Surah Al-Ahzab with Kazakh

  1. Surah mp3
  2. More
  3. Kazakh
The Holy Quran | Quran translation | Language Kazakh | Surah Ahzab | الأحزاب - Ayat Count 73 - The number of the surah in moshaf: 33 - The meaning of the surah in English: Confederates - The Combined Forces.

يَا أَيُّهَا النَّبِيُّ اتَّقِ اللَّهَ وَلَا تُطِعِ الْكَافِرِينَ وَالْمُنَافِقِينَ ۗ إِنَّ اللَّهَ كَانَ عَلِيمًا حَكِيمًا(1)

 Ей, Пайғамбар! Аллаһтан Оның жазасынан қорқып, сақтан және кәпірлер мен мұнафиқтарға бағынба. Ақиқатында, Аллаһ бәрін Білуші , аса Дана

وَاتَّبِعْ مَا يُوحَىٰ إِلَيْكَ مِن رَّبِّكَ ۚ إِنَّ اللَّهَ كَانَ بِمَا تَعْمَلُونَ خَبِيرًا(2)

 Әрі Раббыңнан өзіңе уахи етілгенге ер. Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңнан әлбетте, Хабардар

وَتَوَكَّلْ عَلَى اللَّهِ ۚ وَكَفَىٰ بِاللَّهِ وَكِيلًا(3)

 Әрі Аллаһқа жүгініп, ісіңді Оған тапсыр тәуекел ет . Аллаһ сенім артылушы, қорғаушы Уакил ретінде жеткілікті

مَّا جَعَلَ اللَّهُ لِرَجُلٍ مِّن قَلْبَيْنِ فِي جَوْفِهِ ۚ وَمَا جَعَلَ أَزْوَاجَكُمُ اللَّائِي تُظَاهِرُونَ مِنْهُنَّ أُمَّهَاتِكُمْ ۚ وَمَا جَعَلَ أَدْعِيَاءَكُمْ أَبْنَاءَكُمْ ۚ ذَٰلِكُمْ قَوْلُكُم بِأَفْوَاهِكُمْ ۖ وَاللَّهُ يَقُولُ الْحَقَّ وَهُوَ يَهْدِي السَّبِيلَ(4)

 Аллаһ адам үшін оның ішінде екі жүрек жасаған жоқ. Әрі Ол зиһар еткен аналарыңа ұқсату арқылы өздеріңе тыйым салған әйелдеріңді сендерге аналарың етпеді және Ол асырап алған балаларыңды да өз бел балаларың етпеді. Бұл тек ауызекі айтқан сөздерің. Ал Аллаһ шындықты айтады әрі Ол тура жолмен жүргізеді

ادْعُوهُمْ لِآبَائِهِمْ هُوَ أَقْسَطُ عِندَ اللَّهِ ۚ فَإِن لَّمْ تَعْلَمُوا آبَاءَهُمْ فَإِخْوَانُكُمْ فِي الدِّينِ وَمَوَالِيكُمْ ۚ وَلَيْسَ عَلَيْكُمْ جُنَاحٌ فِيمَا أَخْطَأْتُم بِهِ وَلَٰكِن مَّا تَعَمَّدَتْ قُلُوبُكُمْ ۚ وَكَانَ اللَّهُ غَفُورًا رَّحِيمًا(5)

 Оларды асыранды балаларды өз әкелерімен атаңдар. Бұл, Аллаһтың алдында әділділірек. Егер олардың әкелерін білмесеңдер, онда олар діндегі бауырларың әрі дос-жақындарың. Сендерге ол жөнінде қателескендерің үшін күнә жоқ, егер тек жүректеріңмен әдейі ниеттенген болмасаңдар. Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді

النَّبِيُّ أَوْلَىٰ بِالْمُؤْمِنِينَ مِنْ أَنفُسِهِمْ ۖ وَأَزْوَاجُهُ أُمَّهَاتُهُمْ ۗ وَأُولُو الْأَرْحَامِ بَعْضُهُمْ أَوْلَىٰ بِبَعْضٍ فِي كِتَابِ اللَّهِ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ وَالْمُهَاجِرِينَ إِلَّا أَن تَفْعَلُوا إِلَىٰ أَوْلِيَائِكُم مَّعْرُوفًا ۚ كَانَ ذَٰلِكَ فِي الْكِتَابِ مَسْطُورًا(6)

 Пайғамбар имандыларға олардың өздерінен де жақын. Ал, оның жұбайлары олардың аналары. Аллаһтың жазуында үкімінде мүміндерге және муһажирлерге қоныс аударғандарға қарағанда туыстар бір-біріне жақын. Бірақ достарыңа жақсылық істеулерің басқа. Бұл үкім Кітапта жазылған

وَإِذْ أَخَذْنَا مِنَ النَّبِيِّينَ مِيثَاقَهُمْ وَمِنكَ وَمِن نُّوحٍ وَإِبْرَاهِيمَ وَمُوسَىٰ وَعِيسَى ابْنِ مَرْيَمَ ۖ وَأَخَذْنَا مِنْهُم مِّيثَاقًا غَلِيظًا(7)

 Ей, Мұхаммед! Міне, кезінде Біз пайғамбарлардан серт алдық әрі сенен және Нұхтан және Ибраһимнен және Мұсадан әрі Мәриямның ұлы Исадан. Біз олардан қатаң серт алдық

لِّيَسْأَلَ الصَّادِقِينَ عَن صِدْقِهِمْ ۚ وَأَعَدَّ لِلْكَافِرِينَ عَذَابًا أَلِيمًا(8)

 сөйтіп, шын сөзділерден олардың адалдықтары туралы сұрау үшін. Әрі Ол кәпірлерге күйзелтуші азап әзірледі

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اذْكُرُوا نِعْمَةَ اللَّهِ عَلَيْكُمْ إِذْ جَاءَتْكُمْ جُنُودٌ فَأَرْسَلْنَا عَلَيْهِمْ رِيحًا وَجُنُودًا لَّمْ تَرَوْهَا ۚ وَكَانَ اللَّهُ بِمَا تَعْمَلُونَ بَصِيرًا(9)

 Ей, иманға келгендер! Аллаһтың өздеріңе жасаған игілігін естеріңе алыңдар. Сонда сендерге әскерлер келген кезде, Біз Оларға қарсы жел және сендер көрмейтін әскер жібердік. Аллаһ не істеп жатқандарыңды Көруші

إِذْ جَاءُوكُم مِّن فَوْقِكُمْ وَمِنْ أَسْفَلَ مِنكُمْ وَإِذْ زَاغَتِ الْأَبْصَارُ وَبَلَغَتِ الْقُلُوبُ الْحَنَاجِرَ وَتَظُنُّونَ بِاللَّهِ الظُّنُونَا(10)

 Сол кезде олар сендерге жоғарғы және төменгі жақтарыңнан келген еді. Сонда көздерің шарасынан шығып, жүректерің алқымға жетіп, сендер Аллаһ жайында түрлі ойға барған едіңдер

هُنَالِكَ ابْتُلِيَ الْمُؤْمِنُونَ وَزُلْزِلُوا زِلْزَالًا شَدِيدًا(11)

 Сол жерде имандылар мүміндер сыналып, олар қатты сілкініспен шайқатылды

وَإِذْ يَقُولُ الْمُنَافِقُونَ وَالَّذِينَ فِي قُلُوبِهِم مَّرَضٌ مَّا وَعَدَنَا اللَّهُ وَرَسُولُهُ إِلَّا غُرُورًا(12)

 Әрі сонда мұнафиқтар мен жүректерінде дерті барлар: «Аллаһ және Оның Елшісінің бізге берген уәдесі тек бос нәрсе алдау ғана екен»,- деді

وَإِذْ قَالَت طَّائِفَةٌ مِّنْهُمْ يَا أَهْلَ يَثْرِبَ لَا مُقَامَ لَكُمْ فَارْجِعُوا ۚ وَيَسْتَأْذِنُ فَرِيقٌ مِّنْهُمُ النَّبِيَّ يَقُولُونَ إِنَّ بُيُوتَنَا عَوْرَةٌ وَمَا هِيَ بِعَوْرَةٍ ۖ إِن يُرِيدُونَ إِلَّا فِرَارًا(13)

 Сол кезде олардың бір тобы мұнафиқтар : «Ей, Ясриб тұрғындары! Сендер қарсы тұра алмайсыңдар! Сондықтан қайтыңдар!» деді. Олардың тағы бір тобы иманы әлсіздері : «Үйлеріміз ашық, қорғансыз қалды», деп, Пайғамбардан сұрануда еді. Негізінде үйлері қараусыз қалмаса да олар соғыстан қашуды ғана қалады

وَلَوْ دُخِلَتْ عَلَيْهِم مِّنْ أَقْطَارِهَا ثُمَّ سُئِلُوا الْفِتْنَةَ لَآتَوْهَا وَمَا تَلَبَّثُوا بِهَا إِلَّا يَسِيرًا(14)

 Ал егер жау оған жан-жағынан кіріп, сонан соң олардан бүлік діндерінен қайту талап етілсе, олар сәл кідіргені болмаса, көп бөгелмей оған барар келісер еді

وَلَقَدْ كَانُوا عَاهَدُوا اللَّهَ مِن قَبْلُ لَا يُوَلُّونَ الْأَدْبَارَ ۚ وَكَانَ عَهْدُ اللَّهِ مَسْئُولًا(15)

 Негізінде, олар бұрын арттарына бұрылып кетпеуге қашпауға Аллаһқа серт берген еді. Ал, Аллаһқа берілген серт сұралады

قُل لَّن يَنفَعَكُمُ الْفِرَارُ إِن فَرَرْتُم مِّنَ الْمَوْتِ أَوِ الْقَتْلِ وَإِذًا لَّا تُمَتَّعُونَ إِلَّا قَلِيلًا(16)

 Ей, Мұхаммед И Айт: «Егер өлімнен не біреудің өлтіруінен қашсаңдар да, қашу сендерге еш пайда бермейді. Ондай жағдайда сендерге аз ғана пайдалану беріледі», -деп

قُلْ مَن ذَا الَّذِي يَعْصِمُكُم مِّنَ اللَّهِ إِنْ أَرَادَ بِكُمْ سُوءًا أَوْ أَرَادَ بِكُمْ رَحْمَةً ۚ وَلَا يَجِدُونَ لَهُم مِّن دُونِ اللَّهِ وَلِيًّا وَلَا نَصِيرًا(17)

 Айт: «Егер Аллаһ сендерге жамандық қаласа, сендерді Аллаһтан кім қорғайды немесе егер Ол мейірім етуді қаласа кім тоса алады », деп. Олар өздеріне Аллаһтан басқа қамқоршы да, көмек беруші де таппайды

۞ قَدْ يَعْلَمُ اللَّهُ الْمُعَوِّقِينَ مِنكُمْ وَالْقَائِلِينَ لِإِخْوَانِهِمْ هَلُمَّ إِلَيْنَا ۖ وَلَا يَأْتُونَ الْبَأْسَ إِلَّا قَلِيلًا(18)

 Аллаһ сендердің араларыңнан соғысудан тосушыларды және бауырларына: «Біз жаққа келіңдер!» деп айтатындарды біледі. Олар соғысқа өте аз ғана қатысады

أَشِحَّةً عَلَيْكُمْ ۖ فَإِذَا جَاءَ الْخَوْفُ رَأَيْتَهُمْ يَنظُرُونَ إِلَيْكَ تَدُورُ أَعْيُنُهُمْ كَالَّذِي يُغْشَىٰ عَلَيْهِ مِنَ الْمَوْتِ ۖ فَإِذَا ذَهَبَ الْخَوْفُ سَلَقُوكُم بِأَلْسِنَةٍ حِدَادٍ أَشِحَّةً عَلَى الْخَيْرِ ۚ أُولَٰئِكَ لَمْ يُؤْمِنُوا فَأَحْبَطَ اللَّهُ أَعْمَالَهُمْ ۚ وَكَانَ ذَٰلِكَ عَلَى اللَّهِ يَسِيرًا(19)

 сендерге олжаны сараңдық еткен күйде. Қашан оларға қауіп төнсе, олардың саған көздері төңкеріліп, өздерін өлім есірігі басқандай қарағанын көресің. Ал қауіп-қатер кеткенде, жақсылыққа олжалар бөлінгенде сараңдық етіп, сендерге ащы тілдерін тигізіп ренжітеді. Олар иманға келмеді, сөйтіп Аллаһ олардың амалдарын зая кетірді. Бұл Аллаһқа жеңіл

يَحْسَبُونَ الْأَحْزَابَ لَمْ يَذْهَبُوا ۖ وَإِن يَأْتِ الْأَحْزَابُ يَوَدُّوا لَوْ أَنَّهُم بَادُونَ فِي الْأَعْرَابِ يَسْأَلُونَ عَنْ أَنبَائِكُمْ ۖ وَلَوْ كَانُوا فِيكُم مَّا قَاتَلُوا إِلَّا قَلِيلًا(20)

 Олар одаққа біріккендерді жау әскерін кетпеді деп ойлайды. Егер одақ құрғандар әскері тағы келсе, олар көшпелі бәдәуилердің арасында болып, сендердің хабарларың жайлы сұрап тұруды қалайды. Егер де олар сендердің араларында болса, азынан басқасы соғыспас еді

لَّقَدْ كَانَ لَكُمْ فِي رَسُولِ اللَّهِ أُسْوَةٌ حَسَنَةٌ لِّمَن كَانَ يَرْجُو اللَّهَ وَالْيَوْمَ الْآخِرَ وَذَكَرَ اللَّهَ كَثِيرًا(21)

 Сендерге Аллаһқа және Ақирет күніне үміт ететіндер әрі Аллаһты көп еске алғандарға Аллаһтың Елшісінде көркем үлгі-өнеге бар

وَلَمَّا رَأَى الْمُؤْمِنُونَ الْأَحْزَابَ قَالُوا هَٰذَا مَا وَعَدَنَا اللَّهُ وَرَسُولُهُ وَصَدَقَ اللَّهُ وَرَسُولُهُ ۚ وَمَا زَادَهُمْ إِلَّا إِيمَانًا وَتَسْلِيمًا(22)

 Имандылар мүміндер бір одаққа біріккендерді жауды көрген кезде: «бұл Аллаһтың және Оның елшісінің бізге уәде еткені. Аллаһ және Оның Елшісі шындықты айтты», деді. Бұл олардың иманын және бойсұнуын ғана арттырды

مِّنَ الْمُؤْمِنِينَ رِجَالٌ صَدَقُوا مَا عَاهَدُوا اللَّهَ عَلَيْهِ ۖ فَمِنْهُم مَّن قَضَىٰ نَحْبَهُ وَمِنْهُم مَّن يَنتَظِرُ ۖ وَمَا بَدَّلُوا تَبْدِيلًا(23)

 Имандылардан Аллаһқа берген серттерін адал ұстанатындар бар. Олардың кейбірі сертін орындады, ал кейбірі күтіп жүр. Олар серттерін еш өзгертпеді

لِّيَجْزِيَ اللَّهُ الصَّادِقِينَ بِصِدْقِهِمْ وَيُعَذِّبَ الْمُنَافِقِينَ إِن شَاءَ أَوْ يَتُوبَ عَلَيْهِمْ ۚ إِنَّ اللَّهَ كَانَ غَفُورًا رَّحِيمًا(24)

 Мұның барлығы Аллаһтың шын сөзділерге адалдықтары үшін қайтарым сый беруі, ал мұнафиқтарды Өз қалауы бойынша не жазалауы, не оларды Өзіне бойсұнуға қайтаруы тәубеге келтіруі үшін. Ақиқатында, Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді

وَرَدَّ اللَّهُ الَّذِينَ كَفَرُوا بِغَيْظِهِمْ لَمْ يَنَالُوا خَيْرًا ۚ وَكَفَى اللَّهُ الْمُؤْمِنِينَ الْقِتَالَ ۚ وَكَانَ اللَّهُ قَوِيًّا عَزِيزًا(25)

 Әрі Аллаһ күпірлік етушілерді мұсылманға қарсы одақтастарды ызаланған кейіптерінде Мединадан кері қайтарды және олар игілікке жете алмады. Әрі Аллаһ имандыларды мүміндерді шайқастан құтқарды. Аллаһ өте Күшті, бәрінен Үстем

وَأَنزَلَ الَّذِينَ ظَاهَرُوهُم مِّنْ أَهْلِ الْكِتَابِ مِن صَيَاصِيهِمْ وَقَذَفَ فِي قُلُوبِهِمُ الرُّعْبَ فَرِيقًا تَقْتُلُونَ وَتَأْسِرُونَ فَرِيقًا(26)

 Әрі Ол Кітап берілген қауымнан оларға одақтастарға көмек бергендерді қамалдарынан шығарды және олардың жүректеріне үрей салды. Сендер олардың бір тобын өлтіресіңдер, ал бір тобын тұтқынға аласыңдар

وَأَوْرَثَكُمْ أَرْضَهُمْ وَدِيَارَهُمْ وَأَمْوَالَهُمْ وَأَرْضًا لَّمْ تَطَئُوهَا ۚ وَكَانَ اللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرًا(27)

 Әрі Ол сендерге олардың жерін, үйлерін және мал-мүліктерін әрі өздерің аяқ баспаған жерлерді мұра етіп берді. Аллаһ барлық нәрсені Жасай алушы

يَا أَيُّهَا النَّبِيُّ قُل لِّأَزْوَاجِكَ إِن كُنتُنَّ تُرِدْنَ الْحَيَاةَ الدُّنْيَا وَزِينَتَهَا فَتَعَالَيْنَ أُمَتِّعْكُنَّ وَأُسَرِّحْكُنَّ سَرَاحًا جَمِيلًا(28)

 Ей, Пайғамбар! жұбайларыңа айт: «Егер сендер дүние тіршілігі мен оның сәнін қалайтын болсаңдар, онда бері келіңдер, сендерге пайдаланатын біраз дүние беріп, көркем түрде жіберейін

وَإِن كُنتُنَّ تُرِدْنَ اللَّهَ وَرَسُولَهُ وَالدَّارَ الْآخِرَةَ فَإِنَّ اللَّهَ أَعَدَّ لِلْمُحْسِنَاتِ مِنكُنَّ أَجْرًا عَظِيمًا(29)

 Ал егер Аллаһты, Оның Елшісін және мәңгілік соңғы өмір ақирет мекенін қаласаңдар, ақиқатында Аллаһ сендерден ықыласпен жақсылық істеуші әйелдерге ұлы сый Жәннат әзірлеген»,- деп

يَا نِسَاءَ النَّبِيِّ مَن يَأْتِ مِنكُنَّ بِفَاحِشَةٍ مُّبَيِّنَةٍ يُضَاعَفْ لَهَا الْعَذَابُ ضِعْفَيْنِ ۚ وَكَانَ ذَٰلِكَ عَلَى اللَّهِ يَسِيرًا(30)

 Ей, Пайғамбардың әйелдері! Сендерден кім жиіркенішті іс күнә істесе, оған азап екі есе арттырылады. бұл Аллаһқа жеңіл

۞ وَمَن يَقْنُتْ مِنكُنَّ لِلَّهِ وَرَسُولِهِ وَتَعْمَلْ صَالِحًا نُّؤْتِهَا أَجْرَهَا مَرَّتَيْنِ وَأَعْتَدْنَا لَهَا رِزْقًا كَرِيمًا(31)

 Ал, кім сендерден Аллаһқа және Оның Елшісіне бойсұнса әрі ізгі амал істесе, оның сыйын екі есе етіп береміз әрі оған құрметті ризық Жәннатты дайындадық

يَا نِسَاءَ النَّبِيِّ لَسْتُنَّ كَأَحَدٍ مِّنَ النِّسَاءِ ۚ إِنِ اتَّقَيْتُنَّ فَلَا تَخْضَعْنَ بِالْقَوْلِ فَيَطْمَعَ الَّذِي فِي قَلْبِهِ مَرَضٌ وَقُلْنَ قَوْلًا مَّعْرُوفًا(32)

 Ей, Пайғамбардың әйелдері! Сендер басқа әйелдердің бірі секілді емессіңдер. Егер тақуалық етсеңдер Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтансаңдар сөйлегендеріңде жұмсақ болмаңдар, өйткені ол олай сөйлесу жүрегінде дерті бар біреуге түрткі болып дәмелендіреді. Шариғатта құпталғанға сай сөз сөйлеңдер

وَقَرْنَ فِي بُيُوتِكُنَّ وَلَا تَبَرَّجْنَ تَبَرُّجَ الْجَاهِلِيَّةِ الْأُولَىٰ ۖ وَأَقِمْنَ الصَّلَاةَ وَآتِينَ الزَّكَاةَ وَأَطِعْنَ اللَّهَ وَرَسُولَهُ ۚ إِنَّمَا يُرِيدُ اللَّهُ لِيُذْهِبَ عَنكُمُ الرِّجْسَ أَهْلَ الْبَيْتِ وَيُطَهِّرَكُمْ تَطْهِيرًا(33)

 Әрі үйлеріңде отырыңдар және алдыңғы исламға дейінгі надандық кезеңінде ашық жүрген секілді ашылмаңдар көріктеріңді ашпаңдар .ШНамазды барлық шарттарын сақтап, беріле толық орындаңдар, зекетті беріңдер және Аллаһқа әрі Оның Елшісіне бойсұныңдар. Ей, Пайғамбардың үй іші! Аллаһ сендерден ластықты кетіруді және сендерді толық тазартуды ғана қалайды

وَاذْكُرْنَ مَا يُتْلَىٰ فِي بُيُوتِكُنَّ مِنْ آيَاتِ اللَّهِ وَالْحِكْمَةِ ۚ إِنَّ اللَّهَ كَانَ لَطِيفًا خَبِيرًا(34)

 Әрі үйлеріңде Аллаһтың аяттарынан және даналықтан оқылғанды еске алыңдар. Ақиқатында, Аллаһ өте Жұмсақ, Мейірбан, бәрінен Хабардар

إِنَّ الْمُسْلِمِينَ وَالْمُسْلِمَاتِ وَالْمُؤْمِنِينَ وَالْمُؤْمِنَاتِ وَالْقَانِتِينَ وَالْقَانِتَاتِ وَالصَّادِقِينَ وَالصَّادِقَاتِ وَالصَّابِرِينَ وَالصَّابِرَاتِ وَالْخَاشِعِينَ وَالْخَاشِعَاتِ وَالْمُتَصَدِّقِينَ وَالْمُتَصَدِّقَاتِ وَالصَّائِمِينَ وَالصَّائِمَاتِ وَالْحَافِظِينَ فُرُوجَهُمْ وَالْحَافِظَاتِ وَالذَّاكِرِينَ اللَّهَ كَثِيرًا وَالذَّاكِرَاتِ أَعَدَّ اللَّهُ لَهُم مَّغْفِرَةً وَأَجْرًا عَظِيمًا(35)

 Ақиқатында Мұсылман бойсұнушы ерлер және Мұсылман әйелдерге, мүмін иманды ерлер және мүмін әйелдерге, бағынушы ерлер және бағынушы әйелдерге, шын сөзді сөзін амалымен растаушы ерлер және шын сөзді әйелдерге, сабыр етуші ерлер және сабыр етуші әйелдерге, Аллаһқа беріле бойсұнушы ерлер және Аллаһқа беріле бойсұнушы әйелдерге, садақа беруші ерлер және садақа беруші әйелдерге, ораза тұтушы ерлер және ораза тұтушы әйелдерге, ұятты жерлерін еркектік пәктігін қорғаушы ерлер және әйелдік пәктігін қорғаушы әйелдерге, Аллаһты көп еске алушы ерлер және Аллаһты көп еске алушы әйелдерге Аллаһ кешірім әрі ұлы сый жәннатты дайындады

وَمَا كَانَ لِمُؤْمِنٍ وَلَا مُؤْمِنَةٍ إِذَا قَضَى اللَّهُ وَرَسُولُهُ أَمْرًا أَن يَكُونَ لَهُمُ الْخِيَرَةُ مِنْ أَمْرِهِمْ ۗ وَمَن يَعْصِ اللَّهَ وَرَسُولَهُ فَقَدْ ضَلَّ ضَلَالًا مُّبِينًا(36)

 Аллаһ және Оның Елшісі қашан бір іске үкім етсе, ешбір иманды ер мен иманды әйелге ол істі өз білгеніне, таңдауға салуына болмайды. Ал кім Аллаһқа және Оның Елшісіне бойсұнбаса, онда анық адасуға түсті

وَإِذْ تَقُولُ لِلَّذِي أَنْعَمَ اللَّهُ عَلَيْهِ وَأَنْعَمْتَ عَلَيْهِ أَمْسِكْ عَلَيْكَ زَوْجَكَ وَاتَّقِ اللَّهَ وَتُخْفِي فِي نَفْسِكَ مَا اللَّهُ مُبْدِيهِ وَتَخْشَى النَّاسَ وَاللَّهُ أَحَقُّ أَن تَخْشَاهُ ۖ فَلَمَّا قَضَىٰ زَيْدٌ مِّنْهَا وَطَرًا زَوَّجْنَاكَهَا لِكَيْ لَا يَكُونَ عَلَى الْمُؤْمِنِينَ حَرَجٌ فِي أَزْوَاجِ أَدْعِيَائِهِمْ إِذَا قَضَوْا مِنْهُنَّ وَطَرًا ۚ وَكَانَ أَمْرُ اللَّهِ مَفْعُولًا(37)

 Ей, Мұхаммед! Міне, кезінде сен Аллаһ оған игілік бергенге әрі өзің де игілік еткенге: «Әйелінді өзіңде ұста әрі Аллаһтан Оның тыйымдарынан қорқып, сақтан», дедің. Аллаһ саған уахи етіп анық білдіргенді ішіңде жасыруда әрі адамдардың дұрыс түсінбеуінен қорқуда едің. Алайда қорқуыңа бәрінен де Аллаһ лайықты. Зәйд ол әйелде одан қажетін бітірген онымен айрылысқан кезде, Біз сені оған Зәйнабқа үйлендірдік. бұл имандыларға мүміндерге , асырап алған балалары әйелдерінен қажетін аяқтаған айрылысқан кезде, Оларға қатысты ешбір айып болмауы үшін. Аллаһтың бұйрығы міндетті түрде орындалады

مَّا كَانَ عَلَى النَّبِيِّ مِنْ حَرَجٍ فِيمَا فَرَضَ اللَّهُ لَهُ ۖ سُنَّةَ اللَّهِ فِي الَّذِينَ خَلَوْا مِن قَبْلُ ۚ وَكَانَ أَمْرُ اللَّهِ قَدَرًا مَّقْدُورًا(38)

 Пайғамбарға Аллаһтың оған міндеттеген нәрсесінде еш айып жоқ. Бұл Аллаһтың бұрынғы өткендерге де қатысты жолы. Әрі Аллаһтың әмірі алдын ала белгіленген бір шешім

الَّذِينَ يُبَلِّغُونَ رِسَالَاتِ اللَّهِ وَيَخْشَوْنَهُ وَلَا يَخْشَوْنَ أَحَدًا إِلَّا اللَّهَ ۗ وَكَفَىٰ بِاللَّهِ حَسِيبًا(39)

 Олар пайғамбарлар Аллаһтың жібергенін жеткізетіндер әрі Аллаһтан ғана қорқып, Одан басқа ешкімнен қорықпайтындар. Ал, Аллаһ есеп жүргізуде жеткілікті

مَّا كَانَ مُحَمَّدٌ أَبَا أَحَدٍ مِّن رِّجَالِكُمْ وَلَٰكِن رَّسُولَ اللَّهِ وَخَاتَمَ النَّبِيِّينَ ۗ وَكَانَ اللَّهُ بِكُلِّ شَيْءٍ عَلِيمًا(40)

 Мұхаммед сендерден ешбір ер кісілердің әкесі емес, бірақ, Аллаһтың Елшісі әрі пайғамбарлардың соңы. Аллаһ барлық нәрсені Білуші

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اذْكُرُوا اللَّهَ ذِكْرًا كَثِيرًا(41)

 Ей, иманға келгендер! Аллаһты жиі-жиі, көп еске алыңдар

وَسَبِّحُوهُ بُكْرَةً وَأَصِيلًا(42)

 әрі таңертең және кешке Оны дәріптеңдер

هُوَ الَّذِي يُصَلِّي عَلَيْكُمْ وَمَلَائِكَتُهُ لِيُخْرِجَكُم مِّنَ الظُّلُمَاتِ إِلَى النُّورِ ۚ وَكَانَ بِالْمُؤْمِنِينَ رَحِيمًا(43)

 Ол сендерді қараңғылықтардан жарыққа шығару үшін сендерге мейірім етеді, әрі Оның періштелері де сендерге салауат айтады . Ол имандыларға ерекше Мейірімді

تَحِيَّتُهُمْ يَوْمَ يَلْقَوْنَهُ سَلَامٌ ۚ وَأَعَدَّ لَهُمْ أَجْرًا كَرِيمًا(44)

 Олардың Онымен Аллаһпен жолығатын күнгі амандасулары: «Сәлам Амандық болсын !» сөзі . Ол оларға көркем, мол сый дайындаған

يَا أَيُّهَا النَّبِيُّ إِنَّا أَرْسَلْنَاكَ شَاهِدًا وَمُبَشِّرًا وَنَذِيرًا(45)

 Ей, Пайғамбар! Біз сені куә, қуандырушы және ескертуші етіп жібердік

وَدَاعِيًا إِلَى اللَّهِ بِإِذْنِهِ وَسِرَاجًا مُّنِيرًا(46)

 Әрі Аллаһтың рұқсатымен Оған шақырушы және нұрлы жарық түсіруші шырақ етіп жібердік

وَبَشِّرِ الْمُؤْمِنِينَ بِأَنَّ لَهُم مِّنَ اللَّهِ فَضْلًا كَبِيرًا(47)

 Имандыларды мүміндерді олар үшін Аллаһтан үлкен кеңшілік бар екендігімен сүйіншіле

وَلَا تُطِعِ الْكَافِرِينَ وَالْمُنَافِقِينَ وَدَعْ أَذَاهُمْ وَتَوَكَّلْ عَلَى اللَّهِ ۚ وَكَفَىٰ بِاللَّهِ وَكِيلًا(48)

 Кәпірлерге және мұнафиқтарға бағынба және олардың тигізген зәбірлерін елеме, әрі Аллаһқа жүгініп, ісіңді Оған тапсыр тәуекел ет . Аллаһ сенім артылушы, қорғаушы Уакил ретінде жеткілікті

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِذَا نَكَحْتُمُ الْمُؤْمِنَاتِ ثُمَّ طَلَّقْتُمُوهُنَّ مِن قَبْلِ أَن تَمَسُّوهُنَّ فَمَا لَكُمْ عَلَيْهِنَّ مِنْ عِدَّةٍ تَعْتَدُّونَهَا ۖ فَمَتِّعُوهُنَّ وَسَرِّحُوهُنَّ سَرَاحًا جَمِيلًا(49)

 Ей, иманға келгендер! Сендер иманды әйелдерді некелеріңе алып, кейін Оларға қосылмай тұрып талақ берсеңдер, сендер үшін олардың міндетінде өздерің есептейтін ешқандай идда күту мерзімі жоқ. Оларға біраз дүние беріңдер де көркем түрде жіберіңдер

يَا أَيُّهَا النَّبِيُّ إِنَّا أَحْلَلْنَا لَكَ أَزْوَاجَكَ اللَّاتِي آتَيْتَ أُجُورَهُنَّ وَمَا مَلَكَتْ يَمِينُكَ مِمَّا أَفَاءَ اللَّهُ عَلَيْكَ وَبَنَاتِ عَمِّكَ وَبَنَاتِ عَمَّاتِكَ وَبَنَاتِ خَالِكَ وَبَنَاتِ خَالَاتِكَ اللَّاتِي هَاجَرْنَ مَعَكَ وَامْرَأَةً مُّؤْمِنَةً إِن وَهَبَتْ نَفْسَهَا لِلنَّبِيِّ إِنْ أَرَادَ النَّبِيُّ أَن يَسْتَنكِحَهَا خَالِصَةً لَّكَ مِن دُونِ الْمُؤْمِنِينَ ۗ قَدْ عَلِمْنَا مَا فَرَضْنَا عَلَيْهِمْ فِي أَزْوَاجِهِمْ وَمَا مَلَكَتْ أَيْمَانُهُمْ لِكَيْلَا يَكُونَ عَلَيْكَ حَرَجٌ ۗ وَكَانَ اللَّهُ غَفُورًا رَّحِيمًا(50)

 Ей, Пайғамбар! Біз сен үшін мәһрлерін берген жұбайларыңды, Аллаһ саған тарту етіп берген қол астындағы күңдеріңді әрі сенімен бірге қоныс аударғанәкеңнің аға-інілерінің қыздарын, әкеңнің әпке-қарындастарының қыздарын, анаңның аға-інілерінің қыздарын, анаңның әпке-сіңлілерінің қыздарын әйелдікке алуды рұқсат еттік. Сондай-ақ өзін Пайғамбарға мәһрсіз тарту еткен, иманды әйелді де, егер, пайғамбар оған үйленгісі келсе рұқсат еттік . Алайда бұл барлық имандыларға емес, тек саған ғана қатысты. Біз оларға иманға келгендерге әйелдеріне және қол астарындағы күңдеріне қатысты нені парыз еткенімізді білеміз. Бұл саған ешбір жайсыздықтың болмауы үшін рұқсат етілді . Аллаһ өте Кешірімді , ерекше Мейірімді

۞ تُرْجِي مَن تَشَاءُ مِنْهُنَّ وَتُؤْوِي إِلَيْكَ مَن تَشَاءُ ۖ وَمَنِ ابْتَغَيْتَ مِمَّنْ عَزَلْتَ فَلَا جُنَاحَ عَلَيْكَ ۚ ذَٰلِكَ أَدْنَىٰ أَن تَقَرَّ أَعْيُنُهُنَّ وَلَا يَحْزَنَّ وَيَرْضَيْنَ بِمَا آتَيْتَهُنَّ كُلُّهُنَّ ۚ وَاللَّهُ يَعْلَمُ مَا فِي قُلُوبِكُمْ ۚ وَكَانَ اللَّهُ عَلِيمًا حَلِيمًا(51)

 Сен жұбайларыңнан қалағаныңды кейінге қалдырып әрі өзің қалағанды жаныңа ала аласың. Кейін қалдырғандарыңнан кімді қаласаң да саған күнә жоқ. Бұл олардың көзайым болуына, қамықпауларына және барлығының да сенің тарту еткендеріңе риза болуларына ең жақыны. Аллаһ сендердің жүректеріңдегіні біледі. Аллаһ бәрін Білуші ’Алим , аса Ұстамды, Жұмсақ Халим

لَّا يَحِلُّ لَكَ النِّسَاءُ مِن بَعْدُ وَلَا أَن تَبَدَّلَ بِهِنَّ مِنْ أَزْوَاجٍ وَلَوْ أَعْجَبَكَ حُسْنُهُنَّ إِلَّا مَا مَلَكَتْ يَمِينُكَ ۗ وَكَانَ اللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ رَّقِيبًا(52)

 Бұдан кейін саған басқа әйелдерге үйлену және сұлулықтары таң қалдырса да оларды жұбайларыңның бірімен ауыстыруға біріне талақ беріп, орнына басқасын алуға рұқсат жоқ. Бірақ қол астыңдағы күңдерің бұдан тыс. Аллаһ барлық нәрсені Бақылаушы

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تَدْخُلُوا بُيُوتَ النَّبِيِّ إِلَّا أَن يُؤْذَنَ لَكُمْ إِلَىٰ طَعَامٍ غَيْرَ نَاظِرِينَ إِنَاهُ وَلَٰكِنْ إِذَا دُعِيتُمْ فَادْخُلُوا فَإِذَا طَعِمْتُمْ فَانتَشِرُوا وَلَا مُسْتَأْنِسِينَ لِحَدِيثٍ ۚ إِنَّ ذَٰلِكُمْ كَانَ يُؤْذِي النَّبِيَّ فَيَسْتَحْيِي مِنكُمْ ۖ وَاللَّهُ لَا يَسْتَحْيِي مِنَ الْحَقِّ ۚ وَإِذَا سَأَلْتُمُوهُنَّ مَتَاعًا فَاسْأَلُوهُنَّ مِن وَرَاءِ حِجَابٍ ۚ ذَٰلِكُمْ أَطْهَرُ لِقُلُوبِكُمْ وَقُلُوبِهِنَّ ۚ وَمَا كَانَ لَكُمْ أَن تُؤْذُوا رَسُولَ اللَّهِ وَلَا أَن تَنكِحُوا أَزْوَاجَهُ مِن بَعْدِهِ أَبَدًا ۚ إِنَّ ذَٰلِكُمْ كَانَ عِندَ اللَّهِ عَظِيمًا(53)

 Ей, иманға келгендер! Пайғамбардың үйлеріне кірмеңдер, тек өздеріңе тамақ жеуге рұқсат етілгенде болмаса, бірақ тамақтың дайын болуын күтіп, алдын ала кірмеңдер. Ал егер шақырылсаңдар, кіріңдер де тамақ жеп болсаңдар, әңгімені созбай дереу тарқаңдар. Бұларың Пайғамбарға жайсыздық тудырады, алайда ол сендерден ұялады. Ал, Аллаһ шындықтан оны түсіндіруден ұялмайды. Егер олардан әйелдерінен бір нәрсе сұрасаңдар, онда перденің арғы жағында тұрып сұраңдар. Осы сендердің жүректерің үшін әрі олардың жүректері үшін де ең тазасы. Сендерге Аллаһтың Елшісін ренжітулеріңе және одан кейін оның әйелдеріне ешқашан үйленулеріңе болмайды. Ақиқатында, бұлай етулерің Аллаһтың алдында өте үлкен күнә

إِن تُبْدُوا شَيْئًا أَوْ تُخْفُوهُ فَإِنَّ اللَّهَ كَانَ بِكُلِّ شَيْءٍ عَلِيمًا(54)

 Егер бір нәрсені әшкере етсеңдер де немесе оны жасырсаңдар да, әлбетте Аллаһ барлық нәрсені Білуші

لَّا جُنَاحَ عَلَيْهِنَّ فِي آبَائِهِنَّ وَلَا أَبْنَائِهِنَّ وَلَا إِخْوَانِهِنَّ وَلَا أَبْنَاءِ إِخْوَانِهِنَّ وَلَا أَبْنَاءِ أَخَوَاتِهِنَّ وَلَا نِسَائِهِنَّ وَلَا مَا مَلَكَتْ أَيْمَانُهُنَّ ۗ وَاتَّقِينَ اللَّهَ ۚ إِنَّ اللَّهَ كَانَ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ شَهِيدًا(55)

 Оларға пайғамбардың әйелдеріне әкелерінің, ұлдарының, аға-інілерінің, аға-інілерінің ұлдарының, әпке-сіңлілерінің балаларының, мұсылман әйелдері және қол астарындағы күндерінің алдында жамылғысыз жүрулерінде күнә жоқ. Тақуалық етіңдер Аллаһқа бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтаныңдар! Ақиқатында, Аллаһ әрбір нәрсеге куә

إِنَّ اللَّهَ وَمَلَائِكَتَهُ يُصَلُّونَ عَلَى النَّبِيِّ ۚ يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا صَلُّوا عَلَيْهِ وَسَلِّمُوا تَسْلِيمًا(56)

 Аллаһ Пайғамбарды мейіріміне бөлейді және Оның періштелері де оған жақсылықтар тілейді. Ей, иманға келгендер! Сендер де оған салауат айтыңдар және амандық тілеп сәлем беріңдер

إِنَّ الَّذِينَ يُؤْذُونَ اللَّهَ وَرَسُولَهُ لَعَنَهُمُ اللَّهُ فِي الدُّنْيَا وَالْآخِرَةِ وَأَعَدَّ لَهُمْ عَذَابًا مُّهِينًا(57)

 Анығында, Аллаһты және Оның Елшісін ренжіткендерді, Аллаһ бұл дүниеде және соңғы, мәңгілік өмірде ақиретте қарғысқа ұшыратты әрі оларға қорлаушы азап әзірледі

وَالَّذِينَ يُؤْذُونَ الْمُؤْمِنِينَ وَالْمُؤْمِنَاتِ بِغَيْرِ مَا اكْتَسَبُوا فَقَدِ احْتَمَلُوا بُهْتَانًا وَإِثْمًا مُّبِينًا(58)

 Ал, иманды ерлерді және иманды әйелдерді жазықсыз түрде ренжіткендер жала мен анық күнәні арқалайды

يَا أَيُّهَا النَّبِيُّ قُل لِّأَزْوَاجِكَ وَبَنَاتِكَ وَنِسَاءِ الْمُؤْمِنِينَ يُدْنِينَ عَلَيْهِنَّ مِن جَلَابِيبِهِنَّ ۚ ذَٰلِكَ أَدْنَىٰ أَن يُعْرَفْنَ فَلَا يُؤْذَيْنَ ۗ وَكَانَ اللَّهُ غَفُورًا رَّحِيمًا(59)

 Ей, Пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа және имандылардың әйелдеріне айт: жаулықтарын үстеріне түсіріп жапсын. Бұл олардың танылуына жақын. Сөйтіп олар қорлыққа ұшырамайды. Әрі Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді

۞ لَّئِن لَّمْ يَنتَهِ الْمُنَافِقُونَ وَالَّذِينَ فِي قُلُوبِهِم مَّرَضٌ وَالْمُرْجِفُونَ فِي الْمَدِينَةِ لَنُغْرِيَنَّكَ بِهِمْ ثُمَّ لَا يُجَاوِرُونَكَ فِيهَا إِلَّا قَلِيلًا(60)

 Егер мұнафиқтар әрі жүректерінде ауруы барлар және Мединада өсек тарататын арандатушылар тыйылмаса, сені оларға қарсы шығарамыз. Сонда олар онда Мединада сенімен бірге тек .аз-ақ уақыт тұрады

مَّلْعُونِينَ ۖ أَيْنَمَا ثُقِفُوا أُخِذُوا وَقُتِّلُوا تَقْتِيلًا(61)

 қарғысқа ұшыраған түрде. Олар сонда қай жерде табылмасын, ұсталып, өлімге кесіліп өлтіріледі

سُنَّةَ اللَّهِ فِي الَّذِينَ خَلَوْا مِن قَبْلُ ۖ وَلَن تَجِدَ لِسُنَّةِ اللَّهِ تَبْدِيلًا(62)

 Аллаһтың бұрынғы өткендерге де қатысты үкімі осы . Аллаһтың бекіткен үкіміне еш өзгеріс таппайсың

يَسْأَلُكَ النَّاسُ عَنِ السَّاعَةِ ۖ قُلْ إِنَّمَا عِلْمُهَا عِندَ اللَّهِ ۚ وَمَا يُدْرِيكَ لَعَلَّ السَّاعَةَ تَكُونُ قَرِيبًا(63)

 Ей, Мұхаммед! Адамдар сенен Сағат Есеп күні туралы сұрайды. Айт: «Оның білімі Аллаһта», деп. Қайдан білесің, мүмкін Сағат жақын шығар

إِنَّ اللَّهَ لَعَنَ الْكَافِرِينَ وَأَعَدَّ لَهُمْ سَعِيرًا(64)

 Ақиқатында, Аллаһ кәпірлерді лағнеттеді мейірімінен алыстатты және Саъирды (жалындаған от) әзірледі

خَالِدِينَ فِيهَا أَبَدًا ۖ لَّا يَجِدُونَ وَلِيًّا وَلَا نَصِيرًا(65)

 олар онда мәңгі қалады да, не қорғаушы, не көмек беруші таппайды

يَوْمَ تُقَلَّبُ وُجُوهُهُمْ فِي النَّارِ يَقُولُونَ يَا لَيْتَنَا أَطَعْنَا اللَّهَ وَأَطَعْنَا الرَّسُولَا(66)

 Сол күні беттері от ішінде аударылғанда олар: «Әттең, егер біз Аллаһқа бойсұнсақ және Елшіге бағынсақ еді!» дейді

وَقَالُوا رَبَّنَا إِنَّا أَطَعْنَا سَادَتَنَا وَكُبَرَاءَنَا فَأَضَلُّونَا السَّبِيلَا(67)

 олар: «Раббымыз! Біз басшыларымыз бен үлкендерімізге бағынған едік, олар бізді жолдан адастырды

رَبَّنَا آتِهِمْ ضِعْفَيْنِ مِنَ الْعَذَابِ وَالْعَنْهُمْ لَعْنًا كَبِيرًا(68)

 Раббымыз! Оларға азапты екі есе етіп бер және оларды үлкен лағнетке ұшырат», дейді

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تَكُونُوا كَالَّذِينَ آذَوْا مُوسَىٰ فَبَرَّأَهُ اللَّهُ مِمَّا قَالُوا ۚ وَكَانَ عِندَ اللَّهِ وَجِيهًا(69)

 Ей, иманға келгендер! Сендер Мұсаны ренжіткендер сияқты болмаңдар. Аллаһ оны олардың айтқандарына жалаларына қатысы жоқ екенін көрсетті. Ол Аллаһтың алдында қадірлі еді

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اتَّقُوا اللَّهَ وَقُولُوا قَوْلًا سَدِيدًا(70)

 Ей, иманға келгендер! Аллаһтан Оның жазасынан қорқып, сақтаныңдар және тура сөз сөйлеңдер

يُصْلِحْ لَكُمْ أَعْمَالَكُمْ وَيَغْفِرْ لَكُمْ ذُنُوبَكُمْ ۗ وَمَن يُطِعِ اللَّهَ وَرَسُولَهُ فَقَدْ فَازَ فَوْزًا عَظِيمًا(71)

 Сонда Ол амалдарыңды оңғарады әрі күнәларыңды кешіреді. Кім Аллаһқа және Оның Елшісіне бойсұнса, сол ұлы жетістікке жетті

إِنَّا عَرَضْنَا الْأَمَانَةَ عَلَى السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَالْجِبَالِ فَأَبَيْنَ أَن يَحْمِلْنَهَا وَأَشْفَقْنَ مِنْهَا وَحَمَلَهَا الْإِنسَانُ ۖ إِنَّهُ كَانَ ظَلُومًا جَهُولًا(72)

 Ақиқатында Біз аманатты аспандарға, жерге және тауларға ұсындық, сонда олар оны міндетіне алудан бас тартты және одан оны орындай алмауынан қорықты. Ал оны адам арқалады өз міндетіне алды ,- өйткені ол әділетсіз, надан жауапкерсіз

لِّيُعَذِّبَ اللَّهُ الْمُنَافِقِينَ وَالْمُنَافِقَاتِ وَالْمُشْرِكِينَ وَالْمُشْرِكَاتِ وَيَتُوبَ اللَّهُ عَلَى الْمُؤْمِنِينَ وَالْمُؤْمِنَاتِ ۗ وَكَانَ اللَّهُ غَفُورًا رَّحِيمًا(73)

 Осылай болуы! Аллаһтың мұнафиқ ерлерді және мұнафиқ әйелдерді әрі Аллаһқа серік қосушы ерлерді және серік қосушы әйелдерді азаптауы үшін, ал иманды ерлер және иманды әйелдердің істеген күнәсіне шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуын тәубесін қабыл етуі үшін . Әрі Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді


More surahs in Kazakh:


Al-Baqarah Al-'Imran An-Nisa'
Al-Ma'idah Yusuf Ibrahim
Al-Hijr Al-Kahf Maryam
Al-Hajj Al-Qasas Al-'Ankabut
As-Sajdah Ya Sin Ad-Dukhan
Al-Fath Al-Hujurat Qaf
An-Najm Ar-Rahman Al-Waqi'ah
Al-Hashr Al-Mulk Al-Haqqah
Al-Inshiqaq Al-A'la Al-Ghashiyah

Download surah Al-Ahzab with the voice of the most famous Quran reciters :

surah Al-Ahzab mp3 : choose the reciter to listen and download the chapter Al-Ahzab Complete with high quality
surah Al-Ahzab Ahmed El Agamy
Ahmed Al Ajmy
surah Al-Ahzab Bandar Balila
Bandar Balila
surah Al-Ahzab Khalid Al Jalil
Khalid Al Jalil
surah Al-Ahzab Saad Al Ghamdi
Saad Al Ghamdi
surah Al-Ahzab Saud Al Shuraim
Saud Al Shuraim
surah Al-Ahzab Abdul Basit Abdul Samad
Abdul Basit
surah Al-Ahzab Abdul Rashid Sufi
Abdul Rashid Sufi
surah Al-Ahzab Abdullah Basfar
Abdullah Basfar
surah Al-Ahzab Abdullah Awwad Al Juhani
Abdullah Al Juhani
surah Al-Ahzab Fares Abbad
Fares Abbad
surah Al-Ahzab Maher Al Muaiqly
Maher Al Muaiqly
surah Al-Ahzab Muhammad Siddiq Al Minshawi
Al Minshawi
surah Al-Ahzab Al Hosary
Al Hosary
surah Al-Ahzab Al-afasi
Mishari Al-afasi
surah Al-Ahzab Yasser Al Dosari
Yasser Al Dosari


Monday, November 18, 2024

لا تنسنا من دعوة صالحة بظهر الغيب