينٍ بِإِذْنِ رَبِّهَا ۗ وَيَضْرِبُ اللَّهُ الْأَمْثَالَ لِلنَّاسِ لَعَلَّهُمْ يَتَذَكَّرُونَ(25) Ол Раббысының рұқсатымен жемісін әрдайым беріп тұрады. Аллаһ мысалдарды адамдар ескеріп, ғибрат алулары үшін келтіреді |
وَمَثَلُ كَلِمَةٍ خَبِيثَةٍ كَشَجَرَةٍ خَبِيثَةٍ اجْتُثَّتْ مِن فَوْقِ الْأَرْضِ مَا لَهَا مِن قَرَارٍ(26) Ал, жаман сөздің мысалы жердің бетінен жұлып алынған, тамыры орнықсыз жаман ағаш сияқты |
يُثَبِّتُ اللَّهُ الَّذِينَ آمَنُوا بِالْقَوْلِ الثَّابِتِ فِي الْحَيَاةِ الدُّنْيَا وَفِي الْآخِرَةِ ۖ وَيُضِلُّ اللَّهُ الظَّالِمِينَ ۚ وَيَفْعَلُ اللَّهُ مَا يَشَاءُ(27) Аллаһ иманға келгендерді осы өмірде және соңғы, мәңгілік өмірде ақиретте жақсы сөзбен “Лә иләһә иллаллаһ” куәлігімен мықтап бекітеді. Ал, әділетсіздерді Аллаһ адасуға ұшыратады әрі Аллаһ Өз қалағанын жасайды |
۞ أَلَمْ تَرَ إِلَى الَّذِينَ بَدَّلُوا نِعْمَتَ اللَّهِ كُفْرًا وَأَحَلُّوا قَوْمَهُمْ دَارَ الْبَوَارِ(28) Аллаһтың берген игілігін күпірлікке теріске шығаруға, қарсы келушілікке ауыстырып әрі қауымын апат мекеніне жайғастырғандарды көрмедің бе |
جَهَنَّمَ يَصْلَوْنَهَا ۖ وَبِئْسَ الْقَرَارُ(29) Сондай, өздері жанатын Жаһаннамға (Тозаққа)? Ол неткен жаман орын |
وَجَعَلُوا لِلَّهِ أَندَادًا لِّيُضِلُّوا عَن سَبِيلِهِ ۗ قُلْ تَمَتَّعُوا فَإِنَّ مَصِيرَكُمْ إِلَى النَّارِ(30) Олар Аллаһтың жолынан адастыру үшін, Оған өзгелерді теңдес етті. Ей, Мұхаммед! Айт: «Пайдалана тұрыңдар, қайтатын жерлерің От!» деп |
قُل لِّعِبَادِيَ الَّذِينَ آمَنُوا يُقِيمُوا الصَّلَاةَ وَيُنفِقُوا مِمَّا رَزَقْنَاهُمْ سِرًّا وَعَلَانِيَةً مِّن قَبْلِ أَن يَأْتِيَ يَوْمٌ لَّا بَيْعٌ فِيهِ وَلَا خِلَالٌ(31) Ей, Мұхаммед! Иманға келген құлдарыма айт: «Намазды барлық шарттарын сақтап, беріле толық орындасын және сауда да, достық та болмайтын Күн келмей тұрып, Біз өздеріне ризық етіп бергеннен жасырын әрі жария түрде жұмсасын», деп |
اللَّهُ الَّذِي خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ وَأَنزَلَ مِنَ السَّمَاءِ مَاءً فَأَخْرَجَ بِهِ مِنَ الثَّمَرَاتِ رِزْقًا لَّكُمْ ۖ وَسَخَّرَ لَكُمُ الْفُلْكَ لِتَجْرِيَ فِي الْبَحْرِ بِأَمْرِهِ ۖ وَسَخَّرَ لَكُمُ الْأَنْهَارَ(32) Аллаһ, Ол аспандарды және жерді жаратты әрі аспаннан су түсіріп, онымен сендерге азық етіп түрлі жемістерді шығарды және Өз әмірімен теңізде жүзуі үшін сендерге кемелерді бағындырды әрі сендерге өзендерді бағындырды |
وَسَخَّرَ لَكُمُ الشَّمْسَ وَالْقَمَرَ دَائِبَيْنِ ۖ وَسَخَّرَ لَكُمُ اللَّيْلَ وَالنَّهَارَ(33) Әрі Ол сендерге пайдаларың үшін күн мен айды белгілі тәртіппен қозғалатын етіп бағындырды және түн мен күндізді бағындырды |
وَآتَاكُم مِّن كُلِّ مَا سَأَلْتُمُوهُ ۚ وَإِن تَعُدُّوا نِعْمَتَ اللَّهِ لَا تُحْصُوهَا ۗ إِنَّ الْإِنسَانَ لَظَلُومٌ كَفَّارٌ(34) Ол сендерге сұрағандарыңның барлығын берді. Аллаһтың игіліктерін санайтын болсаңдар, оның есебіне жете алмайсыңдар. Негізінде, адам баласы тым әділетсіз, тым шүкірсіз Аллаһтың берген игіліктеріне алғыс білдірмейді |
وَإِذْ قَالَ إِبْرَاهِيمُ رَبِّ اجْعَلْ هَٰذَا الْبَلَدَ آمِنًا وَاجْنُبْنِي وَبَنِيَّ أَن نَّعْبُدَ الْأَصْنَامَ(35) Кезінде Ибраһим: «Раббым, осы қаланы қауіпсіз ет, мені және балаларымды пұттарға табынудан аулақ ет |
رَبِّ إِنَّهُنَّ أَضْلَلْنَ كَثِيرًا مِّنَ النَّاسِ ۖ فَمَن تَبِعَنِي فَإِنَّهُ مِنِّي ۖ وَمَنْ عَصَانِي فَإِنَّكَ غَفُورٌ رَّحِيمٌ(36) Раббым! Олар пұттар адамдардың көпшілігін адастырды. Енді кім маған ерсе, ол менен. Ал кім мені тыңдамаса, ақиқатында Сен өте Кешірімді, ерекше Мейірімдісің |
رَّبَّنَا إِنِّي أَسْكَنتُ مِن ذُرِّيَّتِي بِوَادٍ غَيْرِ ذِي زَرْعٍ عِندَ بَيْتِكَ الْمُحَرَّمِ رَبَّنَا لِيُقِيمُوا الصَّلَاةَ فَاجْعَلْ أَفْئِدَةً مِّنَ النَّاسِ تَهْوِي إِلَيْهِمْ وَارْزُقْهُم مِّنَ الثَّمَرَاتِ لَعَلَّهُمْ يَشْكُرُونَ(37) Раббымыз! Ақиқатында, мен ұрпағымнан бір бөлігін қасиетті етілген Үйіңнің Қағбаның жанындағы егінсіз алқапқа орналастырдым. Раббымыз! Олар намазды барлық шарттарын сақтап, беріле толық орындайтын болсын және адамдардан кейбірінің жүректерін оларға бұр әрі шүкір етулері берген игіліктеріңе алғыс білдіру үшін оларды жемістермен ризықтандыр |
رَبَّنَا إِنَّكَ تَعْلَمُ مَا نُخْفِي وَمَا نُعْلِنُ ۗ وَمَا يَخْفَىٰ عَلَى اللَّهِ مِن شَيْءٍ فِي الْأَرْضِ وَلَا فِي السَّمَاءِ(38) Раббымыз! Ақиқатында, Сен біздің нені жасыратынымыз, нені жария ететінімізді білесің. Жерде де, аспанда да еш нәрсе Аллаһтан жасырын қалмайды |
الْحَمْدُ لِلَّهِ الَّذِي وَهَبَ لِي عَلَى الْكِبَرِ إِسْمَاعِيلَ وَإِسْحَاقَ ۚ إِنَّ رَبِّي لَسَمِيعُ الدُّعَاءِ(39) Барлық мақтау, маған қартайған шағымда Исмаъил мен Исхақты сыйлаған Аллаһқа! Ақиқатында, Раббым тілекті Естуші |
رَبِّ اجْعَلْنِي مُقِيمَ الصَّلَاةِ وَمِن ذُرِّيَّتِي ۚ رَبَّنَا وَتَقَبَّلْ دُعَاءِ(40) Раббым! Мені және ұрпағымды намазды барлық шарттарын сақтап, беріле толық орындаушы ет. Раббымыз! Тілегімді қабыл ал |
رَبَّنَا اغْفِرْ لِي وَلِوَالِدَيَّ وَلِلْمُؤْمِنِينَ يَوْمَ يَقُومُ الْحِسَابُ(41) Раббымыз! Мені және ата-анамды әрі имандыларды Есеп алынатын күні кешіре гөр», деп тіледі |
وَلَا تَحْسَبَنَّ اللَّهَ غَافِلًا عَمَّا يَعْمَلُ الظَّالِمُونَ ۚ إِنَّمَا يُؤَخِّرُهُمْ لِيَوْمٍ تَشْخَصُ فِيهِ الْأَبْصَارُ(42) Ей, Мұхаммед! Әділетсіздердің не істеп жатқандығынан Аллаһты ғапыл аңдамай қалушы деп ойлама. Анығында, Ол оларға көздер қарап, қатып қалатын Күнге дейін мұрсат береді |
مُهْطِعِينَ مُقْنِعِي رُءُوسِهِمْ لَا يَرْتَدُّ إِلَيْهِمْ طَرْفُهُمْ ۖ وَأَفْئِدَتُهُمْ هَوَاءٌ(43) Сол күні олар бастары кекшиіп асыға жүгіреді. Көздерімен қарағандары өздеріне қайтпайды, ал жүректерінде еш нәрсе болмайды боп-бос болып қалады |
وَأَنذِرِ النَّاسَ يَوْمَ يَأْتِيهِمُ الْعَذَابُ فَيَقُولُ الَّذِينَ ظَلَمُوا رَبَّنَا أَخِّرْنَا إِلَىٰ أَجَلٍ قَرِيبٍ نُّجِبْ دَعْوَتَكَ وَنَتَّبِعِ الرُّسُلَ ۗ أَوَلَمْ تَكُونُوا أَقْسَمْتُم مِّن قَبْلُ مَا لَكُم مِّن زَوَالٍ(44) Ей, Мұхаммед! Адамдарды, оларға азап келетін Күннен сақтандыр. Сонда әділетсіздік еткендер: «Раббымыз! Бізге жақын бір мерзімге дейін мұрсат бер, Сенің шақыруыңа жауап беріп бойсұнып , елшілерге ереміз», дейді. Оларға : «Сендер бұрын өзгеру жойылу болмайды деп ант еткен жоқсындар ма |
وَسَكَنتُمْ فِي مَسَاكِنِ الَّذِينَ ظَلَمُوا أَنفُسَهُمْ وَتَبَيَّنَ لَكُمْ كَيْفَ فَعَلْنَا بِهِمْ وَضَرَبْنَا لَكُمُ الْأَمْثَالَ(45) Әрі сендер өздеріне әділетсіздік істегендердің мекендерінде жұрттарында тұрдыңдар және оларға не жасағанымыз сендерге белгілі болды. Әрі сендерге мысал-тәмсілдер келтірдік», деп жауап беріледі |
وَقَدْ مَكَرُوا مَكْرَهُمْ وَعِندَ اللَّهِ مَكْرُهُمْ وَإِن كَانَ مَكْرُهُمْ لِتَزُولَ مِنْهُ الْجِبَالُ(46) Олар өздерінше қулық • жасады. Егер айла-шарғылары тауларды жылжытса да, олардың барлық айла-шарғылары Аллаһтың билігінде |
فَلَا تَحْسَبَنَّ اللَّهَ مُخْلِفَ وَعْدِهِ رُسُلَهُ ۗ إِنَّ اللَّهَ عَزِيزٌ ذُو انتِقَامٍ(47) Ей, Мұхаммед! Аллаһ елшілеріне берген Өзінің уәдесін бұзады деп ойлама. Ақиқатында, Аллаһ өте Үстем, жазалау күшіне Ие |
يَوْمَ تُبَدَّلُ الْأَرْضُ غَيْرَ الْأَرْضِ وَالسَّمَاوَاتُ ۖ وَبَرَزُوا لِلَّهِ الْوَاحِدِ الْقَهَّارِ(48) Ол Қиямет күні жер басқа жерге ауыстырылады, сондай-ақ, аспандар да. Олардың барлығы Жалғыз, бәрін Бағындырушы Аллаһтың алдында тұрады |
وَتَرَى الْمُجْرِمِينَ يَوْمَئِذٍ مُّقَرَّنِينَ فِي الْأَصْفَادِ(49) Әрі ол күні сен қылмыскерлердің шынжырлармен бір-біріне қосақталып байланғанын көресің |
سَرَابِيلُهُم مِّن قَطِرَانٍ وَتَغْشَىٰ وُجُوهَهُمُ النَّارُ(50) Олардың киімдері шайырдан смоладан болып, ал беттерін от орайды |
لِيَجْزِيَ اللَّهُ كُلَّ نَفْسٍ مَّا كَسَبَتْ ۚ إِنَّ اللَّهَ سَرِيعُ الْحِسَابِ(51) Аллаһ әрбір жанға істегенінің қайтарымын беруі үшін осылай етеді . Ақиқатында, Аллаһ есепті тез алушы |
هَٰذَا بَلَاغٌ لِّلنَّاسِ وَلِيُنذَرُوا بِهِ وَلِيَعْلَمُوا أَنَّمَا هُوَ إِلَٰهٌ وَاحِدٌ وَلِيَذَّكَّرَ أُولُو الْأَلْبَابِ(52) Бүл Құран адамдардың онымен ескертілуі және Оның жалғыз құдай екендігін білуі әрі ақыл иелері еске алулары ғибраттанулары үшін жіберілген бір хабар |