وَالصَّافَّاتِ صَفًّا(1) Ант етемін! Сап түзеп тұратындармен |
فَالزَّاجِرَاتِ زَجْرًا(2) және айдаған айдаушылармен |
فَالتَّالِيَاتِ ذِكْرًا(3) және Еске салушыны Құранды оқитындармен |
إِنَّ إِلَٰهَكُمْ لَوَاحِدٌ(4) Ақиқатында, сендердің құдайларың әл-Уахид Бір, жалғыз |
رَّبُّ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَمَا بَيْنَهُمَا وَرَبُّ الْمَشَارِقِ(5) Ол аспандар мен жердің және екеуінің арасында болғандардың Раббысы, әрі шығыстардың Раббысы |
إِنَّا زَيَّنَّا السَّمَاءَ الدُّنْيَا بِزِينَةٍ الْكَوَاكِبِ(6) Біз төменгі аспанды аспан денелерімен жұлдыз, ғаламшарлармен көріктендірдік |
وَحِفْظًا مِّن كُلِّ شَيْطَانٍ مَّارِدٍ(7) және оны барлық бойсұнбаушы шайтаннан сақтадық |
لَّا يَسَّمَّعُونَ إِلَى الْمَلَإِ الْأَعْلَىٰ وَيُقْذَفُونَ مِن كُلِّ جَانِبٍ(8) Олар жоғарыдағы топты тыңдай алмайды, сөйтіп олар жан-жақтан атқыланып |
دُحُورًا ۖ وَلَهُمْ عَذَابٌ وَاصِبٌ(9) қуылады. Әрі оларға тұрақты азап бар |
إِلَّا مَنْ خَطِفَ الْخَطْفَةَ فَأَتْبَعَهُ شِهَابٌ ثَاقِبٌ(10) Ал, кім тыңдап іліп алса, оның соңына отты ұшқын түседі |
فَاسْتَفْتِهِمْ أَهُمْ أَشَدُّ خَلْقًا أَم مَّنْ خَلَقْنَا ۚ إِنَّا خَلَقْنَاهُم مِّن طِينٍ لَّازِبٍ(11) Ей, Мұхаммед! Олардан сұра, оларды жарату қиын ба, әлде Біздің жаратқандарымызды ма? Анығында, Біз оларды жабысқақ лайдан жараттық |
بَلْ عَجِبْتَ وَيَسْخَرُونَ(12) Негізінде, сен таңғалдың, ал олар айтқандарыңды келеке етеді |
وَإِذَا ذُكِّرُوا لَا يَذْكُرُونَ(13) Әрі қашан естеріне салынса, олар естеріне алмайды |
وَإِذَا رَأَوْا آيَةً يَسْتَسْخِرُونَ(14) ал, егер бір белгіні көрсе, мазақ етеді |
وَقَالُوا إِنْ هَٰذَا إِلَّا سِحْرٌ مُّبِينٌ(15) Олар: «Бұл ап-анық сиқыр ғана |
أَإِذَا مِتْنَا وَكُنَّا تُرَابًا وَعِظَامًا أَإِنَّا لَمَبْعُوثُونَ(16) Біз өліп, топырақ пен сүйектерге айналған кезімізде қайтадан тірілтілеміз бе |
أَوَآبَاؤُنَا الْأَوَّلُونَ(17) Әрі біздің алдыңғы бабаларымыз да ма?» дейді |
قُلْ نَعَمْ وَأَنتُمْ دَاخِرُونَ(18) Ей, Мұхаммед! Айт: «Иә. Әрі сендер де қор болған күйлеріңде», деп |
فَإِنَّمَا هِيَ زَجْرَةٌ وَاحِدَةٌ فَإِذَا هُمْ يَنظُرُونَ(19) Шын мәнінде, ол бір дыбыс қана. Сонда олар қайта тіріліп қарап тұрады |
وَقَالُوا يَا وَيْلَنَا هَٰذَا يَوْمُ الدِّينِ(20) Олар: «Қап! Сорымыз құрысын! Бұл Есеп күні»,- дейді |
هَٰذَا يَوْمُ الْفَصْلِ الَّذِي كُنتُم بِهِ تُكَذِّبُونَ(21) Оларға!: «Міне, өздерің өтірік санап келген Айыру күні осы», делінеді |
۞ احْشُرُوا الَّذِينَ ظَلَمُوا وَأَزْوَاجَهُمْ وَمَا كَانُوا يَعْبُدُونَ(22) Аса ұлы Аллаһ періштелерге °: «Әділетсіз болғандарды және оларға ұқсағандарды және олардың табынғандарын жинаңдар |
مِن دُونِ اللَّهِ فَاهْدُوهُمْ إِلَىٰ صِرَاطِ الْجَحِيمِ(23) Аллаһтан өзге жалған құдайларын . Сөйтіп оларды Жахимның тозақтың жолына салыңдар |
وَقِفُوهُمْ ۖ إِنَّهُم مَّسْئُولُونَ(24) Әрі оларды тоқтатыңдар, өйткені олар сұраққа тартылады |
مَا لَكُمْ لَا تَنَاصَرُونَ(25) Оларға : «Сендерге не болды, неге бір-біріңе көмектеспейсіңдер?» делінеді |
بَلْ هُمُ الْيَوْمَ مُسْتَسْلِمُونَ(26) Әрине, олар бүгін бойсұнушы |
وَأَقْبَلَ بَعْضُهُمْ عَلَىٰ بَعْضٍ يَتَسَاءَلُونَ(27) Әрі олар бір-біріне қарап, сұрақ қояды |
قَالُوا إِنَّكُمْ كُنتُمْ تَأْتُونَنَا عَنِ الْيَمِينِ(28) Ерушілер : «Сендер бізге оң жағымыздан келуші едіңдер», -дейді |
قَالُوا بَل لَّمْ تَكُونُوا مُؤْمِنِينَ(29) Бастаушылары : «Жоқ! Сендер өздерің иманға келмедіңдер |
وَمَا كَانَ لَنَا عَلَيْكُم مِّن سُلْطَانٍ ۖ بَلْ كُنتُمْ قَوْمًا طَاغِينَ(30) Әрі сендерге біздің билігіміз болған жоқ. Негізінде, сендер шектен шыққан адамдар едіңдер |
فَحَقَّ عَلَيْنَا قَوْلُ رَبِّنَا ۖ إِنَّا لَذَائِقُونَ(31) Енді Раббымыздың бізге қатысты Сөзі орындалды. Күмәнісіз, жазаны татамыз |
فَأَغْوَيْنَاكُمْ إِنَّا كُنَّا غَاوِينَ(32) Иә, Біз сендерді адастырдық, өйткені өзіміз де адасуда едік», дейді |
فَإِنَّهُمْ يَوْمَئِذٍ فِي الْعَذَابِ مُشْتَرِكُونَ(33) Әрі сол күні олар азапта бірге болады |
إِنَّا كَذَٰلِكَ نَفْعَلُ بِالْمُجْرِمِينَ(34) Ақиқатында, Біз қылмыскерлерге осылай істейміз |
إِنَّهُمْ كَانُوا إِذَا قِيلَ لَهُمْ لَا إِلَٰهَ إِلَّا اللَّهُ يَسْتَكْبِرُونَ(35) Өйткені оларға: «Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ», деп айтылған кезде, олар менменсіп, өздерін жоғары қоятын |
وَيَقُولُونَ أَئِنَّا لَتَارِكُو آلِهَتِنَا لِشَاعِرٍ مَّجْنُونٍ(36) әрі олар: «Біз жын соққан бір ақынға бола құдайларымызды тастайық па?» -дейтін |
بَلْ جَاءَ بِالْحَقِّ وَصَدَّقَ الْمُرْسَلِينَ(37) Жоқ, олай емес! Ол ақиқатпен келді және алдыңғы елшілердің хақтығын растады |
إِنَّكُمْ لَذَائِقُو الْعَذَابِ الْأَلِيمِ(38) Сендер міндетті түрде қинаушы азапты татасыңдар |
وَمَا تُجْزَوْنَ إِلَّا مَا كُنتُمْ تَعْمَلُونَ(39) Әрі сендерге тек, істеп өткен амалдарыңның қайтарымы беріледі |
إِلَّا عِبَادَ اللَّهِ الْمُخْلَصِينَ(40) Ал, Аллаһтың тазартылған құлдары басқа |
أُولَٰئِكَ لَهُمْ رِزْقٌ مَّعْلُومٌ(41) Міне, соларға белгілі ризық бар |
فَوَاكِهُ ۖ وَهُم مُّكْرَمُونَ(42) сан түрлі жемістер, әрі олар құрметке бөленеді |
فِي جَنَّاتِ النَّعِيمِ(43) Наъим (Жәннаттың аты. Мағрасы көптеген нығмет, игілік) бақтарында |
عَلَىٰ سُرُرٍ مُّتَقَابِلِينَ(44) көтеріңкі орындарда бір-біріне қарама-қарсы отырады |
يُطَافُ عَلَيْهِم بِكَأْسٍ مِّن مَّعِينٍ(45) Оларды бұлақтан толтырылған кеселермен айналып жүреді |
بَيْضَاءَ لَذَّةٍ لِّلشَّارِبِينَ(46) аппақ әрі ішушілер үшін ләззатты |
لَا فِيهَا غَوْلٌ وَلَا هُمْ عَنْهَا يُنزَفُونَ(47) Одан іш ауырмайды әрі одан олар ақыл-естерін жоғалтпайды |
وَعِندَهُمْ قَاصِرَاتُ الطَّرْفِ عِينٌ(48) Әрі олардың жанында көздерін қорғайтын, жанарлары үлкен қыздар бар |
كَأَنَّهُنَّ بَيْضٌ مَّكْنُونٌ(49) Әрі олар бейне бір аялап қорғалған жұмыртқадай |
فَأَقْبَلَ بَعْضُهُمْ عَلَىٰ بَعْضٍ يَتَسَاءَلُونَ(50) Олар жәннаттықтар бір-біріне қарап сұрасады |
قَالَ قَائِلٌ مِّنْهُمْ إِنِّي كَانَ لِي قَرِينٌ(51) Олардың біреуі: «Менің бір жолдасым бар еді |
يَقُولُ أَإِنَّكَ لَمِنَ الْمُصَدِّقِينَ(52) Ол маған: «Сен қайта тірілуді! шын деп сенушілерденсің бе |
أَإِذَا مِتْنَا وَكُنَّا تُرَابًا وَعِظَامًا أَإِنَّا لَمَدِينُونَ(53) Біз өліп топырақ пен сүйектерге айналған кезімізде есеп беріп жазаға тартыламыз ба?» дейтін |
قَالَ هَلْ أَنتُم مُّطَّلِعُونَ(54) Сендер оны көріп тұрған жоқсындар ма?»- деп жанындағылардан сұрайды |
فَاطَّلَعَ فَرَآهُ فِي سَوَاءِ الْجَحِيمِ(55) Сонда өзі қарап, оны Жахимның ортасында көреді |
قَالَ تَاللَّهِ إِن كِدتَّ لَتُرْدِينِ(56) Ол: «Аллаһпен ант етейін, сәл болмағанда сен мені құрта жаздадың |
وَلَوْلَا نِعْمَةُ رَبِّي لَكُنتُ مِنَ الْمُحْضَرِينَ(57) Раббымның игілігі болмағанда, мен тозаққа келтірілгендерден болар едім», -дейді |
أَفَمَا نَحْنُ بِمَيِّتِينَ(58) Жәннаттықтар : «Біз өлмейміз бе |
إِلَّا مَوْتَتَنَا الْأُولَىٰ وَمَا نَحْنُ بِمُعَذَّبِينَ(59) дүниедегі бірінші өлімімізден басқа. Әрі біз жазаға тартылмаймыз ба?» дейді |
إِنَّ هَٰذَا لَهُوَ الْفَوْزُ الْعَظِيمُ(60) Шын мәнінде, бұл ұлы табыс жетістік, игілік |
لِمِثْلِ هَٰذَا فَلْيَعْمَلِ الْعَامِلُونَ(61) Амал етушілер, міне, осы секілді ұлы игілік үшін амал етсін |
أَذَٰلِكَ خَيْرٌ نُّزُلًا أَمْ شَجَرَةُ الزَّقُّومِ(62) Сый-сияпат ретінде осы Жәннат жақсы ма, әлде тозақтағы заққұм ағашы ма |
إِنَّا جَعَلْنَاهَا فِتْنَةً لِّلظَّالِمِينَ(63) Анығында, Біз оны заққұмды әділетсіздер үшін сынақ еттік |
إِنَّهَا شَجَرَةٌ تَخْرُجُ فِي أَصْلِ الْجَحِيمِ(64) Ол Жахим тозағының түбінен өсетін бір ағаш |
طَلْعُهَا كَأَنَّهُ رُءُوسُ الشَّيَاطِينِ(65) Оның жемістері шайтандардың бастары секілді өте ұсқынсыз |
فَإِنَّهُمْ لَآكِلُونَ مِنْهَا فَمَالِئُونَ مِنْهَا الْبُطُونَ(66) Ал, олар одан жейді әрі онымен қарындарын толтырады |
ثُمَّ إِنَّ لَهُمْ عَلَيْهَا لَشَوْبًا مِّنْ حَمِيمٍ(67) Содан кейін оларға оның үстінен қайнап тұрған су араластырылып беріледі |
ثُمَّ إِنَّ مَرْجِعَهُمْ لَإِلَى الْجَحِيمِ(68) Кейін олардың әділетсіздердің қайтар жерлері Жахим |
إِنَّهُمْ أَلْفَوْا آبَاءَهُمْ ضَالِّينَ(69) Ақиқатында, олар аталарын адасқан күйлерінде тапты |
فَهُمْ عَلَىٰ آثَارِهِمْ يُهْرَعُونَ(70) әрі өздері де олардың аталарының іздерінен асығыс жүгіруде |
وَلَقَدْ ضَلَّ قَبْلَهُمْ أَكْثَرُ الْأَوَّلِينَ(71) Негізінде оларға дейін де алдыңғылардың көбі адасқан еді |
وَلَقَدْ أَرْسَلْنَا فِيهِم مُّنذِرِينَ(72) Біз оларға ескертетін ескертушілерді пайғамбарлар жібердік |
فَانظُرْ كَيْفَ كَانَ عَاقِبَةُ الْمُنذَرِينَ(73) Ей, Мұхаммед! Ал, енді ескертілгендердің соңы қалай болғанына назар сал |
إِلَّا عِبَادَ اللَّهِ الْمُخْلَصِينَ(74) тек Аллаһтың тазартқан құлдарынан басқаларының |
وَلَقَدْ نَادَانَا نُوحٌ فَلَنِعْمَ الْمُجِيبُونَ(75) Ақиқатында, Нұх Бізге жалбарына үн қатты, Біз қандай жақсы жауап қайтарушымыз |
وَنَجَّيْنَاهُ وَأَهْلَهُ مِنَ الْكَرْبِ الْعَظِيمِ(76) Әрі Біз оны және оның үй ішін өте үлкен қайғыдан құтқардық |
وَجَعَلْنَا ذُرِّيَّتَهُ هُمُ الْبَاقِينَ(77) Әрі оның ұрпағын қалушылар еттік қалдырдық |
وَتَرَكْنَا عَلَيْهِ فِي الْآخِرِينَ(78) Ол жайлы кейінгілердің арасында ізгі сөз қалдырдық |
سَلَامٌ عَلَىٰ نُوحٍ فِي الْعَالَمِينَ(79) Әлемдердің ішінде Нұхқа сәлем |
إِنَّا كَذَٰلِكَ نَجْزِي الْمُحْسِنِينَ(80) Күмәнсіз, Біз жақсылықты ықыласпен істеушілерге сыйын осылай береміз |
إِنَّهُ مِنْ عِبَادِنَا الْمُؤْمِنِينَ(81) Шын мәнінде, ол Біздің иманды мүмін құлдарымыздан |
ثُمَّ أَغْرَقْنَا الْآخَرِينَ(82) Кейін басқаларды суға батырдық |
۞ وَإِنَّ مِن شِيعَتِهِ لَإِبْرَاهِيمَ(83) Әрі шын мәнінде, Ибраһим де оның жолындағылардан еді |
إِذْ جَاءَ رَبَّهُ بِقَلْبٍ سَلِيمٍ(84) Ол Раббысына сау жүрекпен келді |
إِذْ قَالَ لِأَبِيهِ وَقَوْمِهِ مَاذَا تَعْبُدُونَ(85) Ол әкесіне әрі еліне: «Сендер не нәрсеге табынасыңдар |
أَئِفْكًا آلِهَةً دُونَ اللَّهِ تُرِيدُونَ(86) Сендер Аллаһтан өзге, ойдан құрастырылған құдайларды қалайсыңдар ма |
فَمَا ظَنُّكُم بِرَبِّ الْعَالَمِينَ(87) Әлемдердің Раббысы жайында не ойлайсыңдар?» деді |
فَنَظَرَ نَظْرَةً فِي النُّجُومِ(88) Сөйтіп, ол жұлдыздарға бір қарап көз тастады да |
فَقَالَ إِنِّي سَقِيمٌ(89) «Мен ауырып тұрмын», деді |
فَتَوَلَّوْا عَنْهُ مُدْبِرِينَ(90) Сонда олар одан бұрылып кетті |
فَرَاغَ إِلَىٰ آلِهَتِهِمْ فَقَالَ أَلَا تَأْكُلُونَ(91) Ал, ол олардың құдайларына пұттарына жасырына келіп: «Сендер жемейсіңдер ме |
مَا لَكُمْ لَا تَنطِقُونَ(92) Сендерге не болды, неге сөйлемейсіңдер?» деді |
فَرَاغَ عَلَيْهِمْ ضَرْبًا بِالْيَمِينِ(93) Сөйтіп, ол оларды оң қолымен ұруға кірісті |
فَأَقْبَلُوا إِلَيْهِ يَزِفُّونَ(94) Сонда олар қауымы оған асығып келді |
قَالَ أَتَعْبُدُونَ مَا تَنْحِتُونَ(95) Ол Ибраһим : «Сендер, өздерің қашап жасағандарыңа табынасыңдар ма |
وَاللَّهُ خَلَقَكُمْ وَمَا تَعْمَلُونَ(96) Ал Аллаһ сендерді де, сендердің жасап жатқандарыңды да жаратқан», деді |
قَالُوا ابْنُوا لَهُ بُنْيَانًا فَأَلْقُوهُ فِي الْجَحِيمِ(97) Олар: «Оған бір құрылыс құрып, оны отқа лақтырыңдар», деді |
فَأَرَادُوا بِهِ كَيْدًا فَجَعَلْنَاهُمُ الْأَسْفَلِينَ(98) Әрі олар оған бір айла жасағылары келді, бірақ Біз оларды ең төменгілерден еттік |
وَقَالَ إِنِّي ذَاهِبٌ إِلَىٰ رَبِّي سَيَهْدِينِ(99) Оттан аман шыққан соң Ибраһим : «Мен өзімнің Раббыма барамын, Ол мені тура жолмен жүргізеді |
رَبِّ هَبْ لِي مِنَ الصَّالِحِينَ(100) Раббым! Маған ізгілерден тарту ет», деді |
فَبَشَّرْنَاهُ بِغُلَامٍ حَلِيمٍ(101) Сонда Біз оны өте ұстамды бір ұлмен сүйіншіледік |
فَلَمَّا بَلَغَ مَعَهُ السَّعْيَ قَالَ يَا بُنَيَّ إِنِّي أَرَىٰ فِي الْمَنَامِ أَنِّي أَذْبَحُكَ فَانظُرْ مَاذَا تَرَىٰ ۚ قَالَ يَا أَبَتِ افْعَلْ مَا تُؤْمَرُ ۖ سَتَجِدُنِي إِن شَاءَ اللَّهُ مِنَ الصَّابِرِينَ(102) Ол ұлы оның өзімен бірге жүріп, әрекет етуге жеткен кезде, ол: «Әй, балам! Мен түсімде сені құрбандыққа шалып жатқанымды көремін. Байқап қарашы, сен не ойлайсың?» деді. Ол: «Әкешім! Өзіңе бұйырылғанды орында. Аллаһ қаласа, мені сабырлылардан табасың», деді |
فَلَمَّا أَسْلَمَا وَتَلَّهُ لِلْجَبِينِ(103) Сөйтіп, екеуі де бойсұнып, ол оны маңдайын жерге тигізіп жатқызған кезде |
وَنَادَيْنَاهُ أَن يَا إِبْرَاهِيمُ(104) Біз үн қатып: «Ей, Ибраһим |
قَدْ صَدَّقْتَ الرُّؤْيَا ۚ إِنَّا كَذَٰلِكَ نَجْزِي الْمُحْسِنِينَ(105) Сен түсіңде көргеніңді растап, орындадың»,-дедік. жақсылықты ықыласпен істеушілерге қайтарым сыйын Біз осылай береміз |
إِنَّ هَٰذَا لَهُوَ الْبَلَاءُ الْمُبِينُ(106) Ақиқатында, бұл анық сынақ |
وَفَدَيْنَاهُ بِذِبْحٍ عَظِيمٍ(107) Әрі Біз оның орнына ұлы құрбандық бердік |
وَتَرَكْنَا عَلَيْهِ فِي الْآخِرِينَ(108) Әрі кейінгілердің арасында ол жайлы игі дұға-салауат қалдырдық |
سَلَامٌ عَلَىٰ إِبْرَاهِيمَ(109) Ибраһимге сәлем амандық болсын |
كَذَٰلِكَ نَجْزِي الْمُحْسِنِينَ(110) Біз жақсылықты ықыласпен істеушілердің сыйын осылай береміз |
إِنَّهُ مِنْ عِبَادِنَا الْمُؤْمِنِينَ(111) Шын мәнінде, ол Біздің иманды мүмін құлдарымыздан |
وَبَشَّرْنَاهُ بِإِسْحَاقَ نَبِيًّا مِّنَ الصَّالِحِينَ(112) Әрі Біз оны Исхақпен ізгілердің қатарындағы пайғамбармен сүйіншіледік |
وَبَارَكْنَا عَلَيْهِ وَعَلَىٰ إِسْحَاقَ ۚ وَمِن ذُرِّيَّتِهِمَا مُحْسِنٌ وَظَالِمٌ لِّنَفْسِهِ مُبِينٌ(113) Әрі Біз оған және Исхаққа береке дарыттық. Ол екеуінің ұрпақтарының ішінде игілік істеушілер бар, сондай-ақ, өзіне-өзі анық әділетсіздік етуші де бар |
وَلَقَدْ مَنَنَّا عَلَىٰ مُوسَىٰ وَهَارُونَ(114) Әрі Біз Мұса мен Һарұнға да игілік жасадық |
وَنَجَّيْنَاهُمَا وَقَوْمَهُمَا مِنَ الْكَرْبِ الْعَظِيمِ(115) Әрі ол екеуін және олардың елін үлкен қайғы-қасіреттен құтқардық |
وَنَصَرْنَاهُمْ فَكَانُوا هُمُ الْغَالِبِينَ(116) және Біз оларға көмек беріп, олар жеңіске жетті |
وَآتَيْنَاهُمَا الْكِتَابَ الْمُسْتَبِينَ(117) Әрі Біз екеуіне анық Кітапты Тәуратты бердік |
وَهَدَيْنَاهُمَا الصِّرَاطَ الْمُسْتَقِيمَ(118) және екеуін тура жолмен жүргіздік |
وَتَرَكْنَا عَلَيْهِمَا فِي الْآخِرِينَ(119) Әрі Біз ол екеуі жайлы кейінгілердің арасында жақсы сөз қалдырдық |
سَلَامٌ عَلَىٰ مُوسَىٰ وَهَارُونَ(120) Мұса мен Һарұнға сәлем амандық |
إِنَّا كَذَٰلِكَ نَجْزِي الْمُحْسِنِينَ(121) Ақиқатында, Біз жақсылықты ықыласпен істеушілердің сыйын осылай береміз |
إِنَّهُمَا مِنْ عِبَادِنَا الْمُؤْمِنِينَ(122) Күмәнсіз, ол екеуі Біздің иманды мүмін құлдарымыздан |
وَإِنَّ إِلْيَاسَ لَمِنَ الْمُرْسَلِينَ(123) Әрі шын мәнінде, Ілияс та жіберілгендерден |
إِذْ قَالَ لِقَوْمِهِ أَلَا تَتَّقُونَ(124) Кезінде ол еліне: « Аллаһтан қорқып, сақтанбайсыңдар ма |
أَتَدْعُونَ بَعْلًا وَتَذَرُونَ أَحْسَنَ الْخَالِقِينَ(125) Сендер Бәълға пұтқа жалбарынып, ең жақсы Жаратушыларыңды тастайсыңдар ма |
اللَّهَ رَبَّكُمْ وَرَبَّ آبَائِكُمُ الْأَوَّلِينَ(126) өздеріңнің Раббың әрі бұрынғы ата-бабаларыңның Раббысы болған Аллаһты?» деді |
فَكَذَّبُوهُ فَإِنَّهُمْ لَمُحْضَرُونَ(127) Сонда олар оны өтірікшіге шығарды, енді олар міндетті түрде тозаққа келтіріледі |
إِلَّا عِبَادَ اللَّهِ الْمُخْلَصِينَ(128) тек Аллаһтың тазартқан құлдарынан басқалары |
وَتَرَكْنَا عَلَيْهِ فِي الْآخِرِينَ(129) Әрі Біз ол жайлы кейінгілердің арасында жақсы сөз қалдырдық |
سَلَامٌ عَلَىٰ إِلْ يَاسِينَ(130) Ілиясинге сәлем |
إِنَّا كَذَٰلِكَ نَجْزِي الْمُحْسِنِينَ(131) Күмәнсіз, Біз жақсылықты ықыласпен істеушілердің сыйын осылай береміз |
إِنَّهُ مِنْ عِبَادِنَا الْمُؤْمِنِينَ(132) Шын мәнінде, ол Біздің иманды мүмін құлдарымыздан |
وَإِنَّ لُوطًا لَّمِنَ الْمُرْسَلِينَ(133) Сөзсіз, Лұт та жіберілгендерден |
إِذْ نَجَّيْنَاهُ وَأَهْلَهُ أَجْمَعِينَ(134) Біз оны және оның үй ішінің барлығын құтқардық |
إِلَّا عَجُوزًا فِي الْغَابِرِينَ(135) тек қалушылардан болған бір кемпірден басқа |
ثُمَّ دَمَّرْنَا الْآخَرِينَ(136) Содан кейін басқаларын жойып жібердік |
وَإِنَّكُمْ لَتَمُرُّونَ عَلَيْهِم مُّصْبِحِينَ(137) Әрі сендер олардың жанынан таңертең өтесіңдер |
وَبِاللَّيْلِ ۗ أَفَلَا تَعْقِلُونَ(138) және түнде де. Ақылдарыңды істетіп, ұғынбайсыңдар ма |
وَإِنَّ يُونُسَ لَمِنَ الْمُرْسَلِينَ(139) Йунус та жіберілгендерден |
إِذْ أَبَقَ إِلَى الْفُلْكِ الْمَشْحُونِ(140) Кезінде ол лық толы болған кемеге қашқан еді |
فَسَاهَمَ فَكَانَ مِنَ الْمُدْحَضِينَ(141) Содан жеребе тартып, жеңілгендерден болды |
فَالْتَقَمَهُ الْحُوتُ وَهُوَ مُلِيمٌ(142) Сөйтіп оны жазғырылуға лайық болған күйінде кит жұтты |
فَلَوْلَا أَنَّهُ كَانَ مِنَ الْمُسَبِّحِينَ(143) Егер де ол Аллаһты кемшіліктен пәк деп дәріптеушілерден болмағанда |
لَلَبِثَ فِي بَطْنِهِ إِلَىٰ يَوْمِ يُبْعَثُونَ(144) оның киттің ішінде қайта тірілтілетін күнге дейін қалған болар еді |
۞ فَنَبَذْنَاهُ بِالْعَرَاءِ وَهُوَ سَقِيمٌ(145) Сонда Біз оны ашық жерге шығарып тастадық.Ал, ол әлсіз еді |
وَأَنبَتْنَا عَلَيْهِ شَجَرَةً مِّن يَقْطِينٍ(146) Әрі Біз оның үстіне оған иақтийн өсімдігін өсірдік |
وَأَرْسَلْنَاهُ إِلَىٰ مِائَةِ أَلْفٍ أَوْ يَزِيدُونَ(147) Әрі Біз оны жүз мың немесе одан да көпке жібердік |
فَآمَنُوا فَمَتَّعْنَاهُمْ إِلَىٰ حِينٍ(148) Олар иманға келді. Сонда Біз оларды бір мерзімге дейін пайдаландырдық |
فَاسْتَفْتِهِمْ أَلِرَبِّكَ الْبَنَاتُ وَلَهُمُ الْبَنُونَ(149) Олардан мүшріктерден сұра, шынымен-ақ сенің Раббыңа қыздар, ал оларға ұлдар ма |
أَمْ خَلَقْنَا الْمَلَائِكَةَ إِنَاثًا وَهُمْ شَاهِدُونَ(150) Әлде Біз періштелерді әйел етіп жаратып, олар оны көріп куә болды ма |
أَلَا إِنَّهُم مِّنْ إِفْكِهِمْ لَيَقُولُونَ(151) Біліңдер! Олар ойларынан шығарған жаласын айтады |
وَلَدَ اللَّهُ وَإِنَّهُمْ لَكَاذِبُونَ(152) «Аллаһ туды», деп. Олар сөзсіз, өтірік айтушылар |
أَصْطَفَى الْبَنَاتِ عَلَى الْبَنِينَ(153) Ол ұлдарға қарағанда қыздарды таңдады ма |
مَا لَكُمْ كَيْفَ تَحْكُمُونَ(154) Сендерге не болды, қалай шешім шығарасыңдар |
أَفَلَا تَذَكَّرُونَ(155) Естеріңе түсірмейсіңдер ме |
أَمْ لَكُمْ سُلْطَانٌ مُّبِينٌ(156) Әлде сендерде анық дәлел бар ма |
فَأْتُوا بِكِتَابِكُمْ إِن كُنتُمْ صَادِقِينَ(157) Егер шын сөзді болсаңдар, кітаптарыңды әкеліңдер |
وَجَعَلُوا بَيْنَهُ وَبَيْنَ الْجِنَّةِ نَسَبًا ۚ وَلَقَدْ عَلِمَتِ الْجِنَّةُ إِنَّهُمْ لَمُحْضَرُونَ(158) Олар серік қосушылар Онымен Аллаһпен жындардың арасында туыстық байланыс бар деп ұйғарды. Ал жындар болса өздерінің есеп беруге келтірілетінін білді |
سُبْحَانَ اللَّهِ عَمَّا يَصِفُونَ(159) Аллаһ олардың таңған сипаттарынан жапқан жалаларынан пәк |
إِلَّا عِبَادَ اللَّهِ الْمُخْلَصِينَ(160) тек Аллаһтың тазартқан құлдары ғана басқа ондайдан аулақ |
فَإِنَّكُمْ وَمَا تَعْبُدُونَ(161) Ал, сендер және сендердің табынғандарың |
مَا أَنتُمْ عَلَيْهِ بِفَاتِنِينَ(162) Оған Аллаһқа қатысты ешкімді де бүлікке сала алмайсыңдар |
إِلَّا مَنْ هُوَ صَالِ الْجَحِيمِ(163) тек Жахимда (Тозақта) жанатындарды ғана бүлікке түсіре аласыңдар |
وَمَا مِنَّا إِلَّا لَهُ مَقَامٌ مَّعْلُومٌ(164) Періштелер : «Бізден орны белгілі болмаған ешкім жоқ |
وَإِنَّا لَنَحْنُ الصَّافُّونَ(165) Ақиқатында, біз қатарланып тұрушымыз |
وَإِنَّا لَنَحْنُ الْمُسَبِّحُونَ(166) Әрі біз Аллаһты кемшіліктерден пәк деп дәріптеушіміз», дейді |
وَإِن كَانُوا لَيَقُولُونَ(167) Ал, олар Мекке мүшріктері кезінде |
لَوْ أَنَّ عِندَنَا ذِكْرًا مِّنَ الْأَوَّلِينَ(168) «Егер де бізде әуелгілерден бір «Еске салу» болғанда |
لَكُنَّا عِبَادَ اللَّهِ الْمُخْلَصِينَ(169) онда біз де Аллаһтың таңдалған құлдарынан болар едік», деп айтатын еді |
فَكَفَرُوا بِهِ ۖ فَسَوْفَ يَعْلَمُونَ(170) Алайда, олар оған Елшіге күпірлік етті сенбеді . Енді олар жақын арада біледі |
وَلَقَدْ سَبَقَتْ كَلِمَتُنَا لِعِبَادِنَا الْمُرْسَلِينَ(171) Әрі Біздің Сөзіміз Елші етіп жіберілген құлдарымызға алдын ала бекітіліп қойылған |
إِنَّهُمْ لَهُمُ الْمَنصُورُونَ(172) Оларға сөзсіз көмек берілетіні |
وَإِنَّ جُندَنَا لَهُمُ الْغَالِبُونَ(173) және Біздің әскеріміздің жеңетіні туралы |
فَتَوَلَّ عَنْهُمْ حَتَّىٰ حِينٍ(174) Ей, Мұхаммед! Олардан мүшріктерден бір уақытқа дейін жүзіңді бүр |
وَأَبْصِرْهُمْ فَسَوْفَ يُبْصِرُونَ(175) әрі Оларға қара, жақында олар азапты көреді |
أَفَبِعَذَابِنَا يَسْتَعْجِلُونَ(176) Олар Біздің азабымыздың тез болуын талап ете ме |
فَإِذَا نَزَلَ بِسَاحَتِهِمْ فَسَاءَ صَبَاحُ الْمُنذَرِينَ(177) Ал, ол азап олардың есіктерінің алдына түскен кезде, ескертілгендердің таңы қандай жаман болады |
وَتَوَلَّ عَنْهُمْ حَتَّىٰ حِينٍ(178) Ей, Мұхаммед! Олардан мүшріктерден бір уақытқа дейін жүзіңді бүр |
وَأَبْصِرْ فَسَوْفَ يُبْصِرُونَ(179) және қара, жақында олар азапты көреді |
سُبْحَانَ رَبِّكَ رَبِّ الْعِزَّةِ عَمَّا يَصِفُونَ(180) Сенің Раббың үстемдік Раббысы Иесі олардың сипаттағандарынан пәк |
وَسَلَامٌ عَلَى الْمُرْسَلِينَ(181) Әрі елшілерге сәлем амандық |
وَالْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ(182) Барлық мақтау Әлемдердің Раббысы Аллаһқа |