PDF —
19 Аят Meccan PDF
Built right in your browser — download starts automatically

Аль-Аляк сүресі pdf — Жүктеу (Қазақша)

Аль-Аляк сүресі pdf Қазақша — Жүктеу Аль-Аляк сүресі Аударма. Аль-Аляк сүресі (Meccan) 19 Аят.

← Ат-ТинАль-Аляк сүресі Аль-Кадр →


19 Аят · Meccan · Қазақша
bismillah
ﮕﮖﮗﮘﮙﮚ
96:1 Ей, Мұхаммед! Оқы, жаратқан Раббыңның атымен
ﮛﮜﮝﮞﮟ
96:2 адам баласын ұйыған қаннан жаратқан
ﮠﮡﮢﮣ
96:3 Оқы! Әрі сенің Раббың аса Жомарт
ﮤﮥﮦﮧ
96:4 Ол қалам арқылы үйретті
ﮨﮩﮪﮫﮬﮭ
96:5 Адамға, ол білмегенді үйретті
ﮮﮯﮰﮱﯓ
96:6 Жоқ, күмәнсіз, адам баласы шектен шығады
ﯔﯕﯖﯗ
96:7 өзін бай, мұқтажсыз санағанынан
ﯘﯙﯚﯛﯜ
96:8 Ал, анығында, қайту Раббыңа
ﯝﯞﯟﯠ
96:9 Көрдің бе, кедергі жасағанды
ﯡﯢﯣﯤ
96:10 бір құлға, ол намаз оқыған кезде
ﯥﯦﯧﯨﯩﯪ
96:11 Айтшы, егер ол тура жолда болған болса
ﯫﯬﯭﯮ
96:12 немесе тақуалықты Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтануды бұйырған болса
ﭑﭒﭓﭔﭕ
96:13 Көрдің бе, оның өтірікке шығарғанын және теріс айналғанын
ﭖﭗﭘﭙﭚﭛ
96:14 сонда ол Аллаһтың көріп тұрғанын білмей ме
ﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢ
96:15 Жоқ, олай емес! Егер ол осылай істегенін тоқтатпаса, сөзсіз Біз кекілден ұстаймыз
ﭣﭤﭥﭦ
96:16 Өтірікші, біле тұра қателесуші кекілден
ﭧﭨﭩ
96:17 Қане, шақырсын ол жақтастарын
ﭪﭫﭬ
96:18 Біз де сақшыларды шақырамыз
ﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳ
96:19 Олай емес! Ей, Мұхаммеді Сен оған бағынба. Раббыңа сәжде қыл және жақындай түс

Құран Кәрім


Wednesday, September 9, 2026

Don't forget us in your sincere prayers