| إِذَا وَقَعَتِ الْوَاقِعَةُ(1) Әл-Уақиъа Қиямет болған кезде | 
| لَيْسَ لِوَقْعَتِهَا كَاذِبَةٌ(2) оның болуын ешнәрсе жоққа шығармайды | 
| خَافِضَةٌ رَّافِعَةٌ(3) ол төмендетеді, жоғарылатады | 
| إِذَا رُجَّتِ الْأَرْضُ رَجًّا(4) Жер сілкініп қозғалтылған кезде | 
| وَبُسَّتِ الْجِبَالُ بَسًّا(5) және таулар қирап, талқандалып | 
| فَكَانَتْ هَبَاءً مُّنبَثًّا(6) әрі шашылған тозаңға айналған кезде | 
| وَكُنتُمْ أَزْوَاجًا ثَلَاثَةً(7) сонда сендер үш топқа бөлінесіңдер | 
| فَأَصْحَابُ الْمَيْمَنَةِ مَا أَصْحَابُ الْمَيْمَنَةِ(8) Бірі оң жақта болады. Оң жақтағылар деген не | 
| وَأَصْحَابُ الْمَشْأَمَةِ مَا أَصْحَابُ الْمَشْأَمَةِ(9) Ал, біреулер сол жақта болады. Сол жақтағылар деген не | 
| وَالسَّابِقُونَ السَّابِقُونَ(10) Әрі озушылар, олар озушылар | 
| أُولَٰئِكَ الْمُقَرَّبُونَ(11) Міне, солар жақындатылғандар | 
| فِي جَنَّاتِ النَّعِيمِ(12) Наъим (Жәннаттың бір аты. Мағнасы көптеген нығмет, игілік) бақтарында болады | 
| ثُلَّةٌ مِّنَ الْأَوَّلِينَ(13) Олар әуелгілерден көбірек | 
| وَقَلِيلٌ مِّنَ الْآخِرِينَ(14) соңғылардан азырақ | 
| عَلَىٰ سُرُرٍ مَّوْضُونَةٍ(15) Безендірілген, көтеріңкі жайлы орындарда | 
| مُّتَّكِئِينَ عَلَيْهَا مُتَقَابِلِينَ(16) оған сүйеніп, бір-біріне қараған күйде отырады | 
| يَطُوفُ عَلَيْهِمْ وِلْدَانٌ مُّخَلَّدُونَ(17) Оларды мәңгі бозбалалар айналып, қызмет етіп жүреді | 
| بِأَكْوَابٍ وَأَبَارِيقَ وَكَأْسٍ مِّن مَّعِينٍ(18) қайнар бұлақтан толтырылған көзе, құмыралар және кеселермен | 
| لَّا يُصَدَّعُونَ عَنْهَا وَلَا يُنزِفُونَ(19) одан олардың бастары ауырмайды әрі ақыл-естерін жоғалтпайды | 
| وَفَاكِهَةٍ مِّمَّا يَتَخَيَّرُونَ(20) әрі олар таңдаған жемістерімен | 
| وَلَحْمِ طَيْرٍ مِّمَّا يَشْتَهُونَ(21) және қалаған кұс етімен | 
| وَحُورٌ عِينٌ(22) Әрі Оларға жанарлары үлкен де әдемі хурлар | 
| كَأَمْثَالِ اللُّؤْلُؤِ الْمَكْنُونِ(23) бейне бір қабығы ашылмаған сақтаулы інжу секілді жұбайлар бар | 
| جَزَاءً بِمَا كَانُوا يَعْمَلُونَ(24) Бұлар істеген амалдарының қайтарым сыйы | 
| لَا يَسْمَعُونَ فِيهَا لَغْوًا وَلَا تَأْثِيمًا(25) Ол жерде олар бос сөзді де, күнәлі сөзді де естімейді | 
| إِلَّا قِيلًا سَلَامًا سَلَامًا(26) Тек: «Сәләм! Сәләм! Бейбітшілік болсын! Амандық болсын! » деген сөзді ғана естиді | 
| وَأَصْحَابُ الْيَمِينِ مَا أَصْحَابُ الْيَمِينِ(27) Ал, оң жақтағылар. Оң жақтағылар деген не | 
| فِي سِدْرٍ مَّخْضُودٍ(28) Тікенегі жоқ лотос ас-сидр өсімдіктері | 
| وَطَلْحٍ مَّنضُودٍ(29) және жемістері шоғырланған банан ағаштары арасында | 
| وَظِلٍّ مَّمْدُودٍ(30) әрі жайылып жатқан көлеңкеде | 
| وَمَاءٍ مَّسْكُوبٍ(31) және сарқырап аққан су | 
| وَفَاكِهَةٍ كَثِيرَةٍ(32) мол жемістер арасында | 
| لَّا مَقْطُوعَةٍ وَلَا مَمْنُوعَةٍ(33) сондай/ ешқашан таусылмайтын және тыйым салынбайтын | 
| وَفُرُشٍ مَّرْفُوعَةٍ(34) әрі жоғары көтерілген жұмсақ төсектерде болады | 
| إِنَّا أَنشَأْنَاهُنَّ إِنشَاءً(35) Ақиқатында, Біз оларды басқа жаратумен жараттық | 
| فَجَعَلْنَاهُنَّ أَبْكَارًا(36) әрі оларды ер көрмеген пәк қыздар еттік | 
| عُرُبًا أَتْرَابًا(37) күйеулеріне сүйікті, құрбылас | 
| لِّأَصْحَابِ الْيَمِينِ(38) Бұл оң жақтағылар үшін | 
| ثُلَّةٌ مِّنَ الْأَوَّلِينَ(39) Олар әуелгілерден көп | 
| وَثُلَّةٌ مِّنَ الْآخِرِينَ(40) әрі кейінгілерден де көп | 
| وَأَصْحَابُ الشِّمَالِ مَا أَصْحَابُ الشِّمَالِ(41) Ал, сол жақтағылар. Сол жақтағылар деген не | 
| فِي سَمُومٍ وَحَمِيمٍ(42) Олар саммум денені тесіп өтетін ыстық ауа және қайнап тұрған суда | 
| وَظِلٍّ مِّن يَحْمُومٍ(43) және қара түтіннің көлеңкесінде болады | 
| لَّا بَارِدٍ وَلَا كَرِيمٍ(44) салқын емес әрі жақсылығы да жоқ | 
| إِنَّهُمْ كَانُوا قَبْلَ ذَٰلِكَ مُتْرَفِينَ(45) Негізінде, олар бұдан бұрын дүниеде сән-салтанат, рахатқа шалқып жүретін | 
| وَكَانُوا يُصِرُّونَ عَلَى الْحِنثِ الْعَظِيمِ(46) және өте үлкен күнәда қайтпай қасарысатын | 
| وَكَانُوا يَقُولُونَ أَئِذَا مِتْنَا وَكُنَّا تُرَابًا وَعِظَامًا أَإِنَّا لَمَبْعُوثُونَ(47) Әрі олар: «Біз өліп, топыраққа және сүйектерге айналған кезімізде қайта тірілтілеміз бе | 
| أَوَآبَاؤُنَا الْأَوَّلُونَ(48) Біздің әуелгі аталарымыз да ма?» дейтін | 
| قُلْ إِنَّ الْأَوَّلِينَ وَالْآخِرِينَ(49) Айт: «Әуелгілер де, кейінгілер де | 
| لَمَجْمُوعُونَ إِلَىٰ مِيقَاتِ يَوْمٍ مَّعْلُومٍ(50) белгілі күні, белгіленген орынға міндетті түрде жиналады | 
| ثُمَّ إِنَّكُمْ أَيُّهَا الضَّالُّونَ الْمُكَذِّبُونَ(51) Содан кейін сендер, ей, өтірікші санайтын адасушылар | 
| لَآكِلُونَ مِن شَجَرٍ مِّن زَقُّومٍ(52) Заққұм ағашынан жейтін боласыңдар | 
| فَمَالِئُونَ مِنْهَا الْبُطُونَ(53) әрі одан қарындарыңды толтырасыңдар | 
| فَشَارِبُونَ عَلَيْهِ مِنَ الْحَمِيمِ(54) Сөйтіп, оның үстіне қайнап тұрған судан ішесіңдер | 
| فَشَارِبُونَ شُرْبَ الْهِيمِ(55) сондай қатты шөлдеген түйелер секілді сіміресіңдер», деп | 
| هَٰذَا نُزُلُهُمْ يَوْمَ الدِّينِ(56) Олардың Есеп күніндегі “сый-сияпаттары” осы | 
| نَحْنُ خَلَقْنَاكُمْ فَلَوْلَا تُصَدِّقُونَ(57) Сендерді Біз жараттық. Неге қайта тірілуді! шын деп білмейсіңдер | 
| أَفَرَأَيْتُم مَّا تُمْنُونَ(58) Өздерің төгетін мәниді көрдіңдер ме ол жайлы ойладыңдар ма | 
| أَأَنتُمْ تَخْلُقُونَهُ أَمْ نَحْنُ الْخَالِقُونَ(59) Оны сендер жаратасыңдар ма, әлде Біз жаратамыз ба | 
| نَحْنُ قَدَّرْنَا بَيْنَكُمُ الْمَوْتَ وَمَا نَحْنُ بِمَسْبُوقِينَ(60) Біз араларыңда өлімді алдын ала белгіледік. Әрі Бізден ешкім оза алмайды кедергі келтіре алмайд | 
| عَلَىٰ أَن نُّبَدِّلَ أَمْثَالَكُمْ وَنُنشِئَكُمْ فِي مَا لَا تَعْلَمُونَ(61) сондай, сендердің түрлеріңді өзгертіп және сендерді өздерің білмейтін түрде жаратуда | 
| وَلَقَدْ عَلِمْتُمُ النَّشْأَةَ الْأُولَىٰ فَلَوْلَا تَذَكَّرُونَ(62) Әрі сендер алғашқы жаратуды білесіңдер, ендеше еске алмайсыңдар ма | 
| أَفَرَأَيْتُم مَّا تَحْرُثُونَ(63) Өздерің егіп жатқандарыңды көрдіңдер ме | 
| أَأَنتُمْ تَزْرَعُونَهُ أَمْ نَحْنُ الزَّارِعُونَ(64) Оны сендер өсіресіңдер ме, не Біз өсіреміз бе | 
| لَوْ نَشَاءُ لَجَعَلْنَاهُ حُطَامًا فَظَلْتُمْ تَفَكَّهُونَ(65) Егер де қаласақ, оны қоқымға айналдырар едік те, сендер таңқалып | 
| إِنَّا لَمُغْرَمُونَ(66) «Шын мәнінде, біз зиянға ұшырадық | 
| بَلْ نَحْنُ مَحْرُومُونَ(67) Оған қоса несібемізден де айрылдық», дейтін едіңдер | 
| أَفَرَأَيْتُمُ الْمَاءَ الَّذِي تَشْرَبُونَ(68) Өздерің ішіп жүрген суды байқап көрдіңдер ме | 
| أَأَنتُمْ أَنزَلْتُمُوهُ مِنَ الْمُزْنِ أَمْ نَحْنُ الْمُنزِلُونَ(69) Оны бұлттан сендер түсірдіңдер ме, әлде Біз түсіреміз бе | 
| لَوْ نَشَاءُ جَعَلْنَاهُ أُجَاجًا فَلَوْلَا تَشْكُرُونَ(70) Егер қалағанымызда, оны ащы етер едік. Игіліктерімізге алғыс білдірсеңдер !шүкір етсеңдер болмай ма | 
| أَفَرَأَيْتُمُ النَّارَ الَّتِي تُورُونَ(71) Өздерің шағып жағатын отты көрдіңдер ме | 
| أَأَنتُمْ أَنشَأْتُمْ شَجَرَتَهَا أَمْ نَحْنُ الْمُنشِئُونَ(72) Оның ағашын сендер пайда еттіңдер ме, әлде Біз пайда еттік пе | 
| نَحْنُ جَعَلْنَاهَا تَذْكِرَةً وَمَتَاعًا لِّلْمُقْوِينَ(73) Біз оны еске алатын әрі елсіз жердегі  жолаушыларға пайдаланатын нәрсе еттік | 
| فَسَبِّحْ بِاسْمِ رَبِّكَ الْعَظِيمِ(74) Ей, Мұхаммед!IҰлы Раббыңның есімін барлық кемшіліктен пәк деп дәріпте | 
| ۞ فَلَا أُقْسِمُ بِمَوَاقِعِ النُّجُومِ(75) Жұлдыздардың орындарымен ант етемін | 
| وَإِنَّهُ لَقَسَمٌ لَّوْ تَعْلَمُونَ عَظِيمٌ(76) Егер білетін болсаңдар, күмәнсіз, бұл ұлы ант | 
| إِنَّهُ لَقُرْآنٌ كَرِيمٌ(77) Ақиқатында, бұл Құран Кәрим игілігі мол Құран | 
| فِي كِتَابٍ مَّكْنُونٍ(78) Ол сақталынған Кітапта Ләухул-Махфузда | 
| لَّا يَمَسُّهُ إِلَّا الْمُطَهَّرُونَ(79) Оны тазартылғаннан басқалар ұстамайды | 
| تَنزِيلٌ مِّن رَّبِّ الْعَالَمِينَ(80) Әлемдердің Раббысынан түсірілген | 
| أَفَبِهَٰذَا الْحَدِيثِ أَنتُم مُّدْهِنُونَ(81) Сендер бұл Сөзге Құранға немқұрайлылық танытасыңдар ма | 
| وَتَجْعَلُونَ رِزْقَكُمْ أَنَّكُمْ تُكَذِّبُونَ(82) Әрі ризықтарыңды өздерің жалғанға шығаратын нәрсе етесіңдер ме | 
| فَلَوْلَا إِذَا بَلَغَتِ الْحُلْقُومَ(83) Ал жан жұтқыншаққа жеткен кезде | 
| وَأَنتُمْ حِينَئِذٍ تَنظُرُونَ(84) әрі сендер сол уақытта өлім үстінде жатңанга/ қарап қалғанда | 
| وَنَحْنُ أَقْرَبُ إِلَيْهِ مِنكُمْ وَلَٰكِن لَّا تُبْصِرُونَ(85) Біз оған сендерден де жақынбыз, алайда сендер көрмейсіңдер | 
| فَلَوْلَا إِن كُنتُمْ غَيْرَ مَدِينِينَ(86) Ал, егер сендер есепке тартылмайтын болсаңдар, онда неге | 
| تَرْجِعُونَهَا إِن كُنتُمْ صَادِقِينَ(87) оны жанды кері қайтармайсыңдар, егер шын сөзді болсаңдар | 
| فَأَمَّا إِن كَانَ مِنَ الْمُقَرَّبِينَ(88) Ал, егер ол жақындатылғандардан озушылардан болса | 
| فَرَوْحٌ وَرَيْحَانٌ وَجَنَّتُ نَعِيمٍ(89) онда оған тыным, ризық хош иіс және Наъим (Жәннаттың бір аты. Мағнасы көптеген нығмет, игілік) жәннаты бар | 
| وَأَمَّا إِن كَانَ مِنْ أَصْحَابِ الْيَمِينِ(90) Ал, егер оң жақтағылардан болса | 
| فَسَلَامٌ لَّكَ مِنْ أَصْحَابِ الْيَمِينِ(91) онда оған: «Саған сәләм бейбітшілік, амандық болсын! Сен оң жақтағылардансың», делінеді | 
| وَأَمَّا إِن كَانَ مِنَ الْمُكَذِّبِينَ الضَّالِّينَ(92) Ал, егер ол жалғанға шығарушы, адасушылардан болса | 
| فَنُزُلٌ مِّنْ حَمِيمٍ(93) онда оның «сыйы» қайнап тұрған су | 
| وَتَصْلِيَةُ جَحِيمٍ(94) әрі Жахимда (Тозақ) жану | 
| إِنَّ هَٰذَا لَهُوَ حَقُّ الْيَقِينِ(95) Шын мәнінде, бұл айтылғандар айқын ақиқат | 
| فَسَبِّحْ بِاسْمِ رَبِّكَ الْعَظِيمِ(96) Ей, Мұхаммед! Ұлы Раббыңның есімін бүкіл кемшіліктен пәк деп дәріпте |